Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Мектепке жол" республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы

1

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында

«Мектепке жол»

республикалық акциясын өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдама

І. Жалпы ережелер 1.1. «Мектепке жол» республикалық акциясы Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау үшін өткізіледі. ІІ. Мақсаттар мен міндеттер 2.1. Акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу. 2.2. Акцияның міндеттері: - мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту; - міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу; - оқымайтын немесе мектепке бармайтын мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу; -мектептен «шығып кетуге», дәлелсіз себептермен сабақтарға қатыспауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау; - міндетті жалпы орта біліммен қамтамасыз ету саласындағы білім беру органдарының қызметі туралы тұрғындарды хабардар ету; - мектепке балаларды жинау бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмек көрсету жөнінде нақты шараларды әзірлеу және оны іске асыру; -жалпы оқыту проблемаларын шешуде және аз қамтамасыз етілген оқушыларға көмек көрсетуде ведомствоаралық іс-қимылды, сондай-ақ білім беру органдарының мемлекеттік емес құрылымдармен, оның ішінде қоғамдық, жекеменшік ұйымдармен және меценаттармен іс-қимылдарын жандандыру.  

2

Сынып жетекшілерге

арналған жадынама

  • Сыныптағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балалардың санаттарын анықтайды.
  • Сыныптың әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.
  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайын тексереді.
  • Ата-аналар жұртшылығының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуын қамтамасыз етеді.
  • Сыныптағы әрбір білім алушының тегін ыстық тамақ пен оқулықтарды қоса алғанда, әлеуметтік көмек алуына ықпал етеді.
  • Әлеуметтік педагогке «Мектепке жол» акциясы туралы есеп құжаттамасының уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  3  

Әлеуметтік педагогқа

арналған жадынама

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санатының деректер банкін айқындайды.
  • Мектептің әлеуметтік-педагогикалық паспортын ресімдейді.
  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексереді.
  • Қоғамдық ұйымдармен балаларға қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады.
  • Мұқтаж балалар үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын, тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Мұқтаж балаларға ыстық тамақ пен тегін оқулықты қоса алғанда, түрлі материалдық көмек алуға ықпал етеді.
  • «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысы және қорытындылары туралы көрнекі үгіт-насихаттардың нысанын айқындайды және басып шығаруды жүзеге асырады.
  • «Мектепке жол» акциясының барысы және қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына «Мектепке жол» акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

  4  

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасарына

арналған жадынама

  • Жалпы басшылықты және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бақылау-диагностикалық қызметті жүзеге асырады.
  • Әлеуметтік қорғалмаған балаларға демеушілік қаражаттардың:
- мәслихат қаражаттары - әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға; - әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерінің қаражаттары – жетім балаларға, қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы балаларға; - құқық қорғау жүйесі, денсаулық сақтау мекемелерінің қаражаттары – аз қамтамасыз етілген және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға; - жеке кәсіпкерлердің қаражаттары – тұрмысы қолайсыз және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына бөлінуін қамтамасыз етеді.
  • Мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінің сынып ұжымының қызметін бағалайды.
  • Қайырымдылық акциясы туралы көрнекі үгіт-насихаттарды (плакаттар, парақшалар, буклеттер) ресімдеуге көмек көрсетеді және ықпал етеді.

Мониторингтік қызметті жүзеге асырады, білім бөліміне «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындылары туралы есеп құжаттамасын уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.


  IMG-20160824-WA0000 IMG-20160824-WA0001 IMG-20160824-WA0002

Акция «Дорога в школу»

В целях реализации Закона РК в СОШ №21 ежегодно проводится месячник в рамках акции «Дорога в школу». В ходе месячника проводятся еженедельные рейды по профилактике попрошайничества и безнадзорности в Дачном микрорайоне, проводятся рейды в дачном садоводстве. Посещаются неблагополучные семьи. Для детей из малообеспеченных, многодетных семей, детей- сирот и детей оставшихся без попечения родителей оказывается спонсорская помощь: 1.ТОО «Айгерим» директор Желнов М.А.-39000тн,
  1. Управление гос-го архитектурно-строительного контроля по Павлодарской
области, рук-ль Кашкиров К.Ш.- 30000тн 3.ИП «Бидаулетов»- 41400тн, 4.ИП «Аружан»- 15000тн,
  1. АО «Народный банк»-
Кроме этого ежегодно в школе проводятся акции «Учитель- ученику» (приобретение канцелярских товаров). Коллективом СОШ №21 было оказано помощь 18-ти учащимся на сумму- 42000 тенге.