Суицидті алдын алу бойынша ата-аналарға және мұғалімдерге ұсыныстар
1. Баламен қарым-қатынас тыныш және мейірімді болу керек.
2. Бала тәртібінің бағалау қайшылығын азайту қажет, мұндай қайшылық тұлға қарым-қатынасында мүлдем болмауы керек.
3. Улкендердің ұстанымы – шыдамдылық және әдептілік.
4. Балада міндетті түрде дербестікті және бастамашылдықты дамыту керек. 5. Тұрмыста баланы жан-жақты қарым-қатынасқа ынталандыру қажет: бір нәрсені қайтарып беру сияқты біреуден көмек сұрау (сатушыға – ақша, т.б.). Бірінші кезеңдерде үлкен адамның бірге болуы және қатысуы міндетті түрде қажет.
Тікелей жұмыста балалармен келесі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
а) демалу тәсілдеріне үйрету;
б) ұялшақ балаға әсерін тигізетін мәселелік жағдаяттарды көрсету (көпшілік алдында сөйлеу, танысу жағдайлары т.б..);
в) коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған қозғалмалы ойындар;
г) спектакль қою;
д) қорқынышты анықтау және жою үшін сурет салу;
е) ертегітерапия элементтерін, батырлардың мінез келбеттері анық суреттелген шығармаларын және мәселелерді нақты шешу тәсілдерін қолдану;
ж) сюжетті-рөлдік ойындарда диалогті сөйлесуге үйрету.