Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әлеуметтік-психологиялық қызмет

Психологтың жоғары сынып оқушыларын

ҰБТ алдында дайындау жөнінде

ата – аналарға ұсынылатын кеңестер

Балаларыңызға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
  • ҰБТ алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
  • үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
  • балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
  • балаңызды ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
  • тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, ҰБТ-ге барар алдында оған сағатты беріңіз;
  • балаңызды мадақтап, оның өз - өзіне деген сенімін жоғарлатыңыз;
  • балаңыздың дайындалуының күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
  • балаңыздың ішетін тағамдарына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;
  • ҰБТ алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар,өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
  • ҰБТ кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз;
  • Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.

ҰБТ-ға

психологиялық дайындық

Емтихан – бұл стресс, және тек оқушыға емес, мұғалімдерге де, ата-аналарға да. Әрине, тек ҰБТ емес, жалпы кез келген сынақ стреспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Бірақ стресс екі түрлі болады: эустресс – адамды шыңдайтын, қажырлы етіп, жігерін арттыратын және дистресс – адамның еңсесін түсіріп, күйрететін. Осыған байланысты, ҰБТ ғана емес, кез келген сынаққа қатысты қорқыныштың мүлде болмауының өзі қорқынышты! Сондықтан, психологтер жауапты сәттерде белгілі бір дәрежеде үрейдің болуы қажет деп санайды. Онсыз адам баласының белсенділігі төмендейді де іс-әрекетінің табысты болуы екіталай. Сондықтан, түлектің ҰБТ-ға енжар қарамайтыны ең алдымен, оның шамалы сескенісі, қорқынышы арқылы анықталады. Бірақ бұл қорқыныш жастардың денсаулығына, жансаулығына қауіп төндіретіндей жағдайда болмауы керек! ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Мектеп бітірушіге психологиялық жағынан

қалай дайындалу керек?

  • Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.
  • Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.
  • Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.

Егер көзің ауырса не істеу керек?

  • Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.
  • Ауыспалы түрде жоғары, төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);
  • Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;
  • Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);
  • Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;

Бір күндік кесте

  • Бір күнді үшке бөл;
  • Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;
  • Спортпен айналыс, таза ауада серуенде,
  • 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.

Тамақтану

Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.

Дайындалатын орын

Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.  
Жағымды тәрбиенің ұстанымдары
1. Баланың қажеттілігінде керегін түсіну.
Бала әрдайым оны жақсы көретінін сезінуі қажет. Егер ата-аналар баланың жаман қылығына емес, оның жақсылығына көп көңіл бөліп, онымен көп уақыт өткізіп, жақсы қылығын ынталандырып отырса, бала өзіне жақсы қарайды.
2. Өзара сыйластық
Өзара сыйластық келесіні білдіреді: «Мен саған жақсы қараймын және маған да солай жақсы қарағанынды қалаймын». Сіз балаңызбен бірге мәселелерді шешкенде, бірге маңызды шешім қабылдап, жалпы қателіктерден үйренсеңіз, осылай сіз өзіңіздің балаңызға сыйластықты білдіресіз.
3. Жақсы көру және оны қандай болса да қабылдау.
Сіздің балаңыз позитивті қатынасты және жеке абыройының сезіміне ие жеке адам болсын десеңіз, ол: не істесе де, қандай жағдай болмасын сіз оны әрдайым жақсы көретін боласыз. Адамның жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалап, сынау қажет.
4. Тәрбиелік іс-әрекеттің тізбегі.
Шектеудің қажетті жиынтығы болып табылатын «жоқ» және «болмайды» өлшеп қарау қажет. «Болмайды» әрдайым «болмайды» болады, егер өзімізді бір рет көндірсек, сынаудың, жанжалдын алдын алуга болады. Баланың дамуына анасының «жоқ» және әкесінің «ия» деуі көп әсер етеді.
5. Әңгімелесуді дұрыс құру.
«Мен - сөздер» техникасын, баланы жақсы көретінінізді көрсететін техниканы пайдалану
6. Күнделікті өмірде жағымды сөздерді пайдалану қажет:
-Маған сенімен жақсы
- Мен сені көргеніме қуаныштымын.
- Маған сенің ... ұнайды.
- Сенің бізде болғанын қандай жақсы.
- Сен менің жақсымсын.
Баланың «дұрыс» өсуіне оған осындай дәрумендер қажет: оны күніне 4 реттен кем емес құшақтап, өзіне қысу қажет.
№40 ЖОМ ММ психологы С.Г.Успанова
(Жалпы ұсыныстар)
  • ОЖІБ алдында балаға қорқыныш, үрей туғызатын жағдайларды болдырмау керек, себебі ол тест нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Балаға ата-ананың толғанысы берілуі мүмкін, жауапты мезетте өз күш-жігеріне ие болмауы мүмкін.
  • Баланы үнемі мақтау керек
  • Бала бойына сенімділік ұялату керек, өйткені бала қорыққан сайын қате жіберуге бейім тұрады.
  • Баланың көңіл-күйін қадағалау керек, оның көңіл-күйінің жоқтығын сізден басқа ешкім байқай алмайды.
  • Баланың күн тәртібін үнемі қадағалау керек, шамадан тыс шаршауына жол бермеу керек және оқу мен демалыс уақытын алмастырып отырып отыру қажет.
  • Баланың сабаққа дайындалатын ыңғайлы орны болуы керек және ешкім бөгет жасамайтындығын қадағалаңыз.
  • Баланың тамақтануына ерекше көңіл бөлу керек, себебі бала шамадан тыс жұмыс істеген кезде оның ағзасына әр түрлі дәрумендер, құнарлы тағам қажет. Мысалы: ми жұмысын жақсартатын азық-түліктер (балық, ірімшік, кепкен өрік, жеміс, жаңғақтар және т.б.)
  • Баланы емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды жаттау міндет емес, тек соның негізгісін, логикалық мақсатын анықтап алу керек. Ең пайдалысы – шағын тірек-сызба жасау, жалпы ережелерді, формулаларды қағазға жазып алып жазу үстеліне, кереуетке, ас үйде іліп қою.
  • Пән бойынша тест тапсырмаларының түрлі нұсқаларын дайындау керек. Тестілеу бойынша баланы дайындаудың маңызы зор. Себебі ОЖІБ тест түрінде өткізіледі.
  • Тест тапсырмаларын орындауға дайындық кезінде баланың уақытты тиімді пайдалануға бейімдеңіз, өйткені бала уақытты үнемдеуге үйренеді, әрі қорқыныш, үрейден арылады.
  • ОЖІб алдында баланың толық тынығуын қамтамасыз етіңіз, баланың ұйқысы әбден қану керек.
  • Тестілеу кезінде баланың нелерге назар аудару керектігі жөнінде кеңес беріңіз: тапсырмалар мазмұнын анықтау үшін көзбен жүргіртіп өту керек, бұл жұмысқа деген ынтаны арттырады; сұрақты аяғына дейін мұқият оқу керек және мазмұнын ұғу қажет.
  • Сұраққа дұрыс жауапты білмесең немесе күмәндансаң, ол сұрақты қайта қарастыру үшін белгілеп қою керек.
  • Егер бөлінген уақытта сұраққа дұрыс жауап таба алмасаң, өзіңнің ішкі сезіміңе сеніп, ең дұрыс деген нұсқаны белгілеуге болады.
Есіңізде болсын: ең бастысы – бала бойындағы қорқыныш сезімін бәсеңдету және сабаққа дайындалу үшін тиімді жағдай жасау.