Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп директорының парағы

 

  Мектеп директоры
 
Задубняк Любовь Владимировна
 
 
 
"Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебі"
мемлекеттік мекемесінің сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз

 

 

«Павлодар қаласының №40 ЖОМ» ММ оқу-тәрбие жұмысының талдауы

2011-2012 оқу жылында мектеп төмендегі тақырып бойынша жұмыс жасады: «Практикада педагогтардың құзыреттілікпен келуін меңгеру бойынша мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру».

Мақсаты: «Педагогикалық практикада құзыреттілікпен келуді игеруде педагогтардың құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жобалау және теориялық тұрғыдан дәлелдеу»

     2011-2012 оқу жылында педагогикалық ұжым оқытуда және тәрбиелеуде жетістіктерге жету мәселесін шешу бойынша жұмыс жасады.
     Педагогикалық ұжымның жыл бойғы жұмысын талдай отыра, мектептің негізгі қызмет параметрлерін сақтағанын атап өту қажет.
     Мектеп – аралас типті, бір ауысымда жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілінде оқытылатын балалар саны тұрақты. Қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда 103 оқушы, орыс тілінде – 454 (2010-11 оқу жылында 105 және 454). Бастауыш буын оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған. Мектеп оқулықтармен 100% қамтылған. Оқу жүктемесінің барынша көлемі сақталады. Күннің екінші бөлігінде мектеп оқушыларының 41 үйірмеге және 9 қызығушылығы бойынша секцияларға қатысуға мүмкіндіктері бар.

Көрсетілетін білім беру сапасын қамтамасыз ету міндеттерін шешуде гимназия сыныптары жүйесін дамыту және пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар санын сақтау өз жалғасын тапты. Гимназия сыныптарының саны 2-ден 4-ке дейін артты. (қазақ және орыс тілінде оқытылатын 2, 6 сыныптар), бір сыныпта ағылшын тілін тереңдете оқыту жалғастырылуда.

Жекелеген пәндерді тереңдете оқыту бағдарламасы бойынша 20 оқушы білім алды. (2010-2011 оқу жылы – 20 оқушы).

52 оқушы үшін 6 сыныпта психологиялық дамуы тежелген бағдарлама бойынша оқыту жалғастырылған. (2011 жылы - 42 оқушы, 5 сынып).

Мектепте кәсіптік бағдар беруге жағдай жасалған, бұл оқушылардың білімін жалғастыруына мүмкіндік береді.

2011 жылы 9 сыныптардың 73 мектеп бітірушісінің 29 %-ы 10 сыныпта оқуды жалғастырды. (2010 жылы — 35,6%). Оқушылар мен ата-аналардың сұранысы бойынша 10-11 сыныптарда оқу үдерісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша ұйымдастырылды. Кәсіби оқыту сақталды – физико-математикалық, тарихи-құқықтық, биология -географиялық. Мектеп жүргізетін мониторинг оқушылардың таңдауының болашақ мамандығына кәсібіне сәйкестігін көрсетеді.

2011-2012 оқу жылында 1-11 сыныптардағы оқыту 2010 жылғы мемлекеттік білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы бойынша жүргізілді. Оқушыға оқу жүктемесінің деңгейі тиістіден артық берілген жоқ.

Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау ҚР білім беру стандартына және оқу бағдарламасына сәйкес құрылды, ӘБ отырыстарында қаралып, мектеп директорымен бекітілді.

Мектепте білім беру үдерісін 65 мұғалім жүргізеді. Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамыту кадрлар құрамының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Соңғы 5 жылда жоғары санат алған мұғалімдер саны 12%-ға артты, ағымдағы оқу жылында 16%-ды құраса, бірінші санатты мұғалімдер - 13,6%-ға артып, 44,6%-ды көрсетті. Мектеп мұғалімдерінің 60%-дан астамы жоғары және 1-ші санатқа ие, бұл білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, мұғалімдердің 34%-ы өз педагогикалық қызметіне алдыңғы технологияларды енгізуде. Мұғалімдердің 57%-ы заманауи педтехнологиларды енгізу, зерттеу бойынша жұмыс жасауда, 2011-2012 оқу жылы бойына РПКДИ мен ПМБАИ-да 33 мұғалім (50,8%) курстық қайта даярлаудан өтті, 29 мұғалім орыс тілінде және 4 мұғалім қазақ тілінде..

Мектеп мұғалімдері М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын меңгеру және үйрену бойынша қалалық шығармашылық топ құрамына енген, «А – я» бағдарламасы бойынша дидактикалық құралдарды құрастыру, Қазақстан тарихынан бақылау өлшеуіштері мен тесттер құрастыру, химиядан, биологиядан және географиядан ББТ құру, «Қоғамға қызмет ету» жобасын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу бойынша жұмыс жасауда. Бастауыш сынып мұғалімдері «Step bu step» технологиясын, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту әдістемесін қолдануда.

Наурыз айында дәстүрлі әдістемелік апталық өткізілді. Апталық аясында әдістемелік бірлестіктер өз жұмысына талдау жасады және мектеп әкімшілігі тарапынан бағаланды.

Мұғалімдерді рейтингтік бағалаудан өткізу қорытындысы төмендегіні көрсетті:

педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейдегі мұғалімдер саны - 9 (12,3%), жақсы деңгейдегі – 12 (22,2 %), орташа – 20 (37 %) мұғалім және төмен деңгейде – 5 (9,3). Мұғалімді рейтингтік бағалау жүйесі әр педагогтың өз қызметін бағалауына, талдауына, салыстыруына мүмкіндік береді, сонымен қатар туындаған мәселені шешуге, анықтауға жол береді.

Мектептің жаңа даму стратегиясы ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолданумен және электронды оқыту жүйесіне көшумен тығыз байланысты. Мектеп мұғалімдерінің 51%-ы «Мектепті ақпараттандыру» жобасы аясында біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта АКТ-ны қолдану үдерісін белсендету соңғы үш жылда мектептің материалдық-техникалық базасын арттыруға мүмкіндік берді.

Өткен жылмен салыстырғанда 1 компьютер есебіне оқушылар саны азайды және 11 оқушыны құрады. Инклюзивті білім беруге жағдай жасалуда: «Үйде оқытылатын мүгедек балаларды бағдарламалық жабдықпен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша арнайы жабдық сатып алынды.

Үстіміздегі оқу жылынды екі педкеңес өткізілді: «Заманауи сабақ» және «Денсаулық сақтайтын технологиялар».

Қараша айында ПМУ-дің экология факультетімен бірлесе отыра мұғалімдер үшін «Ғылыми жұмыстың стратегиялық жоспарламасы» атты практикалық семинар өткізілді.

Жыл бойына ашық сабақтар көрсету арқылы үш әдістемелік күн өткізілді. Мұғалімдер 32 ашық сабақ өткізді, (24 – і «толық сәйкес келеді» деген баға алды).

Мұғалімдердің баспа өнімдерін даярлауы жақсы жолға қойылған, әдістемелік-дидактикалық материалдар қала деңгейінде ғана емес, республика көлемінде де басылып шықты. Тамыз педагогикалық конференциясында және педоқуларда нәтижелілігімен көзге түскен мұғалімдер саны арта түсуде. Мектеп мұғалімдері авторлық бағдарлама құрастыру бойынша жұмыс жасауда. Бүгінгі күні 30 арнайы курстар мен пән факультативтерінің бағдарламасы игерілуде. Барлық бағдарламаларға ПМБАИ, ПМПИ, ПМУ және ИнЕУ мамандарының пікірі жазылған. Электронды жинақтарды құрастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мектеп педагогтары қалалық сайыстарға белсенді қатысушылар, қала және облыс мұғалімдері үшін хас-шебер сабақтарын өткізеді.

Оқу кабинеттерінің қалалық байқау-сайысында география және биология кабинеттері 1 орынға ие болса, информатика кабинеті қаланың үздік кабинеттерінің бірі болып танылды.

 

Желтоқсанда ПМУ-мен және гуманитарлық колледжбен бірлесе отыра «Экология және біз» мектеп ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді, онда мектеп оқушылары қорғауға 23 ғылыми жоба ұсынды.

 

Оқушылардың білім жетістігі, міндетті білім беру стандартының орындалуы мектептің білім беру қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Соңғы үш жылда оқытудың негізгі және орта буынында үлгерім сапасының тұрақтылығы байқалады: ( 1-4 сыныптарда: 2012 жыл - 60%, 2011 жыл — 56%; 5-9 сыныптарда: 2012 жыл - 37 %, 2011 жыл — 35%).

Мектепке қорытынды аттестаттауды ҰБТ түрінде тапсырғысы келетін оқушылар санының тұрақтылығы тән.

ҰБТ қорытындысы бойынша 11 сынып оқушыларының орта білім беру курсы бойынша бағдарлама материалын толық игергендігі байқалады. ҰБТ-2012 нәтижесі бойынша мектеп бойынша орташа баллдың артқандығы байқалады, 2010 жылы 14 орыннан, 2011 жылы 10-шы орынға, 2012 жылы 3-ші орынға дейін көтерілгендігін, қазақ тілі мен орыс тілінен Қазақстан тарихынан, дүниежүзілік тарихтан, географиядан, биология және физикадан балл көрсеткіштерінің айырмашылығын көрсетеді. Мектеп бойынша орташа балл қала деңгейінен 9,95 баллға жоғары, ал 2011 жылы 4,5 баллға жоғары болды.

Таңдауы бойынша пәндерден (Дүниежүзілік тарихтан, географиядан және биологиядан) орташа баллдың 1,3 баллға артқандығы байқалады. (2011 жыл — 19,15).

Сонымен қатар математикадан орташа балл көрсеткішінің төмендегені байқалады: 2011 жылы 17,6 баллдан 2012 жылы 11,7 – ға дейін.

Жыл сайын зияткерлік сайыстар мен түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар жарыстарына қатысушы оқушылар саны артуда. Осы оқу жылында мектеп оқушылары «Ғылымдағы алғашқы қадам» аймақтық ғылыми-зеттеу жобасы сайысының, қазақ тілінен облыстық пән олимпиадасының, қалалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» сайысының, сегізінші қалалық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысының, «Ақ бота» республикалық зияткерлік марафонының, «21 ғасыр көшбасшысы» республикалық зияткерлік марафонының, «Махамбет Өтемісұлы оқуларының», облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының, қазақ тілінен өткізілген интернет-олимпиадасының жеңімпаздары. Жоғарыда аталғандар негізінде мектепте дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесін жетілдіре түскен жөн.

Мектеп «Жаз-2012» қалалық байқау-сайысының жеңімпазы, «Құқықбұзушылықсыз жаз» номинациясы бойынша жеңімпаз, «Павлодар қалалық оқушылар спартакиадасында 2 лига» (бозбалалар) көшпелі кубок иегері атанды.

Мектепте қосымша білім беру бағдарламасы жүйесі бір жолға қойылған. 2011 – 2012 оқу жылында қосымша білім алатын оқушылар саны 64%-ды құрады (2011 жылы — 50%). Оқушылардың 4%-ы музыка, көркемсурет, спорт мектептерінде білім алуда..

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, қаңғыбастықтың алдын-алуда өсу динамикасы байқалады. Жыл қорытындысы бойынша құқықбұзушылықсыз, бірде-бір қылмыс тіркелмеген мектеп ретінде атап өтілді.

Денсаулықты сақтау бойынша профилактикалық шаралар жүргізу мектеп оқушыларын сауықтыру жөніндегі жұмыстың тиімділігі болып табылады. 3 жылғы мониторингті талдау барысында созылмалы аурумен ауыратын оқушылар саны 3,7%-ға төмендегені байқалады. 2010 жылы аталған көрсеткіш 35,8%-ды құрады. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту 2011 жылы 56%-ды құраса, 2012 жылы 73 %-ға дейін артты.

2004 жылдан бері қоғамдық-саяси өмірде мектептің рөлін арттыру, қызметін жетілдіру мақсатында «Бірлік» ата-аналар лекторийі жұмыс істейді.

Зияткерлік тұлғаны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтау «Эрудит» және «Почемучки», «Фемида» үйірмесі, «Бірлік», «Здоровячок», «Экология» және «Жалын» жазғы мектебінің жұмыстары арқылы ұйымдастырылған.

Оқу-тәрбие үдерісі деңгейін арттыру үшін:

- мектепті дамытудың басымды бағыттары бойынша жұмысқа бағдарламалық мақсатпен келуді қамтамасыз ету;

- барлық оқушылар үшін сапалы білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету

арттыру қажет:

- білім беру қызмет көрсетулері мен бағдарламалардың вариативтілігін дамыту үшін пәндерді тереңдете оқыту, гимназия сыныптары санын көбейту арқылы білім беру сапасын;

- білім сапасын, диагностика мен оқушылардың білім жетістігін бағалауды, мұғалімнің кәсіби шеберлігін бағалауды арттыруға бағытталған жаңа механизмді әзірлеу арқылы мектепті басқарудың тиімділігін;

- мониторинг жүйесін жетілдіру;

- кәсіби оқытуды енгізе отыра, жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық-гуманитарлық циклдерді кіріктіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін игеру;

- білім беру технологияларын қолдану және меңгеру бойынша педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, мұғалімдер мен оқушылардың құзыреттілігін дамыту;

- патриоттық тәрбие және азаматтық белсендікті қалыптастыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру.

Мектеп туралы ақпараттық анықтама

 

1.Сапалық сипаттама

«Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі» ММ 1962 жылы ашылды. 2009 жылы мектепке 420 орындық жалғай салу салынды.

Мектеп ғимараты типтік. Мектепте 2 спортзал, кітапхана, мәжіліс залы, шеберхана, медициналық кабинет, тіс емдеу кабинеті, 3 информатика кабинеті, хореография кабинеті, 2 лингафон кабинеті, биология, химия, физиканың мамандандырылған кабинеттері және музыка кабинеті бар.

Мектеп аралас типті, оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2011-2012 оқу жылында мектепте 609 оқушы білім алуда: қазақ тілінде 145 оқушы, орыс тілінде 463 оқушы. 36 сынып-комплектісі бар, оның ішінде 11-і қазақ тілінде, 25-і орыс тілінде оқитын сыныптар. 8 түзету сыныбы, 2 мектепалды даярлық тобы, 50 орындық шағын орталық қазақ және орыс тілінде оқытылатын топ, 4 гимназия сыныбы, ағылшын тілін тереңдете оқытатын 1 сынып бар. Сабақтар бір ауысымда өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы- 45 минут.

Мектеп алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді. Жоғары сыныптарда оқыту жаратылыстану-математикалық және қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша ұйымдастырылған.

2. Педагогикалық ұжым сипаттамасы

а) білім деңгейі бойынша:

 

 

ә) Еңбек өтілі бойынша:

б) Біліктілік санаттары бойынша:

 

г)  кадрлармен қамтамасыз етілуі және бос орындар мүмкіндігі: бүгінгі күні мектеп кадрлармен 100% көлемінде қамтылған.

Мектепте педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жүйесі қалыптастырылған.

            Мектепте төмендегідей пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері жұмыс істейді:

  • орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері;
  • математика, физика жәнеинформатика мұғалімдері;
  • қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері;
  • дене шынықтыру мұғалімдері;
  • бастауыш сынып мұғалімдері;
  • шет тілі мұғалімдері;
  • бейнелеу өнері, технология және сызу мұғалімдері;
  • тарих және география мұғалімдері;
  • биология және химия мұғалімдеріучителей биологии и химии;
  • сынып жетекшілері

Соңғы бес жылда педагогтардың 27%–ы Павлодар облысының МБАИ базасында біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Біліктілікті арттыруға ынталандыру жүйесі қалыптастырылған – біліктілік санаты бар мұғалімдерге арнайы үстемақы бекітілген.

Мектеп педагогтарын марапаттау жүйесі жұмысты ынталандыруда негізгі орын болып табылады.

3.Оқушылар туралы мәлімет

Оқушылар санының динамикасы

 

Сынып- комплектілері санының динамикасы

 

 

Оқушылар санының динамикасы

 

 

4.Оқушылар отбасының сипаттамасы

 

 

Ата-аналардың білім деңгейі

Ата-аналардың еңбекпен қамтылуы

 

5. Білім беру үдерісі нәтижелерінің диагностикасы

Білім беру сапасы(тек 4 пен 5-ке оқитындар)

 

 

Оқыту сапасы(«4» пен«5»)

 

 

 

6. Оқушылардың денсаулық жағдайы

Медициналық топтар бойынша оқушылардың денсаулық жағдайы

 

 

 

7. Мектеп бітірушілерді әлеуметтендіру

Білімді жалғастыру және оқушыларды еңбекпен қамту

 

 

 

Соңғы үш жылда  орта-арнаулы білім мекемелеріне түскен оқушылар саны аз,керісінше жоғары оқу орындарына түсушілер саны артты: мектеп бітірушілердің құрам ерекшеліктеріне және ЖОО-на қабылдаудың жаңа ережелеріне сәйкес.

 

8. Мектепті басқару ерекшеліктері

Мектепті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

 

 

9. Мектеп жұмысын нормативтік-құқықтық және құжаттық қамтамасыз етілуі

Мектеп қызметін реттейтін негізгі құжат – мектеп Жарғысы. Жарғының соңғы редакциясы 2012 жылы қабылданды.

 

10. Мектептің білім беру қызметіне социум талаптарының сипаттамасы

Мектептің материалдық-техникалық базасы

 

 

 

Мектептің ақпараттық базасы