Кеңес Үкіметінің Батыры Махмет Қайырбаевтің 90 жылдығы
Ұлы Отан соғысы басталғанда М. Кайырбаев Семей мұғалімдер институтын бітіріп, Семияр орта мектебінде қызмет атқарып жүрген. Жастайынан намысшыл болып өскен жігіт жастығына қарамастан майданға қайта – қайта сұранып, ақыры 1943 жылы сәуірде алғы шептегі жауынгерлер қатарына қосылып, майданға кіреді. Жас жауынгердің қайтпас қайсарлығы мен қатар көзсіз батыр еместігі де бірден назар аудартқан. Махмет Қайырбаев Ұлы Жеңістен кейін елге келіп, өңірдің экономикасын, халық шаруашылығын көтеру ісіне белсене араласты. Павлодар облысының аудандық партия комитеттері мен халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеттерін басқарды. Облыстық атқару комитетінің төрағасы болды. Осы кезеңдерде облыстың атқару ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып, тың көтеру ісінің өріс алуына, трактор зауыты, Екібастұз отын-энергетикалық кешені секілді ірі өндірістік бағыттардың жүзеге асуына белсене ат салысты. Бүгінде Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев есімімен Павлодар қаласында көше аталады. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы 28738 әскери бөлімше бірінші батареясында батыр есімі мәңгілік тізімге енгізілді. Батырға деген ел құрметі осылай жалғаса бермек.
"Бекітемін"
Мектеп директоры
________ М.Қ. Мамбетова
№ 22 ЖОББ мектебінің
ҰОС жеңісінің 71 жылдығына арналған "Жеңіс Жолдарымен" атты шеңберіндегі өткізілетін мерекелік іс - шаралар жоспары
№ | Іс- шаралар | Мерзімі | Уақыты | Сыныптар | Жауаптылар |
1 | «Бейбітшілік жасасын!» Асфальтта сурет салу байқауы. | 04.05.16 | 13:00 | 1сыныптар | Кудайбергенова Д.М.Бахтиярова М.Б.,1- сынып жетекшілері |
2 | Ұлы Жеңіске -70 жыл. танымдық сабақ.. | 05.05.16 | 15:00 | 4 «е» сыныбы | Кудайбергенова Д.М.Кітапханашылар |
3 | «Енді соғыс болмасын!»әдеби қойылымдар шеруі. | 05.05.16 | 13:00 | 2-3 сыныптар | Кудайбергенова Д.М.Бахтиярова М.Б.,2-3 сынып жетекшілері |
4 | «Ұландар елдің болашағы». Ұлдар арасында пинерболдан сайыс. | 06.05.16 | 12:00 | 4 сыныптар | Кудайбергенова Д.М.Мусаканов Е.К.4 – сынып жетекшілері |
5 | «Еңсесі биік- Ұлы Жеңіс» тәрбие сағаты | 08.05.16 | 1-6 сыныптар | Сынып жетекшілер | |
6 | Салтанатты жиын | 08.05.16 | 12:00 | Мектеп әкімшілігі | |
7 | Соғыс жылдарының соқпағы . танымдық сабақ. | 13.05.16 | 12:00 | 5 «д» сыныбы | Кудайбергенова Д.М.Кітапханашылар |
8 | Пионербол (қыздар ) | 15.05.16 | 12:00 | 4 сыныптар | Кудайбергенова Д.М.Мусаканов Е.К. |
9 | Жерлес батырлар танымдық сабақ (видео сабақ) | 20.05.16 | 5 «а»сыныбы | Кудайбергенова Д.М. Кітапханашылар | |
10 | Мамыр айының соңында қорытындылау | 30.05.16 | Ханафия М |
ҰОС Жеңісінің 71 жылдығына арналған іс- шаралар
Мектеп кітапханасында ұйымдастырылған кітап сөресі: « Ұлы жеңіске -71 жыл»
Махмет Қайырбаевтің 90- жылдығына ұйымдастырған көрме
Кітапхана меңгерушісі Әмренова С.К. концлагерь жайында таңымдылық сабақ өткізуде.
Тақырыпқа байланысты өткен тәрбие сағаттар
Мың тағзым саған, ардагер!
Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалған қыз-келіншектер мен балалардың тартқан азабы, жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес. Павлодар қаласында тұратын еңбек және тыл ардагері Шахова Нина Михайловна - солардың бірі. № 22 мектептің 6 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге еңбек және тыл ардагері Шахова Нина Михайловнаның үйіне барып, сұхбаттасып қайтты. Нина Михайловна қызымен, күйеубаласы, немерелерімен бірге коттеджде тұрып жатыр.Отбасы мүшелері жақсы қарым-қатынаста екені, бір-біріне сыйластықпен қарайтыны байқалды.Педагогикалық еңбек ардагері Нина Михайловна жастайынан еңбекке араласқан тыл еңбеккері қырқыншы жылдарды ауыр күрсініп еске алады. Сұрапыл соғыс қаншама адамдардың тағдырын азап пен қасіретке толтырды,- дейді ол. Ол соғыс жылдары госпитальда жұмыс істеп, ауыр жұмыстарды атқарған. Соғыстан кейінгі ғұмырын ұстаздық етуге арнапты. Кейінгі ұрпақ бейбіт аспан астында тұрып жатыр, ал соғыс сол кездегі балаларды тым ерте есейтті дейді жанарындағы жігері жасымаған кейуана.Оқушылар сұрақ қойып, шерткен әңгімесін қызыға тыңдады.Олар айтқан тілектеріне рахметін жаудырып, сыйлықтарын беріп, естелік фотосуретке түсті.Нуртазинов Кабыш (1926.26.01.)
Пеньков Борис Семенович (1927.10.05.)
Біздің мектепте Тимур қозғалысы дәстүрі баяғыдан келе жатыр. Біздің оқушылар Ұлы тарихқа арналған күндер акцияларына қатысады. Көмекке зәру ардагерлерге колдан келген көмектерін көрсетті. Бұған қоса Тимур командасы ардагерлерге моральдық көмек ретінде мерекеге байланысты құттықтап, кездесулер ұйымдастырды. Тимур командасы жұмысы кезінде балалар ардагерлермен әңгімелесіп, шын жүректерінен сыйлықтары мен ашық хаттарын табыс етті. Адамды жақсылық істеуге балалық шағынан бастап үйрету керек. Біздің болашақ түлектеріміз заңгер, инженер, ұстаз бола ма оны біз білмейміз. Бірақ, бір нәрсеге сенімдіміз. Олар әрқашан жақсылық істейтін болады. ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жандарында үнемі оларға көмектесіп қайғыларын бөлісетін адамдар бар екенін сезінулері керек. Сол себепті, қозғалыстың мақсаты – көмек қажет ететін ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне көмектесу. Өмір қуаныштан ғана емес, қайғы, бейнет және жалғыздықтан да тұратынын ұмытпау керек. Тимур командасы осы адамдарға көмектесу үшін құралған. «Жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі» деп бекер айтпаған. Сондықтан, Тимур командасы өте қажет. Кәрі адамдарға тек көмек қана емес, кейде жай ғана назар аударып көңіл бөлу өте қажет. 2015 жылдың 1 ақпан күні Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау қарсаңында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен Білім беру басқармасының бастамасымен «Вместе мы не одиноки!» атты акциясы өткізілді. № 11, 21, 22, 38 ЖОМ волонтерлік отряды өздерінің мөлтек аудандарында тұратын ҰОС ардагерлері, тылда жұмыс істеген адамдардың үйлеріне барды.Ардагерлер жасұландықтардың келгеніне мәз мейрам болып, оларға көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді. «Олар бізді тек қана Жеңіс күні ғана еске алмайтындарына өте қуаныштымын. Әрдайым көмегін аямайтын осындай оқушылар бар екеніне ризамын. «Жас Ұлан» ББЖҰ белсенділеріне ҰОС ардагерлеріне және тылда жұмыс істеген адамдарға көмектесу өте ұнады. Балалар алдын-ала өз орындарында жәрмеңке, өлеңдер мен тақпақтар, азық-түлік қоржынын дайындады. № 22 ЖОМ волонтерлері Шайморданова Махмура Есханқызының пәтерін жинауға көмектесті.Ардагерлермен кездесу
№22 ЖОМ ақпанның 24-тінде № 5 ықшам ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу болып өтті.Кездесуге ардагерлер белсендісі Константинов Николай Иванович қатысты.Николай Иванович оқушыларға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз туралы, Кеңес Одағының Батырлары, Ертіс өңірінің тумаларының өмірбаяндарын, соғыстағы көрсеткен ерліктері туралы қызықты әңгіме айтып берді.Кездесуді «Жеңіс Күні» атты әнімен аяқтап, оқушылар ардагерге гүл шоғын және силық силады.Әскери-патриоттық әндер байқауы
Мұражайда тақырыпқа байланысты бұрышында
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты соғыс ардагерінің ересең ерліктері жайында және жерлес ардагеріміз туралы мәлімет беру, атамыздың елімізге сіңірген еңбектері жайында мағлұмат беру мақсатымен мектебімізде «Майдангер ұстаз – Аликов Рахымберді Жақиянұлы» туралы естелік кеші өткізілді."Ұлы Жеңіске 71 жыл" толуына орай 9 сыныптар арасында сәуір айында саптық сайыс өткізілді.
Тақырыпқа байланысты "Әкем, анам және мен" атты спорттық жарыс
Наурыз айында «Мерген ару» сайысы өтті. Сайысқа (пневматикалық мылтықпен ату) 7-10 сынып оқушылары қатысты. Мылтықпен ату сайысының ережесі бойынша, оқушыға 2 оқ алдын ала атуға берілсе, 3 оқ сынаққа атуға жұмсалды.5 мамыр күні 1 сыныптар аралығында «Бейбітшілік жасасын!» атты асфальтта сурет салу байқауы болды.