Регламент
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы « 28 » мамырдағы
№ 153/5 қаулысымен
бекітілді
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті- Жалпы ережелер
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы мен орындау реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) өту кезеңі:
- 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды (1 жұмыс күні);
- 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық жобасын қарайды, қол қояды және кеңсеге жібереді (1 жұмыс күні);
- 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бұйрықты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді (15 минуттан аспайды).
- Нәтижесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға қабылдау туралы бұйрық.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізімі:
- 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
- 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
- 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
- Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес кестемен қоса беріледі.
- 9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
- Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы үдерістерінің (іс-қимыл) реттілігін сипаттау:
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) өзара іс-қимылдар реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетіледі.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша
оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, білім беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттауНегізгі үдерістің (жұмыс барысының) іс-қимылы | |||||||
1. | Іс-қимылдың (жұмыс барысының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
2. | Құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы | Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері | |
3. | Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оны сипаттау | Құжаттарды қабылдауды және тір-кеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерімен түпнұсқаларын салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады | Қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды | Бұйрық жобасын ресімдейді | Қарайды және жа-уапты орын-даушыны анықтайды | Бұйрықты тіркейді | |
4. | Аяқталу нысаны | Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті беру-шінің басшысына қарауға беру | Бұрыштама | Бұйрық жобасын басшыға қарауға және қол қоюға жіберу | Бұйрық | Көрсетілетін қыз-метті алушыға мем-лекеттік қызметтің нәтижесін беру | |
Орындау мерзімдері | 15 минуттан аспайды | 1 жұмыс күні | 1 жұмыс күні | 1 жұмыс күні | 15 минуттан аспайды |