Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі
Құрметті аналар сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алғысымыз ұшан-теңіз!   3 «Ә» сынып оқушыларының шығармашылығы   Ана Ана дүниедегі ең жақын адам. Өйткені ана сенің жақын досың, түнде әлсін-әлсін оянғанда қасында болады, жамандықтан қорғауға тырысады. Сені құшағына алып, еркелетеді. Менің үш анам бар: Өз анам, Жер-анам, бізге білім беріп жатқан екінші анам мұғалімім. Мен өз ұстаздарымды құрметтеп қадірлеймін. Мұғалім бізді жақсы жолға итермелесе, Жер-ана өзінің табиғатының әдемілігін сұлулығын сыйлайды, жер-ананы таза ұстауға қорғау міндетіміміз. Осы үш анама жақсылық, махаббатым мұхиттай терең, осы аналарыма өле-өлгенше борыштармыз. Бельгужанова Айгерім.3 «ә»   Анам дүниедегі ең асыл жан Анам мені тәрбиелейді жасымнан. Сенің ең жақының ол ана, ол саған әрдайым көмектесуге тырысады, сен ауырып қалсаң алаңдайды, сен бес алсаң қуанады. Ол сені қатты жақсы көреді. Анаң сені әдепті болуға, тәртіптілікке тазалыққа үйретеді. Ол сені жақсы адам болуға тәрбиелейді. Сол үшін сен анаңа қарыздарсың. Алиханова Нұрай. 3 «ә» Ана ол дүниедегі ең жақын адам деп санау парыз. Сенің ең мейірімді ең еңбекқор, ең инабатты, адал досың ол ана. Сені осы дүниеге аяулы анашың жіберген. Сені сәби шағыннаң ана күтіп, бойындағы жақсы қаситеттерін үйретеді. Саған жағдай жасап отырған ол ана. Ана осы әлемде ең иман жүзді , жүрегінің түгі бар саған жақын қамқоршы. Ананың жылуын ештеңеде айырбастай алмайды. Сен анаңды тасжүрек деп ойлама! Анаңды құрметте ол бір нәзік гүл секілді. Берназарова Аяжан 3 «ә»   Дүниедегі ең жақын адам ол ана. Ананың құшағын ананың махаббатын аңсамайтын адам жоқ. Мынау дүниеде сені іздейтін ана. Ананың мәпелеп өсіргеніне, сүйгеніне не жетер дейсің? Ананың саған деген махаббаты ешқашан таусылмайды. Ол мұхит тәрізді. Анаң нағыз досың. Қайғыңмен бөліседі. Оған сырыңды ақтаруға болатын жан. Ананың жоқтығын білдіртпейтін адам жоқ. Ана өте мейірімді кісі. Оның жылуы өте шетсіз,шексіз. Ана дегенде жүрегің дүрс дүрс етеді. Ана әр адам үшін қымбат. Бейсембекова Айгерім 3«ә» Ана деген ең жақын адам. Анасы баласы үшін отқа да түсер еді. Мен анамның маржандай күлкісінен, гүлдей жайнаған жүрегінен жар саламын. Ананың махаббаты еш бір заттан, еш бір нәрседен артық емес. Ананың махаббаты еш бір сөзбен айтуға мүмкін емес, ол жылу білдіргендей. Анамыз бізді өсіріп баптаған тіпті біз үшін төрт ұйқысын төрт бөлген. Анам үшін мен мың алғыс айтсам да жеткіліксіз. Анама мен борыштармын. Анама ризалығым шексіз. Анамның ризалығын алу үшін , сабақтан бестік алуға тырысу керек. Сансызбай Нұрай.3 «ә» Өмір сүрген әр адам, Өркендеген анадан. Ақ сүт берген өзіңіз, Ардақтаймыз анажан. Әр бір баланың өз анасы бар. Ана ол баланың жүрегінің бір бөлігі. Ана ол үйдің күн шуағындай болып сезіледі. Анаң өзінің жан сырын ашады. Ол сені жылытады және қорғайды. Анаң ол Жер-анадай кең. Анамыз бізді жақсы көріп аялайды сүйеді. Ана ол біздің мақтанашымыз. Солай біз аналарымызға рақмет айтамыз! 3 «ә» Мұхамеджанова Үміт.   Қазақ тілі- мәдениетті тіл.   Адамдардың бір- бірімен қарым- қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы- тіл. Тіл қарым- қатынас құралы. Адам баласының ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды- қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі- тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтерімен шұбарланбауын талап ету керек. «Ана тілін жақсы білу- әркімнің азаматтық борышы.» Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуы мен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүру кепілі- ұлттық тіл. Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Ұлттық тіл- қа-зақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу-дің қасиетті құралы. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күші-не тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. Қазіргі заманымызда бізге қойылған басты талаптардың бірі- өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез- келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеп шығару. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, қорғауға міндетті. 5 «Ә» сынып оқушысы Амренова Альмира     «Рахмет, анашым!» Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. (В.Г.Белинский) Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана. Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке- жеке әдет- ғұрпымыз, жол- жоралғымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан. Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан. Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз. «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес. Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана- үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері хақ. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар- ол ата- анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата- анаң. Ана, әке деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөздер. 5 «Ә» сынып оқушысы Мұқатай Диана.