Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Концепция

 

 

№ 20 ЛИЦЕЙ- МЕКТЕБІНІҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ

(мектеп тәжірибесіндегі негізгі методология) 

 

    Методологиялық тірек негізінде білім мекемесінің функционалдығы үшін келесі үшбірлік жалпы жүйесі қолданылады:

Білім мақсаты – бұл түлектер тұлғасының моделі;

Жетістік негізінің мақсаты – бұл ОТҮ жалпы құрылымы;

Жағдайы- бұл мұғалімнің кәсібилігі.

 

 

Білім мекемесінің типі

 

   Қазақстанда жалпы орта білім беру екі бұтақ - мектеп және қосымша білім беру түрінде ұсынылады. Мектептер, өз кезегінде таңдаулы және

жалпы білім беретін болып бөлінеді. Таңдаулылар құрамына гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекеме жатады. Дарындылық феномені барлық мектепке қатысты, әсіресе таңдаулыларға. Таңдаулы білім беру мекемесінің өзіндік Концепция жобасы «Қазақстанда дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу, зерттеу бойынша іс- әрекетті дамыту стратегиясын анықтау негізгі құжат болып табылады». Осы құжаттың көптеген идеялары біздің құжаттарда қолданылады.

  Сонымен, №20 лицей екі бағыттағы  мектеп санатындағы лицей типті таңдаулы мектеп болып саналады:

-      бір жағынан, бұл инновациялық типтегі жалпы білім беретін мектеп, яғни жоғары деңгейде білім беретін мектеп;

-      екінші жағынан- бұл лицей, нақты ЖОО нақты мамандықтар дайындайтын мақсатты білімді жүзеге асырушы. Мұндай лицейлер жоғары оқу мекемелері жанынан ашылады және оған болашақ студенттер контингентін даярлайды.

    Біздің №20 лицей инновациялық мектеп сапасын өзіне таңдай отырып, нақты ЖОО техникалық дайындықпен байланыста жаңа студенттер құрамын толтыруға жұмыс жасау функциясынан аздап ауытқиды.

    №20 лицей- бұл бәрінен бұрын инновациялық типтегі мектеп (8 сыныптан бастап оқушыларды таңдап алуға және оқытуға құқығы бар), жалпы орта білім беретін бір бағытта жоғары деңгейде – жаратылыстану- математикалық және нақты ЖОО бағытталмаған.

 

Мектеп миссиясы

 

   Кез- келген мектептің өз түлектерінің жеке тұлғасын қалыптастыруда қандай түлек, қандай сапалық қасиеттері бар екенін жақсылап ұсыну керек.

   Бұл тақырыпта біздің президентіміз, ұлттың лидері Н.Ә.Назарбаев бірнеше рет айтқан болатын. Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде: «Адамның жаңа әлеуметтік мінезі болашаққа, тәуелсіз адамға, өзіне – өзі сенімділікке жаттықтырады»,-деп айтқан болатын.

   Барлық өмірлік іс- әрекет жүйесіндегі мемлекеттерге өзіне жауапкершілікті қабылдай алатын, ірі тапсырмаларды орындай алатын және өзгеріс жағдайына тез икемделетін, өзін қоршаған адамдардың көңіл- күйін түсіне алатын адамдар керек. Мемлекетке қазіргі жаңа көзқарастағы адамдар қажет. ТАҢДАУЛЫ сөзінің бұл мағынасы, қабілеттілерді өзіне алу, дүниежүзілік қоғамға кіру үшін жауаптыларды мемлекетті дамытуға алу керек.

   Президенттің сөзімен аталғандай, бүгінгі адам сапасының қажеттілігіне 12 жылдық мектептің түлектерінің моделінің негізі және №20 лицей- мектебінің түлектері жатады.

   Сондықтан, біздің мектептің миссиясы – түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру,ақпараттық қоғамда білім, білік дағдыларын жүйелеу.        Мұндай жеке тұлғаның сапасы ретінде алынды:

-      біліктілік (білімділік) – жағдай кезеңінде өмірге дайындығының компетенттік құрылымы;

-      ақпараттық мәдениет – қоғамға және өз пайдаң үшін ақпаратты қайта даярлау және қабілеттілікті көрсету;

-      коммуникативтік – ауызша және жазбаша түрде үш тілде қарым –қатынас жасай білу,осы арқылы басқа ұлттың мәдениетіне құрметпен қарау.

-      мемлекеттің басты Заңы – ҚР Конституциясын  және СӨС сақтау, өзіміздің Қазақстан Отанының менталитет азаматтығын білдіру.