Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
СӨС

СӨС«Мен және менің денсаулығым»

 

«Дұрыс тамақтану –денсаулықтын кепілі»
 
Дұрыс тамақтану апталығына орай мектепте облыстық салауатты орталығымен байланысып 7-8 сынып оқушыларына арналған  дөнгелек үстел өткізілінді, осы шараға оқушылар белсенді қатысты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру  XIIоблыстық конференциясы
 
     2007 жылдан бастап «Денсаулықты нығайтатын мектеп» жобасы басталды, біздін мектеп осы жобаға алғашқы болып енді.Көп жылдар бойы мектеп әр түрлі облыстық, қалалық шығармашылықсайыстарға, ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
    2011-2012 жылдарда  «Дұрыс тамақтану» бойынша үгіт -насихат бригадалар арасында бірінші орын алды.
2012-2013 «Денсаулығы ең мықты мектеп» деген үгіт- насихат бригадалар араыснда тағы да бірінші орынға ие болдық.
   Мектеп мұғалімдермен әдістемелік нұсқау дәптерлер шығарылды.Осындай бай қор болғандықтан біз өз тәжірибемізбен облыс ұстаздарымен бөлістік.
     12 желтоқсан күні біздің мектеп қонақтар үшін есігін айқара ашты, қонақтарға салауатты салтын қалыптастыру бойынша әр түрлі іс шаралар көрсетілді Барлық іс шаралар әр түрлі бағыттар бойынша өткізілді туберкулёздің алдын алу, ЖИТС-тің алдын алу, жол жарақаттанудың алдын алу, дұрыс тамақтану.
      Барлық іс шаралар әр түрлі әдістердің қолдануымен өткізілді ата-аналар лекториі, викториналар, квн,спорттық сайыстар,дебат, мектеп белсенділердің отырысы, қонақтар өз қолымен денсаулық бұйымдар жасады, мини центр балалары қонақтар үшін дәрүмендер мерекесін көрсетті.
   Ата-аналарға үлкен алғыс айту жөн, оқушыларға әдемі киімдер тігіп, көріністер жасаған үшін.
   Қонақтар  үгіт-насихат бригадаларының  шығармашылықтарын көріп,керемет концерт тамашалады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы Павлодар облыстық орталығы біздің мектепті халқымыздың баға жетпес байлығы болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту жолындағы мемлекет саясатын іске асыра отырып ведомствоаралық деңгейде «Денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мектептер» жобасы бойынша Павлодар қаласының мектептерінде 12 облыстық конференция бірлесіп ұйымдастырғаны үшін марапаттады.
 
 
«Денсаулық- ең негізгі байлық»
 
   Қыркүйектің бірінші аптасында мектебіміз дәстүрлі «Денсаулық күніне» арналған шара откізді Ертіс өзенінің жағалауында.
     Біздің сынып өте ұйымшыл.
    Барлық өткізілген көңілді старт, кросс,мақал-мәтелдер сайысы бойынша алдыңғы қатарда болдық.
     Денсаулық күні-қандай тамаша!
 

 
 
«Денсаулық апталығы»
 
         Мектебімізде Денсаулық күні жыл сайын дәстүрлі түрде және жоғары деңгейде өткізіледі. Бұл күн жалпымектептік сапқа тұрудан, сәлемдесуден және техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырудан басталады. Оқушылар сынып жетекшілерімен Ертіс жағасына беттеді. Ауа райы ашық, балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Табиғат аясында түрлі спорттық шаралар өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары көңілді эстафетаға қатысса, ер балалар футбол ойнауға кірісті.
5-8 сынып оқушылары дәстүрлі «Алтын күз» кросына қатысты, ал жоғары сынып оқушылары бес шақырым қашықтыққа жүгірді.
Спорттық шаралардан басқа зияткерлік сайыстар өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Салауатты өмір салтыұлт денсаулығының негізі»

   № 40 ЖОМ-да Денсаулық апталығына шолу жүргізілді. Әділқазылар алқасы «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» сурет сайысын, «Денсаулық – зор байлық» плакаттар сайысын қорытындылады. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер сайысында 5 «а» сыныбы жеңімпаз атанса, 4 «б» сынып оқушылары «Денсаулыққа пайдалы тағам» сайысында театрландырылған қойылым көрсетті. 1-4 сынып оқушылары табиғи материалдан түрлі мүсіндер жасады.

Жарайсыңдар, балалар!

 

Жаңа қазақстандық патриотизм – көп ұлтты және көп конфессионалды мемлекетіміздің жетістігінің негізі

  Мектебімізде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өткізілді. Отырыста төмендегі тақырыптар қарастырылды: 1) «Жаңа қазақстандық патриотизм – қоғам жетістігінің негізі» 2) 2013/2014 оқу жылына тәрбие жоспарын құру. Мектеп психологі сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейін анықтау мақсатында тренингтер өткізді, сынып жетекшілері жұмысында туғызатын қиыншылықтарды жою мақсатында жас жетекшілерге әдістемелік ұсыныстар берілді.