Телефон доверия
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 жылғы 1 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтетінін хабарлайды.
Акцияның жұмысы балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталады.
Акция кезеңінде рейдтік, аулаларды (пәтерлерді) аралау және т.б. іс-шаралар барысында сабаққа қатыспайтын балаларды анықтауға ерекше назар аударылады.
Акция барысында республиканың әр өңірінде демеушілер мен меценаттарды кеңінен қатыстырып «балалық шақты қорғауға 20 қадам» қайырымдылық марафонын өткізу жоспарлануда.
Осыған байланысты, Министрлік еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей атсалысуға шақырады.