Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Басшы туралы ақпарат

Мәуленқұлов Қожакелді Аманкелдіұлы

 

Туған жылы: 1979 жыл 21 наурыз

Ұлты: Қазақ

Жалпы еңбек өтілі: 18 жыл

Педагогикалық өтілі: 12 жыл

 

Білімі туралы мәлімет:

  • 2000 жылы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің «Бастауыш сынып мұғалімі» бойынша «Бастауыш сынып мұғалімі және бейнелеу өнері» біліктілігін алған. Павлодар қаласы

  • 2004 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі» біліктілігін алған. Павлодар қаласы
  • 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Заңтану» мамандығы бойынша «Заңтану бакалавры» біліктілігін алған. Астана қаласы

Санаты:«педагог-зерттеуші» (2019 жыл 30 желтоқсан)

Еңбек өтілі туралы мәлімет:

2000-2003 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты, мұғалім;

2004-2005 оқу жылы «ҚазГЗУ» ААҚ Павлодар гуманитарлық заң институты – ғылым, рухани даму және студенттермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы;

2005-2006 оқу жылы «ҚазГЗУ» ААҚ Павлодар гуманитарлық заң институты – әкімшілік-шаруашылық сұрақтар жөніндегі проректор – өндірістік-шаруашылық бөлімінің бастығы;

2006-2008 жылдар аралығында «ҚазГЗУ» ААҚ Павлодар гуманитарлық заң институты – тәрбие жұмысы, рухани даму және ғылым бөлімінің бастығы;

2008-2009 жылдар аралығында «Құқық және қаржы колледжі» мекемесінде өндірістік-шаруашылық бөлімінің бастығы;

2010 жылдың қаңтарынан бастап 2010 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Павлодар заң колледжі, Ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнің инспекторы-аудармашы;

2010 жылдың қыркүйегінен бастап «Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі;

2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2014-2020 жылдары «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ («Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ), директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың наурызынан бастап «Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-нің директоры

2013 жылғы тамызда Павлодар облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған;

2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған;

2016 жылғы 22 тамызда Павлодар облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталған;

2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.