Коронавирустық инфекцияның алдын-алу
Коронавирустық инфекцияның алдын-алу
Коронавирус 1960 жылы ашылған, қабықшасында күннің тұтылуы кезінде күннің тәжіне ұқсайтын түктерінің болуына байланысты осылай аталған.
Қазіргі таңда Коронавирустан екпе жоқ.
Коронавирус- ауруға шалдыққан адамнан немесе жануардан ауа арқылы, патогенді микроағза бөлшектері түшкіру және жөтел арқылы жұғады. Улану белгілері: әлсіздік, терінің бозаңдануы,
қалтырау, аяқ-қолдың сырқырауы, тілдің ағаруы.
Ауруды жұқтырудың алдын алу үшін жасалатын іс-шаралар:жеке бас тазалығын сақтау, қолды жиі жуу және даладан тамақтанудан бас тарту, жаппай іс-шара өтетін жерге, әсіресе, аурудың өршуі тіркелген жерлерге бармау, бетке арналған бетперделерді дұрыс қолдану және иммунитетті нығайту.