Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ
ТОЛЕУБАЕВА ЖАННА ДАРИБАЕВНА
ТОЛЕУБАЕВА ЖАННА ДАРИБАЕВНА

Білімі: Жоғары

Санаты: Жоғары

Жұмыс өтілі: 21 жыл

«ҰБТ бойынша әдістемелік нұсқаулары» ұстаздың іс- тәжірибесін алмастыру мақсатында облыс мұғалімдеріне таратылуда. ҰБТ-де көрсеткен жақсы нәтижесі үшін Ақсу қаласы әкімінің алғыс хатымен, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Әдістемелік тақырыптағы мақалалары, сабақ үлгілері «Қазақстан мектебі», «Сынып жетекшісі» журналдарында жариялануда. Оқушылары әр деңгейдегі интеллектуалдық сайыстар, пән олимпиадасы, шығармашылық жарыстарда жүлдегер атануда, жұмыстары «Шоқан тағылымы», «Сәтбаев оқулары» атты халықаралық конференция материалдарының жинағына енді, алғыс хатпен марапатталды. 2003, 2011 жылдары озық педагогикалық тәжірибесі жинақталып, облыс деңгейінде таратылуда.

Біліктілігін арттыру бойынша оқыған курстары мен қатысқан семинарлары:

2003-2005 жылдары «Қазақ мектебіндегі қазақ тілі, әдебиеті оқулықтарының құрылым мен мазмұны, оны меңгерту әдістемесі», ПКБАИ. 2006 жылы «Мектептегі инновациялық процесті ұйымдастырып, басқару», ПКБАИ. 2008 жылы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы проекті технологиясының тиімділігі», ПКБАИ. 2009 жылы «Интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану», АТО КМК. 2011 жылы «12-жылдық білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданудағы жаңа әдістер», БЖҒ ПКБАИ.

Оқушылары әр деңгейдегі интеллектуалдық, танымдық, шығармашылық сайыстардың, пән олимпиадасының жүлдегерлері.

ЖАНГАБУЛОВА НАЗИРА ЕРГАЛИЕВНА
ЖАНГАБУЛОВА НАЗИРА ЕРГАЛИЕВНА
Білімі: Жоғары Санаты:бірінші Жұмыс өтілі: 14 жыл Оқушылары қалалық, облыстық шығармашылық сайыстар жүлдегерлері. Шығармашыл ізденістегі ұстаз өз ісінің шебері. 2009 жыл. Оқушылары Қасымова Ж., Қайрахметов Р. облыстық жас тілшілер фестивалінің ІІІ орын жүлдегері, Файзуллин А. облыстық «Зерде» Ү республикалық байқауының аймақтық кезеңінде «Ғажайып ойы бар жоба» атты номинациясының иегері. 2008 жыл. 1. «Мемлекеттік тіл саясаты: Аймақтық жүзеге асуының өзекті мәселелері», 2. «Түркі тілдері және ХХІ ғасыр» 2010 жыл. «Дарынды балаларды психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып дамыту" атты халықаралық конференцияларға баяндама жасады. 2009 жыл. 6-сыныптың «Тест жинағы», 5-сыныптың «Қазақ тілінің зерттеу зертханасы» арнаулы курс бағдарламасын құрастырған. 2010 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының пән бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарына сараптама жасады.
МУХАМЕТЖАНОВА АЙГЕРИМ ШАЯХМЕТОВНА
МУХАМЕТЖАНОВА АЙГЕРИМ ШАЯХМЕТОВНА
Білімі: Жоғары Санаты:бірінші Жұмыс өтілі: 11 жыл 2006 жыл.6-сыныптарға «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту» бағдарламасы, 2010 жыл. 5-сыныптарға «Дидактикалық материалдар жинағы» әдістемелік құралдарын құрастырды.Қала мұғалімдеріне 9-сыныпта Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы» атты ашық сабақ өткізді. 2009-2010 оқу жылы. Халықаралық семинарға «Дарынды балалардың психологиясы», ПМБАИ өткізген конференцияға «Инновациялық технологиялар негізінде әдебиет сабағында оқушыларды толеранттылыққа баулу» тақырыптарында баяндама жасады. 2010 жыл. Республикалық «Тәрбие құралы» журналынының №4 санында «Тәуелсіздік үшін күрес тарихынан» атты мақаласы жарияланды. 2011 жыл. Қалалық мұғалімдер олимпиадасының І орын жеңімпазы, облыстық олимпиадаға қатысушы.
ТЕМИРЖАНОВА МЕРУЕРТ АСЕТОВНА
ТЕМИРЖАНОВА МЕРУЕРТ АСЕТОВНА
Білімі: Жоғары Санаты:бірінші Жұмыс өтілі: 18 жыл ІХ Сәтпаев оқулары, ІІІ орын; "Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері" ғылыми практикалық конференцияда баяндама; тамыз пед оқуларында баяндама; "Сарыарқа самалы" газетінде ашық сынып сағаты туралы мақаласы шықты.