Түлектің жадынамасы, ҰБТ әліппесі, арнаулы сайттар
МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ
Ұлттық бірыңғай тестілеу
1. Тестілеуге өтініш беру
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуғаөтініштімектеп бітіруші10 наурыздан 25 сәуіргедейін береді. Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесіндетолтырады. Өтініш беру үшін қажетті құжаттар: жеке басын куәландыратын құжат; 2 фотосурет (3х4 өлшемді) Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге: мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама; тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі. Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады. Тіркелу анықтамасын алғаннан кейін аты-жөніңіздің, әкеңіздің атының дұрыс жазылғанын тексеріңіз, себебі бұл мәліметтер сертификатта және білім беру грантының куәлігінде көрінеді және жеке басыңызды куәландыратын құжатқа сәйкес келу қажет.2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі. Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті, олар одан кейін қосымша шығармашылық емтихан тапсырады. ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша бағаланады және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен ауыстырылады. Балды бағаға ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі:№ | Пән | 2 (қана ғат-сыз) | 3(қана ғат-лық) | 4(жақ сы) | 5(үздік) |
1 | Қазақ тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
2 | Орыс тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
3 | Қазақстан тарихы | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
4 | Математика | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
5 | Физика | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
6 | Химия | 0-3 | 4-11 | 12-19 | 20-25 |
7 | Биология | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
8 | География | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
9 | Дүние жүзі тарихы | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
10 | Қазақ әдебиеті | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
11 | Орыс әдебиеті | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
12 | Ағылшын тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
13 | Неміс тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
14 | Француз тілі | 0-3 | 4-13 | 14-20 | 21-25 |
15 | Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі | 0-3 | 4-11 | 12-17 | 18-25 |
16 | Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі | 0-3 | 4-11 | 12-17 | 18-25 |
3. Тестілеудің мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі. ҰБТ-ныңбасталу уақыты – сағат 09.00. ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат. Тестілеудің алғашқы және соңғы сағаттарында аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге шығуға болады.4. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштібітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды. Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсетуі керек.5. Сертификат
ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі: ҰБТ нәтижесі туралы сертификат; жалпы орта білім туралы аттестат. Сертификаттыңжарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынадейін. Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады. Ламинатталған сертификаттар ауыстырылады.6.Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі. Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан төмен жинамау керек («Жалпы медицина» мамандығы үшін 55 балдан төмен емес), ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамау керек («Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары» және «Ветеринария» топтарының мамандықтары үшін 60 балдан төмен емес), соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек. 2013 жылы күндізгі оқу түріне бір орынға ең үлкен конкурс келесі мамандықтарда болды: қазақ бөлімі: 1. 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» (жалпы конкурс)- 174,44 адам; 2. 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» (жалпы конкурс)- 168,48 адам. 3. 5В110100 - «Мейірбике ісі» (жалпы конкурс) – 133,59 адам; орыс бөлімі: 1. 5В020700 - «Аударма ісі» - 250,25 адам; 2. 5В110400 - «Медициналық-профлактикалық іс» («Астана» медициналық университеті) – 97,45 адам; 3. 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» («Астана» медициналық университеті) – 90,17 адам; Күндізгі оқу түріне бір орынға ең төмен конкурс келесі мамандықтарда: қазақ бөлімі: 1. 5В011924 «Шетел филологиясы: екі шет тілі (француз тілі)» - 0,1 адам; 2. 5В021022 «Шетел филологиясы: француз тілі» - 1 адам; 3. 5В021012 «Шет тілі: екі шет тілі (неміс тілі)» - 1,14 адам. Орыс бөлімі: 1. 5В021020 «Шетел филологиясы: ұйғыр тілі» - 0 адам; 2. 5В072200 «Полиграфия» - 1,07 адам; 3. 5В051500 «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» - 1,1 адам; 4. 5В021100 «Теология» - 1,13 адам. Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды. Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында, болашақта оқуын жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да тапсырады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі. Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі. Білім беру грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады.Назар аударыңыз!!!
Бітіруші тестілеуден өту үшінҰБТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен біргекелесі құжаттарды алып келу керек:- ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- қара сиялы қалам;
- ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
- сөйлесуге;
- орнынан тұруға;
- орын ауыстыруға;
- кез-келген материалдар және заттармен алмастыруды жүзеге асыруға;
- калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалкалар және анықтамалық құжаттарды (Меделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) қолдануғажәне аудиторияға алып кіруге.
Сіздің Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге қол жеткізуіңізге тілектеспіз!
Сіз қай ЖОО таңдау керектігін анықтай алмай жатырсыз ба? Онда, осы сілтемелер сізге!
Государственный медицинский университет города Семей Казахский национальный медицинский университет им.С. Д. Асфендиярова Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева (г.Астана) Евразийский гуманитарный институт (г.Астана) Павлодарский государственный педагогический институт Инновационный Евразийский университет Павлодарский государственный университет имени С. ТорайгыроваҰБТ тапсыру кезінде көмек ретінде түлектерге арналған сайттар
ҰБТ дайындалу үшін бағдарлама (Қазақстан тарихынан, орыс тілінен тестер) Қазақстан Республикасының ЖОО-на қабылдаудың үлгілік ережелері. Білім грантын беру ережелері. Күштер және басқа құрылымдар ведомствосындағы ЖОО тізімі. Мамандықтар бойынша бейіндік пәндер тізімі. Қазақстан ЖОО туралы ақпарат, ЖОО рейтингі. ҰБТ дайындалуға арналған тестер, ҰБТ туралы жаңалықтар, форумдар, чаттар. БМЕ және ҰБТ үздік тапсыр! Сайтта математика бойынша БМЕ және ҰБТ тест тапсырмаларын шешудің ерекше, мамандандырылған тәсілдері туралы айтылады. Оқушыға тест және математикалық есептерді дұрыс шығаруға көмектесетін материалдар орналастырылған. Оnline тестілеу. Тест кітапшалар, онлайн тестер, оқыту бағдарламалары Онлайн-тестілеуге ҰБТ міндетті пәндері кіреді: математика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдері. Сонымен қатар абитуриент қосымша пәнді өзі таңдай алады. Оның тізіміне кіреді: география, химия, физика, дүниежүзілік тарих, биология, орыс әдебиеті, ағылшын, неміс және француз тілдері. KAZ-EKZAMS.RU - ҰБТ-ге дайындалу үшін мамандандырылған интернет-ресурс. Осында сіздер оқу әдебиетін, ҰБТ тестерін, ҰБТ тестеріне жауаптарды, жауаптарды есте сақтау және негізгі мектеп пәндері: Қазақстан тарихы, орыс тілі, география, биология бойынша тестерді білуді тексеру үшін онлайн сервистерді табасыз. m.kaz-ekzams.ru сайты мобильдік құрылғыларға арнайы бейімделген. Сайтта Kaz-Ekzams.ru сайтының online-сервистерінің жеңілдетілген түрлері бар: онлайн тестер, онлайн жаттау.ҰБТ әліппесі
А | Ә | Б | Е | Ж | Қ | М | О | Ө | Р | Т | У | Ұ | Х | Ш |