№41 ЖОБМ-да «Ястреб» құқық орталығы көп жылдар бойы жұмыс атқарып келеді. Балалар мектеп оқушыларын негізгі нормативтік құжаттармен, өздерінің өмір әрекеттерін қорғайтын және басқаратын заң жобаларымен ақпараттандырады. Балаларды азаматтық құқық нормаларын сақтай отырып, өмір сүру құлшыныстарына, оқуға және еңбек етуге тәрбиелеуге мұғалімдерге көмектеседі.
Жасақ уағыздары:
1. Жақсылық жаса!
2. Адамдарды жақсы көр және кешіре біл!
3. Адамдардың өзіңе қалай қарағанын қалайсың, өзің де оларға солай қара!
4. Өмірде өзіңнің мақсатыңды тап!
5. Адамдарды ренжітуден қорық!
6. Өзіңнің әлсіздігіңе ақталу іздеме!
7. Қоршаған орта және өзіңді таны!
8. Біреудікін алғанша, одан да өзіңдікін бер!
9. Өзіңе деген сенімді жоғалтпа!
10. Адамдарға қуаныш сыйлай біл!
Балалар өздерінің алдарына қойған міндеттер:
Негізгі құқықтық білімге нық қызығушылықты дамыту, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, құқық сұрақтары бойынша өзіндік ойлаудың көрінісін табуы және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы. Оқушылар балалар үшін ақпараттарды ұсынудың әртүрлі формаларын әңгімелесу, отырыс, радио-хабарлар, анкета, дөңгелек үстел, семинарлар, сұрақ-жауаптар, лекцияларды қолданады.