Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтарға арналған

ДМШ балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге кепілдемелер

Кейбір мүмкіндігі шектеулі оқушылар жалпы орта білім беру бағдарламасын жақсы меңгеру мақсатында оқу жоспарының түрленімі мен ақпаратты беру тәсілдерінің өзгертілуіне мұқтаж. «Ақпаратты беру тәсілдерін өзгерту» мақаласының мәнмәтінде мүмкіндігі шектеулі балаларға сыныптастарымен салыстырғанда ерекше жағдай жасалатыны түсіндіріледі, атап айтқанда тапсырмаларды орындау формалары мен тапсыру мерзімдерін ұйымдастыру, нәтижелерді ұсыну тәсілдері Ақпаратты берудің тәсілдерін өзгерту тестілеу барысында алынған нәтижелерге әсерін тигізбейді. Мысалы, зағип (көзі көрмейтін) оқушы Брайль жүйесі бойынша жазылған тестті тапсырады. Кейбір оқушыларға тапсырмаларды орындау үшін сыртқы дыбыстардан жекеленген сыныпта қалуы қажет. Ақпаратты берудің тәсілдерін өзгерту оқушының білім беру жоспарына енгізілуі тиіс. Ары қарай ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда оқулықтар мен білім беру бағдарламаларында өзгерістер енгізу түсініктері көрсетілген.

Оқулықтар мен оқу бағдарламасы Оқулықтар

- Альернативті форматтағы оқулықтармен қамтамасыз ету, бірдей немесе оқуға ыңғайлы мазмұнды. - Оқушылар бір мезгілде мәтінді тындап және оқуы үшін аудио оқулықтармен қамтамасыз ету. - Оқулықтар тарауларының қысқаша мазмұнын ұсыну. - Жоғары деңгейде оқу үшін қызықты материалдармен қамтамасыз ету - Маңызды ақпаратты белгілеу үшін маркерлерді қолдану. - Оқулықтардың екі комплектісімен қамтамасыз ету, мектептің және үй тапсырмасының. - Тақырыптарды жазу үшін есеп карточкаларын пайдалану. - Дұрыс жауапты табу үшін бет нөмірлерін көрсету.. - Альтернативті оқулықтармен және оқу материалдарымен қамтамасыз ету.

Оқу бағдарламасы: - Түйінді ұғымды меңгеруге бағытталған қысқартылған тапсырмалар. - Қысқартылған тестілер. - Жазбаша тапсырмаларда альтернативті алмастырулар (жапсыру, сурет салу, панорама және т.б.). - Жиі қайталанатын тапсырмаларды нақты анықтау. - Назарларын тапсырмаға аудару (мысалы, «Сен осы тарауды оқыған соң, Аазаматтық соғыстың болуының үш себебін атай аласың»).