Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі үлгілік қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 5-тармағын орындауда арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады. Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса),ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін 33-81-23 телефоны бойынша Павлодар қ. № 27 ЖББОМ КММ жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 1.ағымдағы жылдың 14 ақпанына дейін.