Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде мектепте оқу процесін іске асыру туралы

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 35 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ»  мемлекеттік мекемесі

БҰЙРЫҚ

 

2021 жылғы  «08»  қаңтар

№ 1-04/01

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде мектепте оқу процесін іске асыру туралы

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде кезекші сыныптардың және қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын, жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуын қамтамасыз ету үшін БҰЙЫРАМЫН:

1.Білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында 1-11- сыныптарда оқу қашықтық форматта ұйымдастырылсын.

2.Мектептің 1-4,11- сынып оқушыларына ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша кезекшілік сыныптар ұйымдастырылсын.

2.1.Кезекші сыныптардың құрамы мен мұғалімдері бекітілсін (қосымша №1).

3. Мектеп ғимараты дезинфекциялау құралдары үздіксіз қорымен қамтамасыз етілсін.

4. Жұмыс күні басталар алдында қызметкерлер мен оқушылардың  кірер тобындағы температурасын байланыссыз термометрмен (тепловизормен) өлшеу қамтамасыз етілсін, температураны тіркеу журналы жүргізілсін (Т 37,0 және одан жоғары болғанда немесе ЖРВИ-дің басқа да айқын белгілері кезінде қызметкер жұмыстан шеттетіледі). Жауаптылар: басты кіреберісте вахтерлер- Нарбутина Г.А., Смагулова Р.К., 2-қосалқы кіреберісте медбике Улжанова Ж.С.(келісім бойынша), 3-кіреберісте Серикбаева Т.С. оқушыларды әр кезекші сыныпта сабақ беретін мұғалімдер (2-қосымша).

5. Кезекші сыныптардағы оқу процесінің үзіліссіздігі мен жүйелілігін қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Болуспековаға жүктелсін.

6. Кезекші сыныптардағы оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау тәрбие ісінің меңгерушісі Джакипова М.А. жүктелсін.

7. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Н.Болуспекова мен А.С.Дюсенбаеваға жүктелсін.

8. Кезекші сыныпта нақты сабақ кестесі мен үзіліс, кварцтеу, желдету уақыттары  бекітілсін (қосымша №3). Жауапты: менеджер Боранбаева С.Ф.

9. Мектеп әкімшілігі тарапынан күн сайын кезекшілік ұйымдастырылсын (қосымша №4).

10. Қызметкерлер мен оқушыларды әр аптаның дүйсенбі күні коронавирустың алдын алу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру ұйымдастырылып, нұсқаулықпен таныстыру журналы жүргізілсін. Жауаптылар: педагог қызметкерлерді- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джакипова М.А., жұмысшы қызметкерлерді – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Карабаева А.М., оқушыларды әр кезекші сыныпта сабақ беретін  мұғалімдер, 11-сыныптарда сынып жетекшілері (2-қосымша).

11. Қызметкерлер мен оқушылардың нұсқаулыққа сәйкес уақытында жеке бас гигиеналық заттарды ауыстыруын (бетперде, перчатка,салфетка,          2 сағат сайын) ұйымдастырылсын. Жауаптылар: педагог қызметкерлерге- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джакипова М.А., жұмысшы қызметкерлерге – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Карабаева А.М., оқушыларға әр кезекші  сыныпта сабақ беретін мұғалімдер (2-қосымша).

12. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауды, қолданған бетперде, респиратор, майлықтарды жоюды, мүккамалдар мен жабдықтарды залалсыздандыруды  ұйымдастыру мен қадағалау директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары А.М.Карабаеваға жүктелсін.

13. Техника қауіпсіздік, санитарлық шараларын сақталуын қамтамасыз етілуімен сынып кабинеттері мен дәліздерді санитарлық талаптарға сай кварцтеу тәрбиешілер Серикбаеваға Т.С. (1,3-қабат), Баяндинаға А.К. (2,4-қабат) желдету 2-қосымшаға сәйкес әр кезекші сыныпта сабақ беретін мұғалімдеріне жүктелсін.

14. Мектептің ішінде барлық қызметкерлер бетпердемен жүруге міндетті. Бетпердесіз жүрген жағдайда, одан туындайтын жағдайларға  жауапкершілік қызметкердің өзіне жүктелсін.

16. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.

 

Мектеп директорының м.а.:                  Г. Ибраева

 

Таныстым: