2014 жылдан бері депутаттардың бастамасы бойынша және мектеп директорларының ұсыныстары бойынша, тамақтандырудың сапасына әсер ететін, орын алған бағалар демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының қызмет көрсетуді жеткізушілерді тікелей бақылауды іске асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерді, тауарларды жеткізушіні таңдау мемлекеттік сатып алу жүйесіне шығарылған.
Бүгінгі күнге орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқытылып жатқан балалардың тамақтануын қамтамасыз етумен байланысты тауарлар алу тәртібі анықталып, жетілдірілген (ҚР БҒМ 2018 ж. 31.10. №598 бұйрығы).
Балаларды тамақтандырудың сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатымен, Қағидаларда қызметшілердің білікті штаты бар, осы қызметті көрсетуге көбірек дайындалған жеткізушіні таңдап алуға мүмкіндік беретін критерийлер (аспаздардың жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң мінездемелердің, меншікті тамақ өнімдері өндірісінің, энергия үнемдейтін жабдықтың болуы) қарастырылған.
2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына, әзірленетін тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін, мемлекеттік-жеке серіктестік тетігі енгізілген.
Сондай-ақ, Қағидаларға сәйкес, конкурстық комиссиялардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) және ата-аналар қоғамының, қамқоршылық кеңестерінің, сондай-ақ аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкілдері енгізілген.
Жеткізушілердің балғын және табиғи өнімдерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін, Қағидалармен мектепте тамақтандыруды ұйымдастырған кезде пайдаланылатын меншікті тамақ өнімдері өндірісінің (шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылық, жылыжай және басқалары) болғандығы және отандық өндірушілердің тамақ өнімдерін сатып алғандығы үшін, жеткізушілердің қосымша балдар алуы қарастырылған.
Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, технологиялар мен әзірлеу жағдайлары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай болуға тиіс.
Жеткізуші шарттың талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы жеткізуші жосықсыз деп жарияланады (ҚР БҒМ 2018 ж. 31.10. №599 бұйрығы).
2015 жылы, білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету мақсатында, Министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, бір жолғы мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын алғаш рет жасады (ҚР Үкіметінің 2012 ж. 12.03. №320 қаулысына толықтырулар енгізілді).
Аталған нормалармен балалардың организміне қажетті барлық микронутриенттер: дәрумендер, минералды заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.
2018 жылы,Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың шеңберінде,сондай-ақ білім беру ұйымдарының оқушыларының салауатты (ыстық тамақпен) тамақтануына қызығушылықты арттыру мақсатымен, ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтанудың рационы бойынша бірыңғай стандарттарды жасап шығарды.
2019 жылдан бастап Министрлік білім беру органдарының және ұйымдарының мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруын камералық бақылауды енгізді, бұл бақылау шараларын объектіге шығуды жүзеге асырмастан жүргізуге жағдай жасап отыр.
Одан өзге, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық рәсімдерді электронды форматқа көшіру мәселесін зерттеп, нақтылап жатыр.
Бүгінгі күні қызметтердің көрсетілуін мектеп қызметкерлерінің де, ата-аналар қоғамының да үнемі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мектепте балалардың тамақтануын бақылау комиссиясы жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады, оның құрамына мектептің мейірбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.
Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қызметті жеткізуші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, тамақ өнімдерінің пайдаланылатын тізімдемесі туралы мәліметтер беріп отыруға тиіс.
Күн сайын медициналық қызметші немесе жауапты адам, тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазбалар енгізіп, дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалауды жүргізеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мектептердің әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына әсер етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер жетілдіріліп, нақтыланған. Бүгінгі күні, осыны мойындау керек, білім беру ұйымдарының басшыларының (бракераж комиссияларының төрағалары) жауапкершілік деңгейі алдыңғы қатарға шығып отыр.
Осыған байланысты, Министрліктің мектепте тамақтандырудың сапасын арттыру жөніндегі қызметінің негізгі бағыты бракераж комиссияларының тамақтану сапасын бақылау жөніндегі қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық баяндауды қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың тамақтануын ұйымдастырған кезде анықталған бұзылулар кезінде жасалатын одан арғы әрекеттер туралы оқушыларды және олардың ата-аналарын хабардар ету болып табылады.