Қатерсіз мінез-құлық (тәртіп) туралы балаларға арналған жаднама
- Бейтаныс адамдармен подъезге немесе лифтке кіруге болмайды. Оданда подъезден шығып, таныс біреу кездескенше күте тұрған жөн.
- Бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар жүрген жерге кетіп қал.
- 3. Танымайтын және аз танитын адамдардан кәмпит немесе басқада сыйлықтарды алма.
- Бейтаныс және таныс адамдардың автокөлігіне отырма.
- Егерде сені біреу күштеп автокөлігіне отырғызы келсе немесе өзімен бірге алып кеткісі келсе, айналадағы адамдардың назарын аудартуға тырыс.
- Артыңнан еріп келе жатқан автокөліктен әрі жүр, қарама қарсы жаққа бұрылып кетуге тырыс.
- Егер үйде үлкендер болмаса бейтаныс немесе аз танитын адамдарды, сол сияқты балаларды үйге шақыруға болмайды.
- Егерде сен үйде жалғыз қалсаң, есікті таныстарғада ашпа. Егерде біреу есікті күшпен ашып кірмек болса, дереу 102 телефоны бойынша полицияға қоңырау шал.
- Танымайтын адаммен сөйлесудің, оның телефон арқылы: «Үйде кім бар?», «Ата-аналарың қашан келеді?» деген сұрақтарына жауап берудің қажеті жоқ. Тез арада байланысты доғару керек.
- Ата-аналарыңды ескертпей, үйіңнен кетпе.
- Егерде саған біреулер әдеттен тыс (түсініксіз), үйреншікті емес болып көрінсе, ол адамдар туралы ата-аналарыңа, мектептегі мұғаліміңе, полиция қызметкеріне міндетті түрде айт.
- Дәрігердің немесе ата-анаңның рұқсатысыз дәрі-дәрмектерді ішпеңіз.
- Қоғамдық жерлерде, мектепте, траспортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтаңыздар.
- Жүріп тұру үшін адамдар жүрген жерді немесе жақсы жарықтанған жерді таңдаңыз.
- 1 Көшені бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өтіңіздер.
- Өміріңе және денсаулығыңа қауіпті жерлерде, атап айтқанда: құрылыс жүріп жатқан жерлерде, ескі үйлердің қираған орындарында және т.б. ешқашан ойнама.
- Қауіпті жерлерден аулақ жүру керек: төлелер, гараждар, ашық жатқан люктер, бос қалған жерлер, ауладағы машиналардан.
- Қосылулы тұрған электр құралына тиіспеңіз және электр вилкасын су қолыңызбен ұстамаңыз. Даладағы трансформаторлық үйшіктерге жақындамаңыз.
- Су қоймаларына баруға және онда ересек адамдарсыз шомылуға болмайды.
- Көшеде түнгі сағат 22.00 ересек адамдарсыз жүрме.
- Барлық сұрақтарыңыз бойынша Сіз, 150 ыстық желісіне хабарласуыңызға немесе аты-жөніңізді жазбай мектептегі сенім жәшігіне хат тастауыңызға болады.