Жас мамандарды оқыту жоспары
2015-2016 оқу жылында жас мамандарды оқыту жоспары
Жас мамандарды оқыту мақсаты:
- Тәжірибе жүзінде табысты қолдану үшін кәсіби іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер:
- Оқыту мазмұнын, жас мұғалімдерді оқытуда сағат санын анықтау;
- Оқыту әдістемесімен таныстыру;
- Сауалнаманы қолдана отырып, жас мұғалімнің табысты жұмысына диагностика өткізу.
Жоспарлауда мына салалар қамтылған:
- Нормативтік құжаттармен таныстыру.
- Сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
- Сабақты талдау және өздігінен талдау.
- Оқыту нәтижелеріне диагностика жүргізу.
- Білімдерін бақылау және бағалау.
- Педагогикалық технологиялар.
- Оқушылардың сабақтағы жұмыстарын ұйымдастыру түрлері.
- Тәрбиелік жұмыс.
Жас мамандарды оқыту жоспары
Оқыту мазмұны | Күтілетін нәтижелер | Оқыту әдістері | Сағат саны | |
Оқу жоспарымен, бағдарламамен, тақырыптық-күнтізбелік жоспарымен таныстыру. | Практикалық талаптар мен бағдарлама мазмұнын білу; оқу материалын іріктеп алуын білу; құжаттамаларды сауатты жүргізу, оқушылардың жеке істерін, сынып журналдарын рәсімдеу. | Кеңес беру, нұсқаулықпен таныс болу. | Қыркүйек | |
Сабақ жоспарлаудың әдістемесін меңгерту. | Мақсат, міндеттерді қоя білу, кезеңдерді жоспарлау, уақытын дұрыс пайдалану, оқу материалын іріктеу, бар ақпаратты оқулықтағы мазмұнымен қатынастыра білу. | Кеңес беру, тәлімгер мұғалімдердің сабақтарына қатысу және талдау жүргізу; практикум. | Қараша | |
Сабақты өздігінен талдау. | Сабақты өздігінен талдай білу, сабақтың жақсы және нашар жақтарын көре білу, сабақтың нашар жақтарын түзетіп, жақсарту. | Өз білімін жетілдіру, әдістемелік әдебиеттерді оқу, тәлімгер мұғалімдер үшін сабақ өткізу. | Қаңтар | |
Оқушылардың сабақтағы жұмыстарын ұйымдастыру түрлері. | Оқушылардың сабақтағы жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу, ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін қолдану, оқушы назарын қолдай білу. | Әдістемелік әдебиеттерді оқу, тәлімгер мұғалімдер үшін сабақ өткізу, рефлексті-жиынтық- оқыту. | Ақпан | |
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс. | Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра білу, мектептік ОҒБ жұмысына тарту, олимпиадаларға, байқауларға қатыстыру. | ӘБ мұғалімдері үшін ашық іс-шара, мектептік ОҒБ конференциясында тақырып бойынша сөз сөйлеу. | Ақпан | |
Сынып жетекшілігінің жұмысын жоспарлау. | Ата-аналармен байланыс орната білу, оларды сынып жұмысына тарту, оқушылармен іскерлік қарым-қатынас орнату. | Әдістемелік әдебиеттерді оқу, психологтың кеңесі, тәжірибесі мол мұғалімдердің балалармен қарым-қатынастық тәжірибесімен таныстыру. | Наурыз | |
Оқушылар білімін бағалауына бақылау жүргізу. | Бағалау нормаларына сәйкес оқушыларды дұрыс бағалай білу. | Кеңес беру, әдістемелік әдебиеттерді оқу, практикалық жұмыс. | Наурыз | |
Жас мұғалімнің жұмысында тудыратын қиыншылықты анықтау. | Өз тәжірибесін, қиыншылықтарын, табыстарын талдай білу. | Сауалнама жүргізу, әңгімелесу. | Сәуір | |
Оқыту нәтижелеріне диагностика жүргізу. | Өз жұмысына және алынған нәтижелерге талдау жүргізу, жақсарту бойынша әр қадамын салыстыру, жоспарлау. | Практикалық жұмыс, өз теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру бойынша өзіндік жұмыс. | Мамыр |