Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейбітшіл атом әр үйге

 

«Бейбітшіл атом әр үйге» - осы ұраны бүгін «қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар әр үйге» өзгертілді.Қазір компьютерлер байлықтың белгісі емес, бірінші қажеттілік заты болып табылады.Бірақ әрдайым емес бейбітшіл.» -компьютерлік және  интернет тәуелдігі туралы, біз бұрын білмеген проблема туралы  бір мақала осылай басталады және мамандардың болжауы бойынша «21 ғасырдың обасы» болады.  Соңғы уақытқа дейін  компьютерлік және интернет тәуелдігінің проблемасы  ең алдымен батыс елдерінде болған, бірақ қазіргі уақытта осы тақырыптар біздің елде де өзекті болып келе жатыр.  Әсіресе білім берудің  бүкіл саласын  глобалды ақпараттандыруды қарастырған  қазіргі кезгі мемлекеттік саясатына байланысты. Бұл не деген тәуелділіктің  жаңа формалары,олармен байланысты қауіп неде?   Бұны ұғуға тырысайық.

Біздің балаларымыз Интернетте қарым-қатынас жасаумен және компьютерлік ойындармен неге оңай елігіп кетеді?

Компьютерлік тәуелдіктің пайда болу себептері:

1. Ең біріншісі және ең бастысы – баланың өзін-өзі бақылау дағдыларының жоқ болуы.

2. Бала еңбек етуге, жұмысты көруге және оны орындауға үйретілмеген.

3. Бала басқалармен әрекеттесуге, кеңес алмасуға, яғни басқаларды  тыңдауға  және ең бастысы  кеңестерді және ұсынымдарды естуге үйренбеген.

4. Үлкендердің  компьютермен жұмыс істеу психогигиенасының ережелерін, оның пайдасын және зиянын білмеуі, үлкендердің білімсіздігі.Ата-анасының көңілін  мұқтаж ететін балалар компьютермен әрекеттесіп, жылулық пен қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандырады.

5.Отбасыдағы тәрбиелеу стилі қысым жасауда, нұсқау жасауда, жетекшілік етілетін тұлғаны тәрбиелеуде құрылған, нетижесінде осындай тұлға  бағына да алмайды, біреуді тыңдай да алмайды.

6. Баланың тұйық болуы.

7. Ата-анасының жағынан  бақылаудың болмауы,  жеке бас уақытының бақыланбайтыны, өз бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білмеуі.

8. Компьютермен шамадан тыс әуестену, бұл бала өзін нақты әлемде  таба алмай, виртуалды әлемге  кетуінің  белгісі болуы мүмкін.

 

Бала компьютерге тәуелді болмауы үшін  не істеу керек?

1. Оны уақыттық нормалармен таныстырыңдар (7-12 жастағы балаларға – күніне 30 минут, бірақ күн сайын емес; 12-14 жастағы балаларға – күніне 1 сағат болуы мүмкін; 14-17 жастағы балалар – 1,5 сағат).

2. Баланың түрлі іс-әрекетін бақылаңдар (үйірмелер, кең қызығушылықтар). Ең алдымен баланың өмір  тәртібін  бір балансқа  келтіру керек.

3. Үй бойынша жұмысты атқаруға үйретіңдер.

4. Отбасыда оқуды ұйымдастырыңдар.

5. Күн сайын баламен сөйлесіңіз, оның проблемалары, дау-жанжалдары туралы сұрастырып біліп отырыңыз.

6. Қарым-қатынас жасау тобын бақылаңдар, баланың достарын үйге шақырыңдар. Бала бос уақытын өткізетін орынды біліңіз. Қарым-қатынас жасау ережелерін үйретіңдер, баланың ой-өрісін кеңейтіңдер.

7. Эмоционалды шиеленісті түсіру, стресстік жағдайлардан шығу  тәсілдеріне  үйретіңдер.

8. Компьютерлік ойындар және бағдарламалар цензурасын іске асырыңдар. Интернетке бақылаусыз шығуға  рұқсат бермеңдер.

9. Үстел басында ойналатын және басқа ойындарды ойнаңдар, өз балалық шағыңыздың ойындарына қатыстырыңдар. 

10. Ата-аналар – еліктеу үлгісі болып табылатынын ұмытпаңдар, сондықтан өздеріңіз балаға қойған ережелерді бұзбаңдар (өз нормаларыңызға қарай).

Балаңызда компьютерлік тәуелділік бар екеніне күдіктенсеңіз не істеу керек?

1. Күш көрсету жолымен жүрмеңдер, қатаң тыйым салулар және шектеулер  енгізбеңдер. Ештеңені тез және дереу жасамаңыз, өйткені егер бала қатты тәуелді болса, онда оны «компьютерлік есірткіден»  кенет ажырау сіз күтпейтін  әрекеттерге әкелу мүмкін (өзіне қол салу немесе үйден кету әрекеттері және т.б.).

2. Қиын жағдайды байсалды жеңуге дайындалыңыз. Жеке жағдайларды және сіздің балаңыздың жеке тұлғалық  ерекшеліктерін ескере отырып тек тексерілген рецепттерді қолданыңыз.

3. Диалогқа шығуға тырысыңыз. Компьютерден қандай пайданы және қандай зиянды алуға болатынын айтыңыз.

4. Бостандық, таңдау құқығы, олардың шектері және  шешімдерді қабылдау құқығы үшін жауапкершілік туралы сөйлеңдер.

5. Виртуалдық кеңістікте  болудың тәртібін сәл шектеуді белгілеңдер.

6. Егер бала уәде беріп, оны орындамаса, өйткені оның тәуелдігі одан күшті болса, маманға бару қажет. Ең алдымен – психологқа.  Маман тәуелді жағдайының дәрежесін, проблеманы жеңу мүмкіндіктері бар ма екенін анықтайды.

7. Егер психолог  психиатрға баруға  ұсыным жасаса, онда тәуелдігі ұлғайғанын білдіреді, баланың санасын жарым-жартылай өзгертіп, оның тұлғасын жаулап алды.Компьютерлік тәуелділік проблемасын шешу тәжірибесі бар  маманды  міндетті түрде табыңыз.