Құрметті ата-аналар!
«Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Сіздердің балаларыңызды 2018-2019 оқу жылында оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін 1 сыныпқа Нұртазина Шұға Амангелдықызы мұғалімге шақырады. Ұстаздың жалпы педагогикалық өтілімі – 20 жыл. Шығармашыл педагог, кәсіби қызметінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдана біледі. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейлерде сертификат, грамоталары, алғыс хаттары бар. Ұстаз балаларды жан-жақты тәрбие алуына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға аса мән береді. Оқушылары «Өнеге – 2017, 2018» қашықтық байқау, қалалық шығармашылық сайыстарының - Қалалық ғылыми жоба, Қалалық Абай оқуының жеңімпаздары болып табылады. Нақтырақ мәліметті жүктеме арқылы ала аласыз.
№26 ЖОМ – де қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын 1-сыныпқа жазылу жүргізіледі. Өтініш пен құжаттар № 37 кабинетте сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс) қабылданады.
1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар тізбесі:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.