Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Патриоттық тәрбие

Отаншылдық Отанға деген махаббатты сәулелендіреді, тарихымен, мәдениетімен, жетістіктерімен, өзекті мәселелерімен , азаматтық көзқарасты қалыптастырады , Отанға қызмет етуді мақсатқа алады.

Жаңашыл мектепте тұлғаны әлеуметтік, азаматтық және рухани дамытуда патриоттық сезім мен халықаралық қатынастарды қалыптастыру тәрбие үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады. Отанға деген ыстық махаббат тек отаншылдықтың көтеріңкі сезімі мен ұлттық құндылықтардың негізінде нығайа түседі, еліңнің кұдіреттілігіне , абырой мен егемендігіне, рухани әрі мәдени құндылықтардың сақталуына жауапкершілік пайда болады, тұлғаның абзалдылығы арта түседі.

Отаншылдықтың басты белгілері:

туып –өскен ортаға деген бауырмашылдық сезім;

өз халқыңның тіліне құрметпен қарау;

отанның мүддесіне қамқорлықпен қарау;

отан алдындағы парызды сезіну,оның абыройы мен құндылықтарын, еркіндігі мен бейбітшілігін бағалау;

отанға деген азаматтық парызды және адалдықты көрсету;

өз еліңнің әлеуметтік және мәдениеттегі жетістіктерімен мақтану;

отанға, мемлекеттік рәміздерге, өз халқыңа деген мақтаныш;

отаныңның бастан кешірген тарихына, өз халқыңа, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;

өз еліңнің және халқыңның тағдырына, болашағына жауапкершілік таныту,өз еліңнің нығаюы мен гүлденуіне өз үлесіңді қосу;

рақымшылық, адамгершілік құндылықтар.