Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп кітапханасы

Кітапхана меңгерушісі - Амренова Сауле Қажыбекқызы. 05.06.1960 жылы дүниеге келген. Санаты бірінші. Білімі - арнайы орта. Семей мәдени- ағарту училищесін бітірген. Мамандығы - кітапхана ісі. Осы мектептегі жұмыс өтілі 5 жыл.

  Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінде биылғы жылы оқушылар саны - 1607. Мектеп кітапханасында 2 штат. Көлемі - 72 ш.м. Оқырмандар залының орыны - 30. Кітап қоймасы жеке, оқушылардың оқулықтары сынып бойынша әр сөрелерге ретімен қойылған. Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры - 55459. Жаңа буынды оқулықтар саны- 21989. Биылғы оқу жылында түскен жалпы түсім саны - 7714, жаңа буынды оқулықтар саны - 21898, электронды оқулықтар саны - 521, қазақ тілінде қордың саны - 38725. Оқырмандар саны- 1489, келушілер саны- 29968, кітап берілім - 29170. Өткізілген іс-шаралар саны - 26, кітап сөресі - 30.  

Мектеп кітапханасын пайдаланудың жалпы ережелері:

Кітапхана оқырмандарға уақытша қолдануға кітаптарды беруге міндетті.
  • Кітапхананы оқушылар мен мектеп қызметкерлері қолдануға құқықты.
  • Кітапхананы қолдану тегін
  • Кітаптарды үйге алып оқуға болады, ал оқырман залындағы әдебиеттер үйге берілмейді.
  • Энциклопедиалар, сөздіктер, анықтамалар тек оқырман залында беріледі.
  • Әр оқырманға жеке оқу формуляры берілген. ол 5 жылға берілген.
  • Оқырман формуляры кітаптарды қашан және қай мерзімде қайтару туралы жазылатын құжат ретінде сақталады.
  • Кітапхана кітаптарын жоғалқан немесе жыртқан кезде олардың ақысын немесе дәл сондай кітап беруге тиіс.
  • Әр жыл сайын оқу жылының басында қайта тіреку жұмысы жүргізіледі.
  • Үйге берілген оқулықтар шектеулі уақыт арасында қайтарылуы керек.
Кітапты қалай оқу керек:
  • Кітапты асықпай, ойланып оқы.
  • Жиі дауыстап , сөздерді анық оқуға тырыс.
  • Кітапты түсініп оқуға тырыс.
  • Кітапты оқу кезінде , автордың сөздерін көз алдына елестетіп көр.
  • Өз күнделігіне кітаптің атын, авторын, оқыған күннің датасын жазып қой.
  • Жаңа сөздерді, қызықты ойларды өзіне жазып ал.
  • Кітаптің саған несімен ұнағаның жаз
  • Кітапті оқыған соң өзіне мазмұның айтып беруге тырыс.

Кітапті қалай таңдау керек:

  • Кезкелген нәрсені оқи берме, тек пайда әкелетін кітаптарды оқы.
  • Мұғалім мен кітапханашының кеңесімен кітапты іздеуге кіріс.
  • Керекті сұрағын бойынша қандай оқулықтар бар екенің біліп ал.
  • Картатека, каталогтарды қолдан.
  • Осы жылы оқығын келетін кітаптардың тізімін құр.
Кітапті ұқыпты ұста! Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан кітапты ұқыпты ұста.
  • Кітап таза, әрі тысқалған болуы тиіс.
  • Кітапты таза қолмен оқы.
  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
  • Кітаптің беттерін бүктеме.
  • Кітаптің ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.
  • Жыртылған кітапті желімде.
  • Кітапқа жазулар жазба.
  • Кітапті шката немесе полкада сақта.
  • Алған кітапті уақытында тапсыр.

"Тіл --халықтың рухы"

Тілдер күніне орай, оқушыларға тіл мақсатын, тіл қадірін жеткізу мақсатында қазан айының бірі күні біздің мектебіміздің кітапханасында «Тіл- халықтың рухы» атты әдеби кеш өтті. Шараға дербес ұстаз, діні басқа , ұлты бір, қазақ тілінің үгіт насихаттаушысы, әрі жаңашыры Илющенко В.Н. ағамыз қонақ болды. Василий ағамыз қазақ тілінде өзі жайлы көптеген қызықты әңгімелер айтты, Абай атамыздын әндері мен өлеңдерін орындап берді. Оқушылардың Василий ағаға қойған сұрақтары өте көп болды. Өзге ұлттың азаматы, қазақ тілінде соншалықты оңай сөйлеп, ұлттық тілді құрметтеуі оқушыларды таңғалдырды. Илющенко В. Н арнап оқушылар ағылшын, қазақ тілдерінде Абай шығармаларынан үзінділер оқыды.

Батыр Бауыржанға арнау.

Біздің мектебіміздің кітапханасында 11 сынып оқушылары мен жоғарғы сынып мұғалімдерінің қатысуымен, халық батыры, жауынгер, қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған кеш өтті. Оған дейін мектептің бір бөлмесінде Даңқ мұражайы ашылып, оған Бауыржан Момышұлының аты беріліп, стенд қойылды. Кітапханада Бауыржан батырдың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Кезінде батыр Бауыржанмен кездесіп, сөзін тыңдаған (1956 жылы университеттің бірінші курсында оқыған), кейін арада он төрт жыл салып, 1970 жылы 9 мамырда Жеңіс күнінде кездесіп, майдан әңгімелерін тыңдаған, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, журналистика ардагері, қазір «Ұстаздар» газетінің тілшісі Төлеубек Қоңыр кездесуге шақырылды. Кешті жүргізуші «Алдында тұрған қарттарым-жазылып тұрған дастаным» деп ардагер журналисті жиналғандарға таныстырды. Мұның алдында екі жерде осындай жиынға қатысып, Бауыржан жөнінде біз білмейтін тың деректер, әңгімелер айтқан Төлеубек Қоңыр бұл жолы да биыл мектеп бітіргелі отырған түлектерге Батыр ағаның соғыстағы ерліктері мен онымен кездесуде естіген әңгімелерін қызықты етіп айтып берді. Төлеубек Қоңыр ағамыз ұстаздар мен оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушы Орынбаев Алмат «Қазақ осы біліп қой» әні мен «Ана өсиеті» термесін орындап, кештің ажарын әнмен келтірді. Шәкір Ұлжан Төлеу Батыр Бауыржанға арналған кештен түйген ойларын білдіріп: Дүниеге келер бір рет, Дария кеуде тау-мүсін, Құрыштап құйған құдірет Қарттарым аман –сау жүрші! – деп соғыс ардагер- аталарына осы жыр жолдарын арнады. Кеш соңында кітапханашы Сауле Амренова Батыр Бауыржанның туғанына 100 жыл толуына арналған кештің қонақтарына қатысқандары үшін алғыс сезімін білдірді.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

17 ақпан күні мектебіміздің кітапханасында кітапханашы С.Қ. Әмренованың ұйымдастыруымен 3А мен 3Б сыныптары арасында "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" атты сайыс өтті. Іс-шараның мақсаты:Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету. Сайысқа 30 оқушы қатысты. Іс- шара өту барысында балалар белсене қатыса отырып, өз ойларын ортаға салды. Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы да айтылды. Сайыста "Құпия хаттарғка жауап беру", "Кім жылдам", мақал- мәтел сайыстары ұйымдастырылды. Ал кітапханашы С.Қ. Әмренова балаларға жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақболу жайында айтып өтті. Жеңімпаз оқушылар грамматолармен марапатталды.

Қыз сұлу көрінеді білімімен

3-наурыз күні мектебіміздің кітапханасында 6 сыныптар арасында "Қыз сұлу көрінеді білімімен" атты кыздар сайысы өтті. Іс- шараның мақсаты: жас өспірім қыз балаларға ұлтымыздың салт- дәстүр арқылы ұяңдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Іс- шараға 40 оқушы 5 мұғалім қатысты. Сайысқа қатысушы қыздар өз шеберліктері мен білімдерін көрсете білді. Жеңімпаз аруларымыз жүлделерге ие болып, мадақтамалармен марапатталды.

"Наурыз- жыл басы"

18 наурызда мектеп кітапханасында 5-сыныптар арасында "Наурыз-жыл басы" атты іс- шара өткізілді. Шараға 35 оқушы қатысты. Мақсаты: Оқырмандардың қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз туралы ұғым-түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ұлттық салт- дәстүр негізінде, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кітапханашы С.Қ. Әмренова балаларға жалпы Наурыз мейрамы жайында айтып өтті. Кейін әр-түрлі тапсырмалар орындалып, сұрақ-жауап ойыны да өткізілді. Олар, киіз үйдің суреттін безендіру арқылы сұрақтарға жауап берді. Салт- дәстүрді білесің бе?, "Кім тапқыр" ойыны ойналды. Оқушылар белсене қатыса отыра, өз білгендерін ортаға салды.