Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Түлектермен кездесу...
Түлектермен кездесу... Татар-башқұрт бөлімшесінің Ресейдің жоғары оқу орындарында оқып жатқан түлектермен кездесулер өткізу әдетке айналған. Осы жолы Аликеева Ильсиор мен Башаров Эдиктың келгендері барша тәрбиеленушілерді бір қуантқан еді. Олар кездесу барысында өздерінің оқу орындары, тұрып жатқан қалалары, қызығушылықтары жайлы әңгімелеп берген еді. Ильсиор Казань қаласында үшінші жыл студенттік оркестірмен өнер көрсетіп, қазақ ұлттық мәдени орталығына қатысып жүргені, сонымен қатар ақпараттандыру ғылымын меңгеруде екені жайлы айтып берді. Эдик Томск МУ-дың ақпараттандыру инженер мамандығы бойынша екінші курс студенті. Ол Павдодар қаласынан оқып жатқан балалар көп екені, олармен жақсы қарым-қытынаста екендігін, барлығы қазақстанның беделін түсірмеуге тырысып , жақсы оқып жатқандары туралы айтты. Ең бастысы олар біздің мектептен алып кеткен шығармашылықтары, әр ұлттың мәдениеті туралы білімдері көп пайдасын тигізіп, студенттік өмірде белсенді болуға көмегін тигізгенін ерекшеледі. Білімге үлкен ынтамен, жауапкершілікпен қарап, балаларға соған кеңес берді. Мектебімізді сағынатындарын да жасырмады. Біздің түлектеріміз бізді ұмытпай, туған қалаларына келген сайын мектеп есігін ашпай кетпейді. Мектеп, бөлімше, орталық жағдайларын сұрап, мектеп өмірі жайлы үнемі хабарда. Біз де оларға дән ризамыз. Туған өлкелеріне оралуларын асыға күтеміз. Татар-башқұрт бөлімшесінің ҚББМ Серажетдинова Р.Н.