Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚРБҒМ бұйрығы

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың
үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасы бекітілсін.

2. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды атестаттау жүргізудің үлгі ережесінде:

4-тарау алынып тасталсын.

3. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 180 (26601), 2011 жылғы 9 маусымдағы № 181-182 (26602-26603) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2)  мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Министр                                                                     Б. Жұмағұлов