Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Информация

ЕЛІМ МЕНІҢ

Иә, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады. Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай даналар мен данышпандар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған – туған жеріміз, қазақ еліміз бар. Қазақ халқы өз ұрпағына отан сүйгіштік тәрбие беруде баға жетпес тәрбиелік мүмкіндікті зор рухани, мәдени мұраның мол тәжірибесін жинақтаған. Сондықтан осы қасиетті негіздерді ең басты мақсатқа ала отырып, қазан айының 11-і күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына орай № 41 ЖОББМ-де «Ястреб» клубының ұйымдастыруымен «Елім менің» патриоттық ойын-сауық думаны өткізілді. Іс-шараның бағдарламасы бойынша мектебіміздің жас мамандары мен жоғарғы сынып оқушыларынан құралған топтар арасында бақ сыналды.Әр топ белсенділік танытып, өз елінің патриоты екенін дәлелдеді. Іс-шара барысында әділ-қазылар алқасының, яғни олар тарих пәнінің мұғлімдері Тұртұғұлова Г.С.,Сумина В.А..,мектеп директорының орынбасары-Искакова Р.Ш.,ТЖДО-Қалиақперова Ж.Ж. шешімі бойынша қатысушылар «Білімді», «Алғыр», «Тапқыр» т.б. номинацияларға ие болып, кішігірім сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Туған жердің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата-бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Әркімнің өз жері жұмақтың төріндей ыстық, жақын болмақ. Сондықтан осынау кең байтақ, бай әрі сұлу жерімізді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат ету мына біздің қолымызда. Елімізді ардақтап, жерімізді аялап өтейік!

№ 41 ЖОББМ-нің мұғалімі – Заирова Б.Қ.