ҚГБ ӘБ
БИБІГҮЛ МАДАТҚЫЗЫ ШАЖАНҚАНОВА
Білімі жоғары, 2006 жылы ИнЕУ филология факультетін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Санаты бірінші, еңбек өтілі – 12. Кембридж университетінің үшінші деңгейлі сертификат иегері. 2013-2014 оқу жылында оқушылары ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен үшін грамота мен алғыс хаттармен марапатталған. 2014-2015 оқу жылында «Сатпев оқуларында» «Абай оқулары» II орын « Махамбет оқулары», « Ең үздік кабинет -2014», 2014 жылы әдістемелік құралдар сайысында III орын, «Заманауи сабақ» 2013,2015 конкурсында I орын, Ақтөбе қаласындағы үшінші деңгейлі мұғалімдерге арналған баяндама сайысында III дәрежелі диплом иегері, оқушылары ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары (II место), пәндік олимпиадалар (I, III орын 2013-2015 жж.).
СУЛЕЙМАН РОЗА ТЕМИРГАЛИЕВНА
Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. Білімі жоғары, ППИ, 1982 ж., еңбек өтілі 27 ж. Жетістіктері: 2010 ж. қала білім беру бөлімінің мадақтамасы, ҚР БҒМ мадақтама хаты. 2011 ж., 2012 ж. ОПМБАИ құрмет мадақтамасымен, аты жөні «Табыс» құрмет кітабіне енгізілді. Кредо: "Мұғалім, балаларды жақсы көретін, өзінің жұмысың жақсы көретінің – ол үздік мұғалім".
ЕРЛАН ТУКТАГУЛҰЛЫ МАРЗАТАЕВ
Бірінші санатты тарих мұғалімі. Білімі жоғары. Қазақстан Республикасы педгог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтаған үшін сертификат иесі. «Жыл мұғалімі» атты АББ, оқушыларға тәлім-тәрбие берудегі үлкен жетістіктері үшін АББ, қоғамтану және тарих мұғалімдерінің пәндік олимпиадада жүлдегер болғаны үшін АББ мақтау грамоталарымен марапатталды. Оқушылары халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларының қатысушылары және пән олимпиадаларының женімпаздары.
ЖАНАР МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ НУРМАХАНОВА
Бірінші санатты ағылшын тілінің мұғалімі. Білімі жоғары, ПМПИ, 2005 ж. Білімдену тақырыбы: "Ағылшын тілі сабағында зерттеу жұмысын ұйымдастыру". Ағылшын тілі мұғалімдер арасында облыстық пән олимпиадасының дипломның жүлдегері (ІІІ орын).
ДИНАРА СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ БАИЛЬДИНОВА
Екінші санатты педагог - психолог, өзін - өзі тану мұғалімі. Білімі: жоғары, ПМПИ, 2009 ж. Жұмыс өтілі 6 жыл. Психология бойынша республикалық дистанциондық олимпиаданың, «Заманауи сабақ – 2015», "Әдістемелік - дидактикалық құралдар - 2015" жүлдегері. ҰБТ - де түлектерге психологиялық көмек көрсеткені үшін алғыс хат иегері. «Табыс – 2015» құрмет кітабына аты - жөні енгізілді.
СМАКОВА МЕРУЕРТ РУМБЕКОВНА
Ағылшын тілінің мұғалімі, білімі жоғары, Павлодар университетінде ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алып, магистратура бітірді, біліктілік санаты жоғары, жұмыс өтілі 15 жыл. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және Кембридж педагогтар біліктілігін көтеру бағдарламасыныңIII деңгейлі, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция сертификаттарының иегері. Павлодар инновациялық орталығының, қалалық білім бөлімінің грамоталарымен айқындалды. Оқушылары «Britishbulldog», «Кенгуру лингвист» пән олимпиадаларының жүлдегерлері. Облыс деңгейінде оқушылардың метатаным және рецептивтік дағдыларын дамыту бойынша шеберлік-сынып және коучинг өткізу тәжірибесі бар.
БЕЛОУСОВА АННА ВЛАДИМИРОВНА
Анна Владимировна Белоусова – қытай тілі мұғалімі. Білімі – жоғары, Инновациялық Еуразия университетін, Білім Академиясының гуманитарлық факультетін екі шетел (ағылшын,қытай) тілдер мамандығы бойынша бітірген.