Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҰБТ

Тесты 2012

 

Тесты 2012-13

 

Мектеп Бітірушілерді қорытынды аттестаттау форматын

жетілдіру туралы

     Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының контексінде ҰБТ-ны 2015 жылдан бастап екіге: мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау үшін Ұлттық тестілеу (ҰТ) және республикамыздың жоғары оқу орындарына түсу үшін Кешенді тестілеуге (КТ) бөлу туралы мәселе қарастырды. 

     Бірінші кезеңде логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. ҰТ 5 пәннен, оның ішінде жыл сайын өзгертілетін 4 пән бойынша, өткізіледі. Мемлекеттік тіл – тестілеудің міндетті пәні болып қалады. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызуқарастырылады.

     Екінші кезеңде (Кешенді тестілеу) талапкерлер ЖОО-ға функционалдық сауаттылықты анықтау үшін тәуелсіз тестілеу арқылы жалпы тест және таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады. Емтихан 35-40 ЖОО базасында өткізіледі. ҰБТ өткізу пункттерінің қысқаруы бақылаудың күшеюіне әсерін тигізеді.

     Тестілеу ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өткізілетін болады. Әлемдік тәжірибені зерделеу АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Сингапур, т.б. елдерде компьютерлік тестілеудің кеңінен қолданылатынын көрсетті.

      2011-2012 оқу жылында Астана қаласы мен Атырау облысының мектептерінде компьютерлік тестілеуден эксперимент өткізілді. Эксперимент бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдірудің, біртұтас корпоративтік жүйені қалыптастырудың, мектептердің компьютерлік паркін жаңартудың қажет екендігін көрсетті.  Министрлік көрсетілген проблемаларды шешу үшін, оның ішінде «e-learning» бағдарламасын іске асыру аясында белсенді жұмыс жасауда. 

     2013 және 2014 жылдарда Министрлікпен анықталған мектептердің базасында білім алушыларға құқықтық салдары жоқ екі кезеңдік тестілеуге көшу бойынша эксперимент жоспарлануда. 

    Тестілеудің жаңа форматы мектеп бітірушілерді барлық пәннен бірдей дайындалуға ынталандырады, тапсырмаларды жаттап алудың орнына бітірушілердің білімді және оны қолдану дағдыларын жинақтауына ықпал етеді, тестілеуге түскен әлеуметтік жүктемені төмендетеді, ЖОО-ларға іріктеуді одан әрі объективті және мақсатты етеді.

     Логикалық тестерді және ақпараттық технологияларды тестілеуде кеңінен қолдану оқушылардың құзырлығын және функционалдық сауаттылығын анықтауғабағытталады.

    Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде Ұлттық бірыңғай тестілеу оқушылардың білімдерін бақылаудың әлеуметтік бағдарланған, нақты және тиімді регламенттелген үлгісіне айналады.

 

МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу

 

1. Тестілеуге өтініш беру

-  Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуғаөтініштімектеп бітіруші10 наурыздан 25 сәуіргедейін береді.

-  Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесіндетолтырады.

-  Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

-  жеке басын куәландыратын құжат;

-  2 фотосурет (3х4 өлшемді)

-  Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

- мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

- тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.

-  Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.

 

2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

-  ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.

-  ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

-  Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.

-  ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

-  Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

-  ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.

 

3. Тестілеудің  мерзімі мен ұзақтығы

-  Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.  

-  ҰБТ-ныңбасталу уақыты  – сағат 09.00.

-  ҰБТ-ға бөлінетін уақыт– 3,5 астрономиялық сағат.

-  Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады.Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге ғана шығуға болады.

4. Апелляция

-  Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініштібітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды.

-  Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.

Апелляция тест тапсырмаларының мазмұныбойынша мынадай жағдайларда беріледі:

-  тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;

-  дұрыс жауабы жоқ;

-  бірнеше дұрыс жауабы бар.

-  Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

-  дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

-  дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

-  Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің себебін көрсету керек.

5.Аттестатқа бағалар қою

-  Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі

Пән

2 (қана ғат/ сыз)

3(қана ғат)

4(жақ сы)

5

(үздік)

1

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15

Орыс мектеп теріне арнал- ған қазақ тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

16

Қазақ  мектеп теріне арнал-ған орыс тілі

0-3

4-11

12-17

18-25

 

6. Сертификат

-  ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:

-  ҰБТ нәтижесі туралы сертификат;

-  жалпы орта білім туралы аттестат.

-  Сертификаттыңжарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынадейін.

7.Білім беру гранты

-  Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.                        

-   Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін 60 балдан төмен жинамау керек, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.

-  Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

-  Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.

-  Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.  

-  Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады

 

Назар аударыңыз!!!

Бітіруші тестілеуден өту үшінҰБТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен біргекелесі құжаттарды алып  келу керек:

-  ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;

-  жеке басын куәландыратын құжат;

-  қара сиялы қалам;

-  ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:

-  сөйлесуге;

-  орнынан тұруға;

-  орын ауыстыруға;

-  кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;

-   калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер,  шпаргалкалар және анықтамалық құжаттарды (Меделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) қолдануғажәне аудиторияға алып кіруге.

Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, тестілеу кезеңінде барлық ҰБТӨП-те тыйым салынады.

-  Тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу барысында барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді, тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары қолданылады. 

-  Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда

Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

-   Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде (3,5 сағат) бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді.

 

       ҰБТ кезінде мектеп бітірушіге:

 

- Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс;Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;

- Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

- Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз.Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

- Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

- Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

- Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек!  Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

-Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.     

Назарыңызда болсын!Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

 

 

Сіздің

Ұлттық бірыңғай тестілеуде

өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге

 қол жеткізуіңізге

 тілектеспіз!

 

 

11б сыныбыныңҰБТ –ке дайындалатың қосымша  сабақтары мен факультативтік кестесі

 

 

 дүйсенбі

 сейсенбі

 сәрсенбі

 бейсенбі

 жұма

 Қазақ тілі

 

14:30

 

ПМПИ курсқа бару

 

 

ООК шығу

Орыс тілі

 

 

16:00

Математика

 

16:00

 

 Тарих

 

 

14:30

өз тандауы пәні

16:00

 

 

 

 

 

 11а сыныбының ҰБТ –ке дайындалатың қосымша  сабақтары мен факультативтік кестесі 

 

 

понедельник

вторник

среда

четверг

пятница

 Қазақ тілі

16:00

 

16:00

 

 

 ООК шығу

 Орыс тілі

 

14:30

 

 

 Математика

 

 

 

14:30

 Тарих

 

 

14:30

 

 өз тандауы   пәні

 

16:00

 

 

 

 Ескеру : «Достық» орталығына 11а  сынып оқушылары   арнайы кестемен барады