Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЗАРЛАНДЫМ

ЗАРЛАНДЫМ

(Әңгіме)

Роман деуге болады мұның өзі,

Фельетон тәртібінше әрбір сөзі.

Құрылған надандарға мысал - айна

Не шара соқыр болса көңіл көзі.

Қаны бір, мұны оқыған қарындастар,

Қалып тұр қараңғыда ғазиз бастар.

Өзі мас, көңілдері тас болмаса,

Ағызар, халін аяп қанды жастар.

Иесі білім - өнер туысқаным,

Жан қиып жұртың үшін ту ұстадың.

Тез, жылдам, бар шамаңша ұмтылып қал,

Барады отқа күйіп туысқаның.

Күл болып, қарасы өшіп жойылған соң,

Артынан не болады қуысқаның?

I

Сахарада өмір кешіріп жүрген қазақ балалары үш түрлі жолда болады.

Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ цеп те білмейтін, айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңқып, айтуға ауыз шошитын неше түрлі бұзық мінездері мен қараңғылықта күнін өткізіп барады.

Екіншісі: бұрынғы «аян», молда, надан - қожа ишандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз өтпейтін миларын шатастырған қияли болады. Нұры шашылды деп біліп, қуанышымыз қойынға сыймайды. Бұрын мұндай жақсылықты мың ұйықтасаң, түсімізде бір көре алмай, мың иіскесек, бір сезе алмай жүрген сорлы басымыз - ай, енді несін 

сұрайсың! Көңіліміз тасып, қайратымызды асып, күн сайын ілгері басып, қараңғыдан жарыққа қарай ұмтылып, надандықтың туманы серпіп тастап алды-артымызға қарамай зырқыратып бара жатқанда, надандықтан болған бір кісіге жолығып, көңіліміз жасып - аһ дариға - ай! Тоқталып қалдық – ау! Құдай көз жасымызды иіп, тағы да жүргізе ме? Яки, сорлы болып, қараңғылықтан шықпай қаламыз ба? Ақырын бір аллаға тапсырып тұрсақ та, бізге жолыққан апаттың түсі суық, рақымы жоқ, ыңғайы тым жамандау, ақыры қорқыныштырақ көріне береді.

Үшіншісі – біздер. Біздер – дағы сахарада өмір өткізген қазақтың көк өрім жастарымыз. Ең әуелі бұрынғы атақты молда, аруақты қожалардан оқып, кішкенелерімізге «Әліп секүн - ан*мен «Әбжат» ** таусылмай, тәуірлеріміз «Кесік бас», «Тақи ғажап» ** секілді пайдасыз кітаптардың санын түгесе алмай, миымыз шіріп, алтыннан аяулы алтын өміріміздің ең қымбатты уақытын босқа аяғымыз кейін кетіп, оқығымыз келмей, есалаң кісі секілді не ғып, не қойғанымызды да аңғармайтын едік. Мұның себебі молдадан ба, яки өзімізден бе, оқыған кітаптан ба, әйтеуір нешік болса да, думан шәкірт атанып жүре беруші едік. Солай болса да, бұл уақытта Құдай көзіміздің жасын иген болып, тәртіпті медреседен тәртіпті оқу оқып, «Ұсул тағлім» ***1* көрген молдалар еліміздің әр жеріне келе бастады.

Һәм біздер де тәлім алуға кірісіп біраз оқыған соң, бұрынғы машақаттанған күндерімізге қарағанда көзіміз ашылды, рахмет нұры шашылды деп біліп, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Бұрын мұндай жақсылықты мың ұйықтасаң, түсімізде бір көре алмай, мың иіскесек, бір сезе алмай жүрген сорлы басымыз – ай, енді несін сұрайсың! Көңіліміз тасып, қайратымызды асып, күн сайын ілгері басып, қараңғыдан жарыққа қарай ұмтылып, надандықтың тұманын серпіп тастап алды – артымызға қарамай зырқыратып бара жатқанда, надандықтан болған бір кісіге жолығып, көңіліміз жасып – аһ дариға – ай! Тоқталып қалдық – ау! Құдай көз жасымызды иіп, тағы да жүргізе ме? Яки, сорлы болып, қараңғылықтан шықпай қаламыз ба? Ақырын бір Аллаға тапсырып тұрсақ та, бізге жолыққан апаттың түрі суық, рақымы жоқ, ыңғайым тым жамандау, ақыры қорқыныштырақ көріне береді.

Құрметті, білім - өнер иесі, жаны бір, қаны бір туысқандарым! Басымызға келген жақсылық, жамандық аянышты халдерімізді айтып, кемшілік, қоршылықта болып, қараңғылықтан шыға