Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жарғысынан үзінді.Қауіпсіздік жадынамасы

Мектеп жарғысынан үзінді:

Мектеп формасы

Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы:

Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті кию үшін ашық көгілдір түсті жейде (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка)

 

Қыздарға арналған мектеп формасының жиынтығы:

Пиджак, жилет, шалбар, офис түріндегі ақ және ашық көгілдір түсті классикалық блузка, (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка, сарафан),  тақасы 3см-ден аспайтын туфли.

 

ҚАУІПСІЗДІК ЖАДЫНАМАСЫ

–        Өз үйіңнен, аулаңнан алысқа кетпе.

–        Көшеде бөтен адамдардан ештеңе алма. Кетіп қал.

–        Қараңғы түскенше далада жүрме.

–        Таныс емес жасөспірімдердің жанына барма.

–        Адам жүрмейтін жерлерде, жыраларда, бос қалған жерлерде, құлап жатқан үйлердің жанында, қора маңында, шатырдың астында, үй асты жерлерде жүрме.

–        Ұзақ сапарға жалғыз шықпа.

–        Бөтен адамдармен бірге подъездге, лифтке кірме. Атап өту керек, кейбір кезде қылмысты таныс адамдар да жасап жатады. (Мысалы мейірімді, жуас Ваня аға көршіңіз маньяк болып шығуы мүмкін).

–        Танымайтын адамдарға есік ашпа.

–        Алдын ала қауіпті дабылдары туралы көршілеріңмен келісіп ал.

–        Бөтен машинаға отырма.

–        Бөтен адамдардың ұсыныстарына «ЖОҚ!» деп жауап беріп, тез арада адамдар жүретін жерге бар.

–        Көшеде, көлікте, подъезде адамдарды көмекке шақыруға ұялма.

–        Қауіпті уақытта сені ұстап, саған күш қолданған жағдайда айқайла, оның қолынан босануға әрекет жаса, қашып құтыл.