Мектеп кітапханасын пайдаланудың ережесі
Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған құқылы:
- кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;
- жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркелуден өтуге;
- сыныптан тыс оқу үшін (көркем, ғылыми-көпшілік, танымдық әдебиет) 15 күнге беріледі.
- сирек және құнды басылымдар үйге берілмейді.
- Энциклопедиялар, анықтамалық, сирек және құнды басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдар тек оқу залында жұмыс істеу үшін ғана беріледі.
- Оқырмандар (бастауыш сынып оқушыларынан басқасы) басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман формулярына қол қояды.
- Мектептен кететін оқушылар оқулықтарды кітапханашыға жеке табыстайды. Оқушылар мектептен, кетер алдында кітапханамен толық есептесуге міндетті.
- Абонементте және оқу залында белгіленген тәртіппен баспа басылымдары мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алу.
- Абонементтің қорынан алынған құжаттардың пайдалану мерзімін ұзарту.
- Кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға, кітапханаға нақты көмек көрсету.
- Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге.
- Кітапхана қорынан алынған құжаттарға (онда белгілер жасамауға, сызбауға, жыртпауға, беттерін бүктемеуге және т.т.), ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға.
- Кітапхана бөлмесінен оқырман формулярына жазылмаған кітаптарды алып шықпауға.
- Оқу залының қорын тек кітапхана бөлмесінде ғана пайдалануға.
- Қордағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзбауға, каталогтар мен картотекалардан кәртішкелерді суырмауға, кітапханашының рұқсатынсыз қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кірмеуге.
- Кітапханаға кітаптарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
- Кітаптарды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда оларды сондай немесе кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыруға.
- Оқырман мектептен кеткен жағдайда өзіне жазылған кітаптарды кітапханаға қайтаруы тиіс.
- Мұғалімдер мен қызметкерлер мектептен кеткен жағдайда кітапханадан өзінің кету парағын белгілеуге, кетіп бара жатқан оқушылардың жеке істері кітапханашының тиісті белгісінен кейін беріледі.