Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл
photo-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-main

b7791d63ea6d91fa8b55b2fe25cf2105

Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаевтің 90 жылдығы

Ұлы Отан соғысы басталғанда М. Кайырбаев Семей мұғалімдер институтын бітіріп, Семияр орта мектебінде қызмет атқарып жүрген. Жастайынан намысшыл болып өскен жігіт жастығына қарамастан майданға қайта – қайта сұранып, ақыры 1943 жылы сәуірде алғы шептегі жауынгерлер қатарына қосылып, майданға кіреді. Жас жауынгердің қайтпас қайсарлығы мен қатар көзсіз батыр еместігі де бірден назар аудартқан. Махмет Қайырбаев Ұлы Жеңістен кейін елге келіп, өңірдің экономикасын, халық шаруашылығын көтеру ісіне белсене араласты. Павлодар облысының аудандық партия комитеттері мен халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеттерін басқарды. Облыстық атқару комитетінің төрағасы болды. Осы кезеңдерде облыстың атқару ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып, тың көтеру ісінің өріс алуына, трактор зауыты, Екібастұз отын-энергетикалық кешені секілді ірі өндірістік бағыттардың жүзеге асуына белсене ат салысты. Бүгінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев есімімен Павлодар қаласында көше аталады. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 28738 әскери бөлімше бірінші батареясында батыр есімі мәңгілік тізімге енгізілді. Батырға деген ел құрметі осылай жалғаса бермек.

"Бекітемін"

Мектеп директоры

________ М.Қ. Мамбетова

№ 22 ЖОББ мектебінің

ҰОС жеңісінің 71 жылдығына арналған "Жеңіс Жолдарымен" атты шеңберіндегі өткізілетін мерекелік іс - шаралар жоспары

Іс- шаралар Мерзімі Уақыты Сыныптар Жауаптылар
1 «Бейбітшілік жасасын!» Асфальтта сурет салу байқауы. 04.05.16 13:00 1сыныптар Кудайбергенова Д.М.Бахтиярова М.Б.,1- сынып жетекшілері
2 Ұлы Жеңіске -70 жыл. танымдық сабақ.. 05.05.16 15:00 4 «е» сыныбы Кудайбергенова Д.М.Кітапханашылар
3 «Енді соғыс болмасын!»әдеби қойылымдар шеруі. 05.05.16 13:00 2-3 сыныптар Кудайбергенова Д.М.Бахтиярова М.Б.,2-3 сынып жетекшілері
4 «Ұландар елдің болашағы». Ұлдар арасында пинерболдан сайыс. 06.05.16 12:00 4 сыныптар Кудайбергенова Д.М.Мусаканов Е.К.4 – сынып жетекшілері
5 «Еңсесі биік- Ұлы Жеңіс» тәрбие сағаты 08.05.16 1-6 сыныптар Сынып жетекшілер
6 Салтанатты жиын 08.05.16 12:00 Мектеп әкімшілігі
7 Соғыс жылдарының соқпағы . танымдық сабақ. 13.05.16 12:00 5 «д» сыныбы Кудайбергенова Д.М.Кітапханашылар
8 Пионербол (қыздар ) 15.05.16 12:00 4 сыныптар Кудайбергенова Д.М.Мусаканов Е.К.
9 Жерлес батырлар танымдық сабақ (видео сабақ) 20.05.16 5 «а»сыныбы Кудайбергенова Д.М. Кітапханашылар
10 Мамыр айының соңында қорытындылау 30.05.16 Ханафия М
 

ҰОС Жеңісінің 71 жылдығына арналған іс- шаралар

IMG_5404

Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған кітап сөресі: « Ұлы жеңіске -71 жыл»

IMG_5368

Махмет Қайырбаевтің 90- жылдығына ұйымдастырған көрме

IMG_5554 IMG_5477  

Кітапхана меңгерушісі Әмренова С.К. концлагерь жайында таңымдылық сабақ өткізуде.

  IMG_5354   IMG_5351

Тақырыпқа байланысты өткен тәрбие сағаттар

    шахова

Мың тағзым саған, ардагер!

Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалған қыз-келіншектер мен балалардың тартқан азабы, жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес. Павлодар қаласында тұратын еңбек және тыл ардагері Шахова Нина Михайловна - солардың бірі. № 22 мектептің 6 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге еңбек және тыл ардагері Шахова Нина Михайловнаның үйіне барып, сұхбаттасып қайтты. Нина Михайловна қызымен, күйеубаласы, немерелерімен бірге коттеджде тұрып жатыр.Отбасы мүшелері жақсы қарым-қатынаста екені, бір-біріне сыйластықпен қарайтыны байқалды.Педагогикалық еңбек ардагері Нина Михайловна жастайынан еңбекке араласқан тыл еңбеккері қырқыншы жылдарды ауыр күрсініп еске алады. Сұрапыл соғыс қаншама адамдардың тағдырын азап пен қасіретке толтырды,- дейді ол. Ол соғыс жылдары госпитальда жұмыс істеп, ауыр жұмыстарды атқарған. Соғыстан кейінгі ғұмырын ұстаздық етуге арнапты. Кейінгі ұрпақ бейбіт аспан астында тұрып жатыр, ал соғыс сол кездегі балаларды тым ерте есейтті дейді жанарындағы жігері жасымаған кейуана.Оқушылар сұрақ қойып, шерткен әңгімесін қызыға тыңдады.Олар айтқан тілектеріне рахметін жаудырып, сыйлықтарын беріп, естелік фотосуретке түсті.     SAM_0690

Нуртазинов Кабыш (1926.26.01.)

  SAM_0687

Пеньков Борис Семенович (1927.10.05.)

Біздің мектепте Тимур қозғалысы дәстүрі баяғыдан келе жатыр. Біздің оқушылар Ұлы тарихқа арналған күндер акцияларына қатысады. Көмекке зәру ардагерлерге колдан келген көмектерін көрсетті. Бұған қоса Тимур командасы ардагерлерге моральдық көмек ретінде мерекеге байланысты құттықтап, кездесулер ұйымдастырды. Тимур командасы жұмысы кезінде балалар ардагерлермен әңгімелесіп, шын жүректерінен сыйлықтары мен ашық хаттарын табыс етті. Адамды жақсылық істеуге балалық шағынан бастап үйрету керек. Біздің болашақ түлектеріміз заңгер, инженер, ұстаз бола ма оны біз білмейміз. Бірақ, бір нәрсеге сенімдіміз. Олар әрқашан жақсылық істейтін болады. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жандарында үнемі оларға көмектесіп қайғыларын бөлісетін адамдар бар екенін сезінулері керек. Сол себепті, қозғалыстың мақсаты – көмек қажет ететін ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесу. Өмір қуаныштан ғана емес, қайғы, бейнет және жалғыздықтан да тұратынын ұмытпау керек. Тимур командасы осы адамдарға көмектесу үшін құралған. «Жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі» деп бекер айтпаған. Сондықтан, Тимур командасы өте қажет. Кәрі адамдарға тек көмек қана емес, кейде жай ғана назар аударып көңіл бөлу өте қажет. P1030509 IMG_9533     В гостях у ветеранов Великой Отечественной войны В гостях у ветеранов Великой Отечественной войны 2015 жылдың 1 ақпан күні Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау қарсаңында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен Білім беру басқармасының бастамасымен «Вместе мы не одиноки!» атты акциясы өткізілді. № 11, 21, 22, 38 ЖОМ волонтерлік отряды өздерінің мөлтек аудандарында тұратын ҰОС ардагерлері, тылда жұмыс істеген адамдардың үйлеріне барды.Ардагерлер жасұландықтардың келгеніне мәз мейрам болып, оларға көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді. «Олар бізді тек қана Жеңіс күні ғана еске алмайтындарына өте қуаныштымын. Әрдайым көмегін аямайтын осындай оқушылар бар екеніне ризамын. «Жас Ұлан» ББЖҰ белсенділеріне ҰОС ардагерлеріне және тылда жұмыс істеген адамдарға көмектесу өте ұнады. Балалар алдын-ала өз орындарында жәрмеңке, өлеңдер мен тақпақтар, азық-түлік қоржынын дайындады. № 22 ЖОМ волонтерлері Шайморданова Махмура Есханқызының пәтерін жинауға көмектесті.  

Ардагерлермен кездесу

IMG_5642 IMG_5639     SAM_0715 №22 ЖОМ ақпанның 24-тінде № 5 ықшам ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу болып өтті.Кездесуге ардагерлер белсендісі Константинов Николай Иванович қатысты.Николай Иванович оқушыларға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы, Кеңес Одағының Батырлары, Ертіс өңірінің тумаларының өмірбаяндарын, соғыстағы көрсеткен ерліктері туралы қызықты әңгіме айтып берді.Кездесуді «Жеңіс Күні» атты әнімен аяқтап, оқушылар ардагерге гүл шоғын және силық силады. IMG_6557 IMG_6556 IMG_6616 IMG_6598 IMG_6561 IMG_6618 IMG_6579 IMG_6575 IMG_6571 IMG_6579 IMG_6623     IMG_7075   IMG_7063 IMG_7058 IMG_7051 IMG_7048 IMG_7068

Әскери-патриоттық әндер байқауы

IMG_7016

Мұражайда тақырыпқа байланысты бұрышында

IMG_8047 IMG_8029 IMG_8038 IMG_8046 IMG_8043 IMG_8037 IMG_8036 IMG_8034 IMG_8033 IMG_8055   Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты соғыс ардагерінің ересең ерліктері жайында және жерлес ардагеріміз туралы мәлімет беру, атамыздың елімізге сіңірген еңбектері жайында мағлұмат беру мақсатымен мектебімізде «Майдангер ұстаз – Аликов Рахымберді Жақиянұлы» туралы естелік кеші өткізілді. SAM_1389 SAM_1393 SAM_1404 SAM_1405 SAM_1406 SAM_1393  

"Ұлы Жеңіске 71 жыл" толуына орай 9 сыныптар арасында сәуір айында саптық сайыс өткізілді.

SAM_0724

SAM_0725

SAM_0729

SAM_0728

SAM_0733

Тақырыпқа байланысты "Әкем, анам және мен" атты спорттық жарыс

ап

Наурыз айында «Мерген ару» сайысы өтті. Сайысқа (пневматикалық мылтықпен ату) 7-10 сынып оқушылары қатысты. Мылтықпен ату сайысының ережесі бойынша, оқушыға 2 оқ алдын ала атуға берілсе, 3 оқ сынаққа атуға жұмсалды. IMG_7082 IMG_7083

5 мамыр күні 1 сыныптар аралығында «Бейбітшілік жасасын!» атты асфальтта сурет салу байқауы болды.

IMG_7110

IMG_7112