Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапханада жұмыс жасау ережесі

Мектеп кітапханасын пайдаланудың ережесі 

         

 

    Мектеп кітапханасының оқырмандары (оқушылар, педагогтер, қызметкерлер) мынаған құқылы:

             - кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметін тегін пайдалануға;

             - жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркелуден өтуге;    

- сыныптан тыс оқу үшін (көркем, ғылыми-көпшілік, танымдық әдебиет) 15 күнге беріледі.

- сирек және құнды басылымдар үйге берілмейді.

- Энциклопедиялар, анықтамалық, сирек және құнды басылымдар, сондай-ақ мерзімді басылымдар тек оқу залында жұмыс істеу үшін ғана беріледі.

 - Оқырмандар (бастауыш сынып оқушыларынан басқасы) басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман формулярына қол қояды. 

 - Мектептен кететін оқушылар оқулықтарды кітапханашыға жеке табыстайды. Оқушылар мектептен, кетер алдында кітапханамен толық есептесуге міндетті.

  - Абонементте және оқу залында белгіленген тәртіппен баспа басылымдары мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалануға алу.

  - Абонементтің қорынан алынған құжаттардың пайдалану мерзімін ұзарту.

  - Кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысуға, кітапханаға нақты көмек көрсету.

 - Кітапханада тыныштық пен тәртіпті сақтауға, кітапхана бөлмесіне үлкен портфельдер мен сөмкелерді алып кірмеуге.

  - Кітапхана қорынан алынған құжаттарға (онда белгілер жасамауға, сызбауға, жыртпауға, беттерін бүктемеуге және т.т.), ақпарат тарату құралдарына, техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға.

 - Кітапхана бөлмесінен оқырман формулярына жазылмаған кітаптарды алып шықпауға.

  - Оқу залының қорын тек кітапхана бөлмесінде ғана пайдалануға.

 - Қордағы әдебиеттердің орналасу тәртібін бұзбауға, каталогтар мен картотекалардан кәртішкелерді суырмауға, кітапханашының рұқсатынсыз қызмет бөлмесі мен кітап қоймасына кірмеуге.

    - Кітапханаға кітаптарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

 - Кітаптарды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда оларды сондай немесе кітапхананың құны бірдей деп таныған басылымдарымен алмастыруға. 

 -  Оқырман мектептен кеткен жағдайда өзіне жазылған кітаптарды кітапханаға қайтаруы тиіс.

 - Мұғалімдер мен  қызметкерлер мектептен кеткен жағдайда кітапханадан өзінің кету парағын белгілеуге, кетіп бара жатқан оқушылардың жеке істері кітапханашының тиісті белгісінен кейін беріледі.