«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
- Жалпы ережелер
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары көрсетеді.
- Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
- Мемлекеттік қызмет:
- Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
- Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
- Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
- Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
- Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.
- Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.
- Қызмет көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
- Білім беру ұйымы осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
- Жұмыс қағидаттары
- Білім беру ұйымының қызметі мына қағидаттарға негізделеді:
- Жұмыстың нәтижесі
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
- Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
- Шағымдану тәртібі
- Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңды өкілі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне хабарласуына болады.
- Шағымдар жазбаша түрде поштамен немесе білім басқармасының кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады.
- Мемлекеттік қызметті ұсынудың сапасы бойынша наразылық болған жағдайда, шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық білім басқармасы бастығының атына жазылады.
- Шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық білім басқармасының кеңсесі арқылы беріледі. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
- Қабылданған шағымдар білім бөлімінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.