Бүгінгі күні мектепте 708 оқушы білім алуда, 38 сынып жиынтығы, оның ішінде 11-і - оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптар, 49 оқу кабинеті, 70 орындық оқу залы бар кітапхана, металл өңдейтін шеберхана, еңбекпен қамтамасыз ету кабинеті бар.
7 түзету сыныбы, гимназиялық бағыттағы 3 сынып, оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілетін 2 мектепалды даярлық сыныбы бар.
Педагогикалық ұжымды 68 мұғалім құрайды, оның ішінде педагогтардың 85,3% жоғары білімді, 48,5%-ы жоғары және бірінші санатты, 2 мұғалімнің атақ, марапаттаулары бар.
Мектеп педагогикалық ұжымы білім сапасын арттыру бойынша жұмыла еңбек етуде. Мектептің негізгі міндеті - жалпы орта білім беру мектебі жағдайында денсаулықты сақтайтын білім беру кеңістігін қалыптастыру.
Жыл сайын пәндерді тереңдете оқыта отырып әрі қарай бейіндік оқытуға бағытталған сыныптар желісі арта түсуде.
Оқу мекемесінде бес кабинеттен тұратын медициналық блок орналасқан:
- дәрігердің кабинеті
- ем-шара кабинеті
- тіс емдеу кабинеті
- егу кабинеті
- логопед кабинеті
Барлық кабинеттер заманауи медициналық техникамен жабдықталған.
Бұл мектеп оқушыларына медициналық қызмет көрсетуге, оларды сауықтыру бойынша сапалы жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Ырғақ және «Акварель» хореографиялық тобының сабақтары арнайы жабдықталған хореографиялық залда өткізіледі.
Химия және биология зертханалары практикалық жұмыстарды өткізуге мүмкіндік беретін арнайы құралдармен жабдықталған.
Екі шет тілі кабинеті лингафондық құралдармен жабдықталған. Оқушылар ағылшын және неміс тілдерін меңгеруде.
12+1 жергілікті компьютер желісімен жабдықталған 2 информатика және есептеу техникасы кабинеті бар. Мектеп 10 интербелсенді тақтамен жабдықталған.
Химия кабинеті оқушылармен теориялық және практикалық жұмыс өткізу үшін тиісті жабдықтармен қамтылған.
Мектепте екі спорт залы бар. Жаңа мектептегі спорт залдың бір ерекшелігі – едені арнайы жұмсақ жабынмен төселген, ер балалар мен қыз балалардың киім шешетін орындарында шайынатын кабиналар бар.
Қазіргі заман талабына сай 160 орындық мәжіліс залы бар, тек мектепте ғана емес сонымен қатар қалалық мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге арналған музыкалық жабдықтармен қамтылған.
2010 жылғы 1 қыркүйекте мектепте шағын орталық ашылды. Шағын орталықтың жалпы ауданы 298,37 шаршы метрді құрайды.
Шағын орталықта 8 педагог қызмет етеді, оның ішінде 1-і- бірінші санатты, 3- екінші санатты, 3- нің санаты жоқ.
Орталықта 2 мектепке дейінгі топ ашылған болатын. Оқу орыс тілінде жүргізілетін жоғары топта 25 бала болса, оқыту мемлекеттік тілде жүргізілетін жоғары топта 25 бала бар.
Шағын орталық жайы жеке блокта орналасқан, жеке кіретін жері бар. Жатын бөлмесімен біріктірілген 2 ойын залы, музыкалық зал, дамыту залы, санитарлық бөлме, киім шешетін шкафтары бар кең фойесі бар.
Ойын бөлмелері жиһаздармен жабдықталған және ойнайтын, оқитын, ұйықтайтын аймақтарға бөлінген. Ойын аймағы тиісті ойындармен, ойыншықтармен жабдықталған. Оқу аймағы тиісті әдебиетпен, әдістемелік6 үлестірмелі құралдармен, дамыту және пәндік-рөлдік ойындармен жабдықталған. Маркерлі тақталар бар.
Әр топта ауысым бойынша 2 тәрбиеші мен 1 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді. Шағын орталық таңертеңгі сағат 7.00-ден 19.00- ге дейін жұмыс істейді: балалар күніне 4 рет тамақтанады, сабақ оқиды, ұйықтайды, таза ауада демалады. Топтар ата-аналардың өтініші негізінде құрылды.
Шағын орталық мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуының психологиялық-педагогикалық және мазмұнды аспектілерін ашатын, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған «Біз мектепке барамыз» мектеп жасына дейінгі жоғары топ балаларын оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша қызмет етеді.
Мектепте қазіргі заман талаптарына сай технологиялық жабдықтармен қамтылған 90 орындық асхана бар, онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Аз қамтылған, көп балалы, жайсыз отбасы, жетім балалар санынан 683 мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтылған. Жалгерлер есебінен 10 оқушы тамақтанады.
Түрлі тағамдар жиынтығынан тұратын ас мәзірі даярланды.
Педагогтар мен мектеп оқушылары облыстық, қалалық шаралар мен түрлі