Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары 2021- 2022 оқу жылы
Мақсаттары :
- Қоғамда бейімделуге, өзін-өзі өзгертуге  қабілетті, жан-жақты, белсенді, шығармашыл  тұлғаның дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың қабылеттілігіне,  еңбек  нарығының талабы  мен сұранысына  сәйкес оқушыларды  кәсіби сүйемелдеудің нәтижелі  жүйесін жасау.
Міндеттері :
- оқушылардың саналы түрде өзі-өзінің  кәсібін қабылетіне , икеміне ,жеке ерекшеліктеріне, қоғамның, жергілікті жердің кадрға тапшылығына  деген сұраныстарына қарай  анықтауға, қоғамда әлеуметтік-кәсіптік икемделу  қабылеттерін қалыптастыруға  мүмкіндік жасау;
-  Кәсіптік бейімдеу шеңберінде  оқушыларды дайындау жүйесін жасау;
- жасөспірімдерді кәсіптік дайындауға мүдделі тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік байланыстар жасау;
- Кәсіптер құрылымын  түсіну үшін мектеп пәндерінің  рольдері ;
- диагностикалық функциясын іске асыру, тұлғаның даму динамикасын  анықтау;
-педагогкалық ұжымның кәсіби деңгейін, шығармашылық шеберлігін арттыру,  педагогтік кәсіби, мансаптық өсуін қамтамасыз ету;
- жасөспірімдердің өздерінің өмірлік кәсіптік жоспарларын,болашақ мамандық мұратын және  сол салада жоғары біліктілік үлгілерін жобалауға  мүмкіндік жасау .
 Жоспар мазмұны :
         Жұмыс жоспары іске асырылуы: оқыту үдерісінде, сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстарда,  мектептің басқа  әлеуметтік  құрылымдармен  өзара әрекеті жағдайында: отбасымен,  кәсіби білім оқу орындарымен , мекемелермен .
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Кәсіптік бағдар беру  жұмысы жалпы білім беру мекемелерінде, мамандықтар саласында, кәсіби жарамдықты,  адамның кәсіптік маңызды қасиеттін және кәсіптік мансапты насихаттау арқылы оқушылардың саналы түрде өзі-өзінің  кәсібін анықтау  жағдайын жасау мақсатында  жүргізіледі. Бұл мақсатты жүзеге асыру  үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу- тәрбие жұмысының түрлері мен әдістері қолданылады.
Кәсіптік бағдар беру   келесі компонеттерді  қамтиды: кәсіби ағарту,кәсіби қызығушылықты ,икемді  дамыту.
         Кәсіптік бейімдеу жұмысы жалпы білім беру мекемелерінде сыныптан тыс, жалпы мектептік іс шаралар жүйесінде де   іске асырылады.