Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Емтихандарда тәртіп

Емтихандарда тәртіп

1. Емтиханға белгіленген уақытта келу керек. Тек қана қалам, қарындаш және логарифмдер кестесін алуға рұқсат етіледі. Барлық оқулық пен жазуларыңды үйде қалдырған жөн.  

2. Емтиханда өзіңді сабырлы және сенімді етіп ұста. Жазба жұмыстарды өз бетімен орында. Ешкімнен ештеңе сұрама.Жұмысыңды мұқият орындап, тексергеннен кейін жазған парақтарымен қоса емтихан қабылдаушы мұғалімге тапсыр.     

3. Ауызша емтихан тапсырған жағдайда емтихан қабылдаушы мұғалім үстеліне жайлы жақында. Билет алған соң алдыңғы партадан орын алып, жауаптарға дұрыс дайындал. Дайындыққа 15-20 минут беріледі.

4. Егер де алған билетке жауап бере алмасаң, емтихан қабылдаушы мұғалімнің рұқсатымен екінші билет алуыңа болады. Баға бір ұпайға төмен болатынын ұмытпа.   

5. Емтиханда орнатылған тәртіп пен тыныш сақтаңыз.Достармен сөйлеспе және бір-біріңе хат жазба. Көмек және шпаргалка рұқсат етілмегенін есте сақта. Аталған тәртіптерді бұзған жағдайда оқушы емтихан тапсыруды жалғастыру құқығынан айырылады.