Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақ тілі

 1.Бірыңғай жуан бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Күләнда. B) Есімдер. C) Гүлзар. D) Еңбекқор. E) Бағдаршам.
 2. Туынды түбірді табыңыз.
A) Қалам. B) Айтыс.  C) Ақыл. D) Парасат. E) Адам.
 3. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған қысқарған сөзді көрсетіңіз.
A) ҚарМУ-де.  B) 25 смден. C) А. Байтұрсыновтың.
D) ГАЗ – 51-мен.  E) МТС-ті.
 4.Синтаксистік қатынасты көрсетіңіз. Баянауылға соқты.
A) Анықтауыштық.  B) Баяндауыштық. C) Пысықтауыштық.
D) Бастауыштық. E) Толықтауыштық.
 5.Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл жердің көктеуі өте жақсы болды.
A) Толымды.  B) Жалаң. C) Атаулы. D) Толымсыз. E) Жақсыз.
 6. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Әрине. Әдейі. B) Рас. Жорта.  C) Бақытымызға қарай. Нақ.
D) Амал қанша. Кілең.  E) Несін айтасың. Мен білсем.
 7. Антоним сөздердің қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Жақсының бәрін өзім мақтан етіп,
Жаманыңды көрмесем екен деймін.
A) Күрделі сын есім.  B) Сан есім.  C) Сын есім. D) Есімдік.  E) Етістік.
 8. А.Құнанбаевтың өлең жолдарынан үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.
A) Сен де бір кірпіш дүниеге,
     Кетігін тап та, бар қалан.
B) Ғылым таппай мақтанба,
     Орын таппай баптанба.
C) Әсемпаз болма әрнеге,
     Өнерпаз болсаң арқалан.
D) Құлақтан кіріп, бойды алар,
     Тәтті ән мен жақсы күй.
E) Көңілге түрлі ой салар,
     Әнді сүйсең, менше сүй.
 9.Өрімші, сауыншы, малшыдеген сөздер қандай сөздерге жататынын белгілеңіз.
A) Дара сөздер.  B) Туынды сөздер.  C) Күрделі сөздер.
D) Негізгі сөздер.  E) Біріккен сөздер.
10. Туынды сын есімді табыңыз.
A) Тік бұрыш.  B) Терең сай. C) Жылдық жоспар. D) Үлкен кісі.
E) Жаман оқушы.
11. Өздік есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Екеуміз оңаша сөйлесерміз.
B) Өзің әжептеуір сыншы болып қайтыпсың.
C) Барлық үлкендер қауырт көтеріліп шықты.
D) Мыналар ертеңге дейін отырады.
E) Болыс кеткелі бұрынғы өз мінезінің бәрі қалды.
12. Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
A) Мақсатты келер шақ.  B) Нақ осы шақ.
C) Ауыспалы осы шақ.  D) Жедел өткен шақ. E) Болжалды келер шақ.
13. Жалғаулық шылауларды белгілеңіз.
A) Ма, ме, ба, бе.  B) Үшін, кейін, та, те.  C) Сияқты, тәрізді, жөнінде.
D) -ақ, -ау, -еу.   E) Алайда, сол себепті, және.
14.Жас Қаныштың әр жылы оқудан келген сайын ыждахатпен орындайтын бір рәсімі бар.
Ыждахатпен қандай пысықтауыш болатынын табыңыз.
A) Мезгіл.  B) Мекен.  C) Мақсат.  D) Себеп. E) Амал.
15.Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Жамандық пен жақсылықты көтеріп тұрсың-ау, Жер ана
A) Көп нүкте.  B) Сұрақ белгісі.  C) Нүкте.  D) Нүктелі үтір.
E) Леп белгісі.
16.Стиль түрін анықтаңыз.
Жамбыл шығармашылығы – түрік халықтарының әдеби мұралары, қазақ фальклорынан бастау алған, ауыз әдебиеті мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін ұштастырған ұлы мұра.
A)  Ғылыми.  B) Ешбір стильге жатпайды.
C) Көркем әдебиет.  D) Ресми іс-қағаздар.  E) Ауызекі сөйлеу.
17. Пысықтауыш қызметіндегі көнерген сөзді табыңыз.
A) Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
B) Соттан кейін Махамбеттің түбіне ауылдың ұсақ әкімдері жетті.
C) Итбай ауылының жастары қызыл отауға қарай асықты.
D) Жарқылдаған қанжарды қара жүрекке қадап жіберді.
E) Қазір атшабарларыңды менің көзімше жан-жаққа шаптырыңдар.
18. Пысықтауыш қызметіндегі мезгіл үстеуді табыңыз.
A) Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды.
B) Жарамайды бекер алдау,
     Теңің емес мен сенің.
C) – Ал, енді тынығайық, - деді кешке әңгіме қозғаған атасы.
D) Жастығын темір кереуеттің арқалығына тақай биігірек қойды.
E) Көзін әрең-әрең ашып қойып, Ахмедияр шалқасынан жатыр.
19. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Оспанның қазір жүзі қызарып, қабағы түйіліп кетіпті.
B) Бұрын көрмегендіктен, таңдана қарады.
C) Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.
D) Сөйлесіп болған соң, телефонды лақтыра салды.
E) Мен айтарда, ол жазды.
20.Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді белгілеңіз.
A) Ауа-райын көрдің бе?..
B) Жер-Ананың қадірін кім біледі!..
C) Осындай жерді қалай бүлдіріп, қалай қор қыларсың?..
D) Қолмен жаудырар ма едің жауынды!..
E) – Дәу жігіт-ау, бұл заман не боп барады  деп Нартайды бас салды.
 
 
 
 
 
1 нұсқа
 
1.  Жалғаулық  шылауды  көрсетіңіз.
А)Кейде;  В)Ән бе екен?;С)Төмен қарай; Д)Намыс пен  ерлік; Е)Бар ма?
2.  Тұрақты  сөз  тіркесін  табыңыз.
А)Көз шырымын алды; В)Мен  келдім; С)Мүмкін, келер; Д)Оқыған оқушы; Е)Меніңше, дұрыс.
3.  Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А)Абайдың шәкірті; В)Дала тастай қараңғы екен;
С)Ұрыншақ жігіт; Д)Ауыл іші; Е)Төбе шашы тік тұру.
4.   Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А)Асқар онша әнші болмағанмен, музыкалық сауаттылығы жоғары еді; В)Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі; С)Қоңырау соғылды; Д)Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл жүні бар; Е)Екпей, егін болмас, үйренбей,  білім болмас.
5.   Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А)Ер жолдасы- тәуекел; В)Адам аласы  ішінде, мал аласы сыртында; С)Көп түкірсе, көл болады; Д)Айласыз батыр алданар; Е)Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
6.   Ауыспалы  мағынаны көрсетіңіз.
А)Үй тарлығынан қысылып отыр; В)Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер; С)Тарлық тірі жанға не істетпейді?; Д)Аяқ киімің тар болса, дүниенің  кеңдігінен не пайда?; Е)Үйі тар болғандықтан, қонақ та шақыра алмады.
7.   Үстеу қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
Оқты жаңбырша жаудырды.
А)Пысықтауыш; В)Бастауыш; С)Толықтауыш; Д)Баяндауыш; Е)Анықтауыш.
8.  Стильдің анықтамасын  табыңыз.
А)Көркем  сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі; В)Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі; С)Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім; Д)Жазу мәдениеті , көне сөздерді қолдану тәсілі; Е)Ауызша айту әдебі.
9.  Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.
А)Бұ-лтты-лық; В)Бұлт-ты-лық; С)Бұл-тты-лық; Д)Бұ-лт-ты-лық; Е)Бұ-лт –тыл-ық.
10.    Орфография бойынша  дұрыс  жазылғанын табыңыз.
А)Ақыйу; В)Ахию; С)Ақіиу; Д)Ақиу; Е)Ақию.
11.  Дефис арқылы жазылатын сөзді  көрсетіңіз.
 А)Фотокөрме; В)Шаңсорғыш; С)Қызкеліншек;      Д)Қонақжай; Е)Алтыбақан.
12.  Сөз құрамын, сөз  таптарын зерттейтін ғылым  саласын  белгілеңіз.
А)Фонетика; В)Синтаксис; С)Пунктуация; Д)Лексика; Е)Морфология.
13.  Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Уай, шіркін, ән деп осыны айт.
А)Бірыңғай мүше; В)Қаратпа; С)Одағай; Д)Еліктеу; Е)Қыстырма.
14.  Туынды сын есімнен жасалған.
А)Құрт-құмырсқа; В)Апыл-ғұпыл; С)Ұрмай-соқпай; Д)Жігіт-желең; Е)Үлкенді-кішілі.
15.   «Ма», «ме», «ба», «бе» - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз.
А)Етістік жұрнағы; В)Көсемше жұрнағы; С)Есімше жұрнағы; Д)Рай жұрнағы; Е)Болымсыз етістік жұрнағы.
16.  Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А)Қараңғы түсті де, жұлдыздар көріне бастады; В)Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды; С)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді; Д)Түлкінің қызылдығы өзіне сор; Е) Ұлың  өссе, ұлығың.   
17.   Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
 А)Құмырсқа бел - жіңішке бел; В)Сәлем – сауқат; С)Бажа – абысын; Д)Аш – тоқ; Е)Аралас – құралас.
18.   Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
А)Бос шылбырды сүйретіп қайтесің?; В)Аққу  жүзді  сызылып; С)Орманның  оңтүстік тарапына жатады; Д)Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан; Е)Жиырма  бестерге келген  қыз  екен.
19.   Деректі зат есмідер қатарын табыңыз.
 А)Ауа,  жел; В)Ақыл, ес; С)Көңіл, сезім; Д)Мектеп, ағаш; Е)Ой, сана.
20.  Ыңғайластық  жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.
 А)Өйткені, себебі, неге десең; В)Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі; С)Сондықтан, сол себепті; Д)Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ; Е)Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде.
 
 
2 нұсқа
1. Сұрау есімдігінің 1 жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.
А) Кімде?; В) Кімбіз?; С) Қаншасы?; Д) Қалай?; Д) Кімі?
2. Антоним сөздерді табыңыз.
А)Үстем-басым.; В) Ызақор- шақар.; С) Үздік- создық.; Д) Жөндеу- бұзу.; Е)Ұялшақ-ұяң.
3. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын әріпті көрсетіңіз.
А) Қ; В) Т; С) С; Д) К; Е) В
4.  Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.
А) –атын,-етін.; В) –хана,-паз.; С) –қан,-ген.; Д)-дың.-дің.; Е) –шыл,-шіл.
5. Бейнелік мағынаны бідіретін сөздерді табыңыз.
А)Ебелең-ебелең, селтең-селтең.; В)Аудандық, мейрамхана.; С) Тырс-тырс, дүңк-дүңк.; Д) Кейбір, әлдене.; Е) Отыр, жазғыз.
6.  Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.
А) Көрген сайын сұрайды.; В) Тойдың соңы.; С) Оқиғаны зерттеу.; Д) Қызметке тұру.; Е) Күміс білезік.
7.  Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) Байқаймын- ол мені танитын адамға ұқсайды.; В)  Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ.; С)  Менің білуімше, ел бір заманда қой баққан сияқты.; Д)  Ең әуелі: жайдақ суға теңердіңіз.; Е)  Амал нешік келдім.
8.  Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіз.
 Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!
А)  Біріңғай мүше; В)  Одағай.; С)  Оңашаланған айқындауыш; Д)  Қыстырма сөз.; Е)  Қаратпа сөз.
   9.Тәуелденіп барып септелген сөзді көрсетіңіз.
А)  Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.; В)  Барға қанағат ет.; С)   Өлімнен ұят күшті.; Д)   Жүрегімнің түбіне терең бойла.; Е)   Оқудан оралды.
10.  Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А)  Тарлан ат.; В)  Аққан жұлдыз.; С)  Тарихи  мұражай.; Д)  Табанынан таусылу.; Е)  Еңбекақы төлеу.
11.  Тура толықтауышты тіркесті табыңыз.
А)  Ойында сақтаулы.; В)  Келгеніне риза болды.; С)  Ауылдан  келді.; Д)  Оны білгенін жасырды.; Е)  Ауданға барды.
12.  Біріңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
А)  Тыңда, дала, Жамбылды.; В)  Мен сендерге естіген әңгімелерімді кітап қылып тартамын.; С)  Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым- жырт.; Д)  Дариға, домбырамды берші маған!; Е)  Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
13.  Салаластың түрін ажыратыңыз.
 Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжептәуір  судың  иіріміне қойып келіп кетеді.  
А)  Себеп- салдар; В)  Түсіндірмелі.; С)  Кезектес.; Д)  Ыңғайлас.; Е)  Талғаулы.
14.  Жақсыз сөйлемді  табыңыз.
А)  Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық.; В)  Досанның тауға қайтадан барғысы келді.; С)  Ауылдың малы балалап, айран шықты аз- көпті.; Д)  Асан ұйықтап қалды.; Е)  Ермек өте жақсы оқиды.
15.  Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
А)  Бала жігіт бұйрықты екі етпейтінін айтты.; В)  Әркім- әуелі өз ауылының баласы.; С)  Бұл- ойланатын нәрсе.; Д)  Туған жер- алтын бесік.; Е)  «Білмеске сөзің қор боп кетер»,- деген М. Дулатұлы.
16.  ХIV- XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.
А)  Майқы би.; В)  Абай, Ыбырай.; С)  Б. Адамбаев, С. Негімов.; Д)  Асан қайғы, Жиренше шешен.; Е)  Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
17.   Ашық буынды сөзді табыңыз.
А)  Тар.; В)  Дара.; С)  шалқар.; Д)  Жұмбақ.; Е)  Кең
18.  Күрделі зат есімді табыңыз.
А)  Күндік.; В)  Жайдары.; С)  Өнеркәсіп.; Д)  Сұлулық.; Е)  Малшы.
19.  Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
А)  -ар, -ер, -р; В)  -қан, -кен.; С)  -ғалы, -гелі.; Д)  -мақ, -мек.; Е)  -па, -пе.
20.  Өздік есімдігін көрсетіңіз.
А)  Атаңыз.; В)  Әрқашан; С)  Бет- әлпет.; Д)  Өзіңіз.; Е)  Түзу.
 
 
 
3 нұсқа
 1.Болжалдық  сан  есімді  анықтаңыз.
А)  Отыз  шақты   В)   Бір  жарым    С)   Он-оннан
Д)   Қырық     Е)   Сегізінші
2.   Сілтеу  есімдігін  табыңыз.
А)  Сен    В)   Кім     С)   Өзі   Д)   Мен  Е)   Осы
3.   «Тазалық – саулық  негізі, Саулық – байлық   негізі»  мақалының  түйіні  неде,  табыңыз.
А) Батырлық В)   Ынтымақ.  С)   Егіншілік.Д)   Денсаулық. Е)   Ас, тағам.
4.    Жіктік  жалғауының  1-жағының     қосымшасын  көрсетіңіз.
А)  -ды, -ді. В)   -сың, -сің. С)   -пыз, -піз.
Д)   -ған, -ген.  Е)   -ып, -іп.
5.    Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіріп, ерекше әуенмен  айтылатын сөйлемді қандай сөйлем дейді.
А)  Лепті сөйлем   В)  Хабарлы сөйлем  С)  Сұраулы сөйлем  Д)  Бұйрықты сөйлем Е)  Жай сөйлем
6.  Ол  бес  деген  баға  алды. Сөйлемдегі  тырнақшаға         алынатын  сөзді  көрсетіңіз.
А)   Баға.  В)   Бес.  С)   Ол.  Д)   Алды. Е)   Деген.
7.    Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А)   Мен жеті жастамын  В)   Менің атым – Қожа
С)   Қош келдіңіз Д)   Ол үйде ме  Е)   Күн суытты
8. Анықтауышты  табыңыз.       Мен  бұл   әнгімені  инженерге  айттым.
А)  Айттым. В)инженерге. С) бұл. Д) Мен. Е) әңгімені.
9.     Мақсат пысықтауышты  табыңыз.
А)   Қасақана. В)   Ертеде. С)   Ұялғаннан.
Д)   Өршелене. Е)   Бұл  жолы.
 10. Қыстырма  сөзді  табыңыз.
А)   Жақсы. В)   Оның  айтуынша.
С)   Қош. Д)   Құдай-ақ. Е)   Құп.
        11.Сөйлем неден құралады, көрсетіңіз.
А)   Ойдан   В)   Әріптен   С)   Сөзден
Д)   Буыннан  Е)   Екпіннен
12.  Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)   Ит өлген жер В)  Талдықорған  С)Сары жапырақ
 Д)   Күн шықты  Е) Жаз
13.  Тура толықтауыш қалай жасалады, белгілеңіз.
А)   Барыс септігі арқылы В)   Көмектес септігі
арқылы С)   Атау септігі арқылы
Д)   Табыс септігі арқылы  Е)    Ілік септігі арқылы
 14Қысаң  дауысты  дыбыстар  қатарын            табыңыз.
А)   Ы, І, И, Э.  В)   Ү, І, Э, Е. С)   І, Ы, Ұ, Ү.
Д)   А, Ы, И, Ғ. Е)   О, И, А, Ө.
15.   «Қырықтарда» - сан  есімнің  қай  мағыналық 
        түрі  екенін  белгілеңіз.
А)   Болжалдық  В)   Есептік.  С)   Бөлшектік.
Д)   Жинақтық. Е)    Реттік.
 16.Тырнақшаға  алынып жазылатын  жалқы  зат 
 есімдерді  көрсетіңіз.
А)   Іле, Лепсі. В)   Қарағанды, Жетісу.  С)   Адай,       Балбырауын.  Д)   Амангелді, Ақбота. Е)   Балқаш, Зайсан.
17.   Шақыру одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
 А)   Шынында, ол ауырды.В)   Әжем сиырды «аухау-         аухау» деп шақырды.  С)   Алақай, ағам келді.
Д)   Шіркін, мен ұшқыш болсам.
Е)   Ой! Сонда, қалай болды?
       18.   Оқшау сөздер нешеге бөлінеді, көрсетіңіз. 
А)   3   В)   1 С)   4 Д)   2  Е)   5
      19.Тыныс  белгілерін  дұрыс  қою  ережелерінің              жиынтығын  табыңыз.
А)   Фонетика. В)   Морфология.С)   Лексика. Д)   Синтаксис.  Е)   Пунктуация.
    20. Септеулік  шылауды  табыңыз.
А)   Тек. В)   Мыс. С)   Егер. Д)   Әйткенмен.
Е)   Арқылы.
 
 
4  ңұсқа
1. Үндестік заңының неше түрі бар?
 а) 4     в) 2     с) 1     д) 3     е) 5
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар екенін анықтаңыз.
 а) 11    в) 9    с) 10    д) 7     е) 6    
3. Сөйлемнің баяндауышы нешінші жақта тұрғанын анықтаныз: Әрбір талапкердің оқуға түскісі келеді.
 а) Iжақ     в) IIжақ     с) I жақ, көпше түрі
 д) III жақ    е) II жақ, сыпайы түрі
4. Шәкен Айманов қандай мамандық иесі?
 а) әдебиетші     в) тарихшы    с) жазушы
 д) актер    е) аудармашы
5. "Қой ауызынан шөп алмас" тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.
 а) ұялшақ   в) ерке   с) жалқау   д) момын   е) үндемес
6.Шартты райдың қосымшасын көрсетіңіз.
 а) -ған, -ген   в) -а, - е   с) -ды, - ді   д) -ғы,  -гі   е)  -са, - се
7. " Шәкірт" сөзінің синонимін табыңыз.    
  а) мұғалім  в) оқушы  с) жолдас  д) ұстаз  е)  жетекші
8. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? 
   а) 5   в) 6   с) 4   д) 7   е) 8
9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.
  а) да, де, та, те, және, әрі.  в) бірақ, алайда, дегенмен
  с) не, немесе, әлде, яғни  д) біресе, кейде, бәрде
  е)  себебі, өйткені, неге десең
10. Мақалды аяқтаңыз.   Төзім мен еңбек -   бәрін де ...
  а) толтырмақ  в) айтпақ  с) жеңбек  д) үйренбек  е) апармақ
11.  Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. 
   а) Биыл ауылда болдым және жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.
   в) Биыл ауылда болдым, бірақ жайлаудағы ағаларымның үйіне бармадым.
   с) Биыл ауылда болмадым, соңдықтан жайлаудағы ағаларымның үйіне бара алмадым.
   д) Биыл ауылда болдым, яғни жайлаудағы ағаларымның үйіне де барып қайттым.
   е) Биыл ауылда болдым, жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.
12. Жинақтау сан есімнен болып тұрған мақал - мәтелді көрсетіңіз.
   а) Ас- адамның арқауы.    в) Ағайын - алтау, ана – біреу.
   с) Еңбек ер ынталандырады.   д) Туған жердей жер болмас.
   е)  Күшіне сенбе, адал ісіне сен.
13. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын зерттейтін ғылым түрін айқындаңыз:
               а) Лексика   в) Морфология    с) Фонетика   д)     Синтаксис
   е) Сөз таптары
14. Қалау райда жазыңыз.  Мен қазақ тілін біл... кел...
  а) -ейін, -ді   в) -іп, -еді  с) -іп,  -генсің
  д) -гім, -еді    е) -се, -ді
15. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз:
  а) Көмектесіңіз   в) Жапырақ  с) Мектебім
  д) Дәрігермін   е) Балаңыз
16. Антоним  дегеніміз не?
  а) Сөздің ауыспалы мағынасы   в) Мағыналары жуықсөздес) Мағыналары қарама -  қарсы сөздер
        д) Біріккен сөздер  е) Айтылуы бірдей, мағыналары әр    басқа сөздер
17. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз:
  а) Қарағым, оқуындыоқы.
  в) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол.
  с) О, бәрекелді, өлеңді жақсы шығарыпсың! 
  д) Сіздікі, расында, дұрыс еді. 
  е)  Айналайын, мені көшеден өткізші.
18. Болымсыз етістіктің жұрнақтары.:
  а) -қы, -кі, ғы, гі  в) -са, -се   с) -ды, -ді, -ты, -ті
  д) -а, -е, й  е) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
19. Төмендегі тұрақты сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз: Не успеешь оглянуться
  а) Көз көргені  в) Көзді ашып жұмғанша
  с) Көзі ашылу   д) Бір шоқып, екі қарау
  е) Көз тоқтау
20. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды:
 а) 1991 ж. в) 1993 ж. с) 1992 ж. д) 1990 ж. е)  1994 ж.
21. Реттік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз:
 а) Кім? Не? в) Қандай? с) Нешеу? д) Неше? Қанша?
 е) Нешінші?