Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаға тестілеуді өтуге қалай көмектесу?

 

Емтиханды тапсырудың табыстылығы көбінесе ата-ананың оған деген қатынасына байланысты екені құпия емес.Балаларға емтиханға жақсығырақ дайындалуға көмектесу үшін  бірнеше  кеңестерді орындап көріңіз:

 

Бала  емтиханда алатын  баллдар саны  туралы мазасызданбаңыз.

Баллдар  саны  оның  мүмкіндіктерінің  нағыз өлшемі  болып табылмайтыны  туралы ойға сендіріңіз.  

Емтихан алдындағы күні баланың  алаңдауын  көтермеңіз – бұл тестілеудің  нәтижесіне  кері  әсерін тигізеді.

Бала өзінің жастық ерекшеліктеріне қарай өзінің сезімдерін  ұстай алмай, ызалана алады.

Үйде оқуға арналған ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз, үйдегі басқалар  оған  кедергі жасамайтынын  қадағалаңыз.

Балаға дайындалу тақырыптарын  күндер бойынша  бөлуге көмектесіңіз.

Баланы  емтиханға дайындалу  әдістемесімен  таныстырыңыз.

Пән бойынша тест тапсырмаларының  түрлі  нұсқаларын  дайындаңыз және баланы жаттықтырыңыз,  өткені тестілеу балаға қалыпты  жазбаша және ауызша емтихандардан  ерекшеленеді.

Тест тапсырмалары бойынша жаттығу кезінде баланы  уақыт туралы ұмытпауға және оны дұрыс бөлуге  үйретіңіз.

Егер бала сағат тағыпжүрмесе, емтихаға оған міндетті түрде сағат беріңіз.

Баланың өзіне деген  сенімділігін көтеріп, қолдау көрсетіңіз.

Баланың емтиханға  дайындалу  тәртібін  бақылаңыз,  шамадан артық  кетпесін.

Баланың тамақтануына назар аударыңыз.

Балық, сүзбе, жаңғақ, өрік және т.б. тағамдар ми жұмысын жақсартады.

Емтихан күні алдында  балаға тиісінше демалыс беріңіз, ол демалып, жақсылап ұйықтап келу керек.

Емтиханнан кейін  баланы кінәламаңыз.