Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Көше» сюжеттік-рөлдік ойыны!
Бала мен балалар ұжымының дамуына мектеп жасына дейінгі іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын зор рөл атқарады. Ойын - балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Орыс педагогы В.А. Сухомлинский: «Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» - деп айтады.Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойын мен ойын әрекеті мазмұны, әлеуметтік сипаты жағынан баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты.Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Балабақша»және т.с. болып ойнайды. Ойынның сюжеттік мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойынға ықылас пен ынтаны күшейтеді. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың...
Бой сергіту сәтінде пайдалынатын математикалық тақпақтар
1.Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға қарай бір адым Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. 2.Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарап ап Жаттығу оңай-ақ. 3.Қақпаға туралап, Теп допты, оң аяқ Қақпаға туралап, Теп допты сол аяқ, Оң аяқ, сол аяқ Жаттығу оңай-ақ. 4.Доп безек қағады, Секіріп еденде Біресе жоғары Біресе төменге Жаттығу оңай-ақ. 5.Қарлығашқа ұқсайық Қане қанат жасайық Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық.. 6. 1, 2, 3 Дем аламыз жинап күш. «5»- тік баға аламыз Қуанып үйге барамыз. 7. Ал балалар тұрмайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бр тұрып Біз тынығып алайық. 8. Тік ұста бойыңды Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойнына. 9. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз Бесті беске қосамыз. Кел санайық ал мұны, Нешеу болды барлығы? Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Жасырып ем бесеуін, Қалды мұнда нешеуі? Бесеу екен қалдығы, Нешеу еді барлығы? 10.Сол аяқ, оң аяқ, Кезек оны тебеді. Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: а)дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді; б)мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді; в)дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.   «Дәл осындай пішінді тап». Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін...
Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың қөзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын негізінен балалрға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой -өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық,туған жеріне сүйіспеншлік сезіміе тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де,...
Жаңылтпаштарды қолданайық
Жаңылтпаштар 1)Бір ақ шымшық, Екі ақ шымшық. Үш ақ шымшық, Төрт ақ шымшық. 2)Пеш үстінде бес мысық, Пеш ішінде бес мысық Бес күзетші.. бес пысық. 3)Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім Неше кіші ішік піштім. 4)Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. 5)Есет атам ет асатар, Ет асатса, бес асатар. 6)Аппақ, аппақ, бәрі аппақ, Ақ қар аппақ, бәрі аппақ. Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ Ақ сүт, айран, қант та аппақ. 7)Бес түп алма, Бестік алғандык. Төрт түп алма , Төрттік алғандык.
Жас әдіскерлерге жұмыс барысында сауалнама қолдану
Сауалнама Тәрбиешінің аты-жөні_______________________________________________________________________ «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, балаларды ата-аналармен бірлесе дәстүрден тыс әдістермен сауықтыру» тақырыбында өткен педкеңестің өтілу барысы сізге ұнады ма? Несімен ұнады?_______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ Педкеңестен өз тәжірибеңізге не алдыңыз?_______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ Сізге осы тақырып бойынша қандай көмек қажет?_______________________________________________________________________________________ Келесі педкеңесті қандай түрде өтілуін қалайсыз? _______________________________________________________________________________________ Ұсыныс пен тілегіңіз________________________________________________________________________________
Кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру дидактикалық ойындар
Кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру дидактикалық ойындар «Кеңістік» Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. «Жоғарыда-төменде» Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. «Оң және сол» Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. «Суреттерді орналастыр» Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. Ойынның...
Құм терапиясының маңызы
Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды. Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды: ● Шығармашылық ● Танымдық ● Интеллектуалдық ● қарым –қатынас Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері: 1. Әңгімелесу 2. Түрлі – түсті құммен сурет салу 3. Танымдық ойындар 4. Коммуникативтік ойындар 5. Пікірталастар Құм терапиясы негізгі принциптері: 1. Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау. 2. Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді. 3. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру. «Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы...
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану маңыздылығы
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму...
Информация о поставщике товаров
информация о поставщике товаров   Информация о поставщике товаров на май 2016 г. Ясли сад 6информация о поставщике товаровскачать
22 наурыз 2016 жыл
       
Алтын күз 2015 жыл
Ертегі қойылымдары
Жаңа жыл 2015 жыл
Етістіктерді жатта
Қымбатты ата–аналар! Сіздің балаңыз ағылшын тілін үйренуді бастады. Бұл қиыны мен қызығы бірге жүретін жол. Сіздерді ағылшын тілінің ғажайып әлеміне балаңызбен бірге алғашқы қадам жасауға шақырамыз. 1. Етістіктерді жатта! sit (cит) - отыру stand (стэнд) - тұру climb (клайм) – өрмелеу sleep (сли:п) - ұйықтау I sit. (ай сит) – Мен отырмын. I stand. (ай стэнд) – Мен тұрмын. Интонациямен жаттау Sit down! (сит даун) – Отыр! Stand up! (стэнд ап) – Тұр! Come to me! (кам ту ми) – Маған қарай кел! Бұдан басқа: go, run, swim, fly, jump! басқа осы интонацияларды айтуға және орындауға үйрету.  
Жануарлардың атауларын есте сақтау
Қымбатты ата–аналар! Сіздің балаңыз ағылшын тілін үйренуді бастады. Бұл қиыны мен қызығы бірге жүретін жол. Сіздерді ағылшын тілінің ғажайып әлеміне балаңызбен бірге алғашқы қадам жасауға шақырамыз. Жануарлардың атауын есте сақтау. Ұнтақ жарманы төгеді, себебі Маймыл, monkey (манки) жақсы көреді. Циркта үлкен бар талант, Күшті пілде elephant (элефант). Ойыншықты көп алғым келіп Қуандым, hare (хэа), көжекті көріп. Frog (фрог)деп атайды бәрі Бақаны, білмедің бе әлі? Қолтырауын ағылшынша Crocodile (крокодайл) екенін Біледі бәрі тамаша. Сен бүгін қанша жануардың атауын көргеніңді сана: One (уан) – бір Two (ту) – екі Three (сри) – үш Four (фо) – төрт Five (файв) - бес Жануарлар өзі туралы не айта алады? A bear (э бэа) – аю A frog ( э фрог) - бақа A monkey (э манки) – маймыл I jump.(ай джамп) – Мен секіремін. I climb.(ай клайм) – Мен өрмелеймін. Таныс сөздерді сөйлемдерге қою. I have….( ай хэв) - Менде…..бар I have a bear. (a frog, a doll, a car) (ай хэв э бэа, э фрог, э ка:) Менде аю, қуыршақ, машина бар.
Ұйқастарды қолданып, сөздерді жаттау
Қымбатты ата–аналар! Сіздің балаңыз ағылшын тілін үйренуді бастады. Бұл қиыны мен қызығы бірге жүретін жол. Сіздерді ағылшын тілінің ғажайып әлеміне балаңызбен бірге алғашқы қадам жасауға шақырамыз. 1.Ұйқастарды қолданып, сөздерді жаттау. Ойнайды онымен футбол Ағылшынша доп дегенің ball.(бол). Ұрлап алды тәтті омлет, Бұл ұрлықшы мысық, cat (кэт). Күшік емес, қанден деген Үлкен ит қой, dog (дог)деген Біздерге жақын болған ба, Машина ағылшынша cаr (ка:) Кеше сөздіктен көргенім Қуыршақ екен doll (дол)дегенім 2.Сөйлемге таныс сөздерді қою (ұйқастарға арналған суреттерді қолдануға болады) - It is a …. (Ит из э…..) - Бұл…. - Is it a …? (Из ит э…?) - Бұл …? Мысалы: It is a doll. (Ит из э дол.) - Бұл қуыршақ. Is it a doll? (Из ит э дол?) - Бұл қуыршақ па? No – (ноу)- жоқ Yes –(йес) – ия 3.Ұйқастарды қолданып, сөздерді жаттау. Біледі оны кез келген, Ұл бала - ол boy(бой)деген Гүлдегендей болып тұр Қыз баланың бұрымы Қыз дегенің біліп жүр Әрине girl (гёл) болады. Түйеқұсты полякша қалай дейді? Ағылшынша тышқанды mouse (маус) дейді. Аулада жүрген тауық, Шақырады даусымен барлық жерді алып, Ағылшынша ол hen (хен), Ал кішкентай балапан chicken (чикен). Таңды атырады біздегі Cock (кок) әтеш қатты үнін үзбеді. 4.Сан есімді дауыстап атап, ұйқас-жаттығуын орындау. 1, 1, 1 (уан, уан, уан) бір, бір, бір, Boys run! (бойз...
Базистік жоспарды орындау
БАЗИСТІК ЖОСПАРДЫ О Р Ы Н Д А У Вариативті бөліміндегі сабақ түрлері Күннің ІІ жартысындағы іріктелген сабақтар Жеке-коррекциялық, топтық дамыту сабақтары Хореография (сабақ кестесі негізінде) Дүйсенбі – бейнелеу өнері І-ші апта-қарандашпен ІІ-ші апта- бояумен ІІІ-ші апта- таңба, бармақпен ІҮ-ші апта- топтасқан шығармашылық жұмыстары Логопед (тіл мүкістігін жоюдағы топттастырылып өткізілетін ойындар,іс-әрекеттер) ,жеке дара жұмыс. Ағылшын – тілі (сабақ кестесі негізінде) Сейсенбі – сахналау, жылжымалы театры І-ші апта-ертегі кейіпкерлері ІІ-ші апта- көленке театры ІІІ-ші апта- құыршақ театры ІҮ-ші апта-бармақ театры Хореография (баланың физикалық дамуы, хореография залындағы би қимылдары мен би жаттығұлары ) ,жеке дара жұмыс. Психология (сабақ кестесі негізінде) Сәрсенбі – көркем сөз І-ші апта-мәнерлеп тақпақ оқу, жаттау ІІ-ші апта- мақал-мәтелдер жаттау ІІІ-ші апта жаңылтпаштар жаттау ІҮ-ші апта- жұмбақ шешу, жасыру Спорт ойындары,жеке дара жұмыс. Тіл мүкістігін жою (сабақ кестесі негізінде) Бейсенбі – қол өнер І-ші апта- жапсыру жыртпа қағаздарымен ІІ-ші апта- табиғат заттарымен ІІІ-ші апта- бүрмелі қағаз ІҮ-ші апта- еркін шығармашылық Психологтың кеңесі, ата-аналармен біріккен жұмыс,жеке дара жұмыс. Жұма-«Мен өзім және әлем»-тақырыптық сабақтар І-ші апта- «Мен өзім» ІІ-ші апта- «Менің отбасым» ІІІ-ші апта-...
Ата - аналарға кеңес дұрыс сөйлеу
Дұрыс сөйлеу - дағдыдан Бөбектің тілі анық шығуы үшін оған көбірек көңіл бөлу керектігіне келісесіз бе? Мұны сіз ешбір логопед – маманның көмегінсіз өзіңіз-ақ қолға алсаңыз болады. Ендіше төмендегі 10 ережені мұқият оқып шығыңыз. Баласы қатарының алды боп ержеткенің қалайтын ана өз білімін жетілдіріп, ізденуден жалықпайды. Соның ішінде логопедиялық білім де аналар үшін артықтық етпейді. Бөбектің тілі жаңа шығып келе жатқанда оның сөйлеу дағдысы мен мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін ата-аналар мынадай қарапайым ережелерді жадында ұстауы қажет: 1.Жаңа туған бала өсіп жеткенше үнемі анасының қасында болады. Сол уақытта анасы сәбиіне өбектеп, айналып – толғанып, мейрімге толы сөздердің сан тұрын айтып, әлпештеп бағады. Құшақтап, бауырына басып, кішкентайын күн бойы көзінен бір сәтке таса қылмауға бар. Бұл да баламен алғашқы эмоциялық қарым-қатынас жасаудың негізгі түрі саналады. Дәл осы кезеңде сөйлемек түгілі, әлі уілдей де қоймаған сәбиімен анасы үнемі дауыстап сөйлесіп, «а-а-а-а», «ы-ы-ы», «ү-ү-ү», («бөпешім қа-а-а-айда екен?», «күнім (кү-нү-у-м) менің, айы-ы-ым, бота-а-ам сол») сияқты дыбыстарды айтқан кезде ернінің артикуляциясын (қозғалсыны) бала көруі керек. 2.Әрбір әрекетіңізді сипаттап айта жүріңіз. «Міне, апаң саған сүт бергілі жатыр. Қазір киімінді аустырамыз. Құлыншағымды далаға шығарамын» деген сынды іс-қимылды...
1 сәбилер "А" тобы