Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары 2021- 2022 оқу жылы
Мақсаттары :
- Қоғамда бейімделуге, өзін-өзі өзгертуге қабілетті, жан-жақты, белсенді, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың қабылеттілігіне, еңбек нарығының талабы мен сұранысына сәйкес оқушыларды кәсіби сүйемелдеудің нәтижелі жүйесін жасау.
Міндеттері :
- оқушылардың саналы түрде өзі-өзінің кәсібін қабылетіне , икеміне ,жеке ерекшеліктеріне, қоғамның, жергілікті жердің кадрға тапшылығына деген сұраныстарына қарай анықтауға, қоғамда әлеуметтік-кәсіптік икемделу қабылеттерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
- Кәсіптік бейімдеу шеңберінде оқушыларды дайындау жүйесін жасау;
- жасөспірімдерді кәсіптік дайындауға мүдделі тұлғалармен, ұйымдармен іскерлік байланыстар жасау;
- Кәсіптер құрылымын түсіну үшін мектеп пәндерінің рольдері ;
- диагностикалық функциясын іске асыру, тұлғаның даму динамикасын анықтау;
-педагогкалық ұжымның кәсіби деңгейін, шығармашылық шеберлігін арттыру, педагогтік кәсіби, мансаптық өсуін қамтамасыз ету;
- жасөспірімдердің өздерінің өмірлік кәсіптік жоспарларын,болашақ мамандық мұратын және сол салада жоғары біліктілік үлгілерін жобалауға мүмкіндік жасау .
Жоспар мазмұны :
Жұмыс жоспары іске асырылуы: оқыту үдерісінде, сыныптан тыс мектептен тыс жұмыстарда, мектептің басқа әлеуметтік құрылымдармен өзара әрекеті жағдайында: отбасымен, кәсіби білім оқу орындарымен , мекемелермен .
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жалпы білім беру мекемелерінде, мамандықтар саласында, кәсіби жарамдықты, адамның кәсіптік маңызды қасиеттін және кәсіптік мансапты насихаттау арқылы оқушылардың саналы түрде өзі-өзінің кәсібін анықтау жағдайын жасау мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу- тәрбие жұмысының түрлері мен әдістері қолданылады.
Кәсіптік бағдар беру келесі компонеттерді қамтиды: кәсіби ағарту,кәсіби қызығушылықты ,икемді дамыту.
Кәсіптік бейімдеу жұмысы жалпы білім беру мекемелерінде сыныптан тыс, жалпы мектептік іс шаралар жүйесінде де іске асырылады.