Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы   Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.   Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық...
ҚР мемлекеттік рәміздері туралы Заңы
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ       1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері      Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес.       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген...
Жұмыс жоспары
М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ "Рауан қамқорлық қоры" қоғамдық қорының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары   № Іс-шаралар Мерзімі     Жауаптылар Ескерту 1 Жылдық жұмыс жоспарын бекіту  қыркүйек Бовда Н.Н.   2 Меценаттарды тарту жыл бойы қор үлестірушілер   3 Жалпы мектептік ата-аналар комитеті мен қамқорлық кеңесінің бірлескен жұмысы     жыл бойы Бовда Н.Н. Шакенева С.С.   4 Қамқорлық кеңес отырысын өткізу айына 1 рет Бовда Н.Н.   5  Аз қамтылған отбасынан шыққан балалрды анықтау және көмек көрсету жыл бойы қор үлестірушілер   6 Педкеңесте қамқорлық кеңес жоспарымен таныстыру қараша Бовда Н.Н....
Құрамы
  Қамқоршылық Кеңесінің мақсаты: одан әрі дамыту үшін нысандарын өзін-өзі басқару және қосымша бюджеттен тыс көздерді тарту үшін қаржы ресурстарының қызметін қамтамасыз ету.   Қамқоршылар Кеңесінің негізгі міндеттері:       үшін қолайлы жағдайлар Жасау, бірлескен қызметтің барлық оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер; дамыту үшін жағдайлар Жасау қабілеттерін, олардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани әлеуетін; жұмысына Жәрдемдесу бойынша оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, қосымша білім беру жағдайын туғызу; Нығайтуға жәрдемдесу материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу-әдістемелік кешен.             "Рауан " Қамқорлық қорының  2013-2014 оқуы жылы  қоғамдық қор үлестірушілер тізімі       № Аты. жөні Телефоны   Ескерту 1 Бовда  Наталья Николаевна Тел.52-66-05 87015393858     2 Лаура Серікқызы Омарова 34-86-59 87779755703   3...
Қамқорлық кеңес
Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысы
Оқу жылындағы мектептің әдістемелік тақырыбы «Қазіргі білім технологияның қағидалы негіздері». Әдістемелік жұмыс мақсаты: «Сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сәйкес шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру» Мектепте 6 әдістемелік пән бірлестігі жұмыс істейді. 1. Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі. 2. қазақ тілі және әдебиеті әдістемелік бірлестігі. 3. Жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігі. 4. МИФ пәндер әдістемелік бірлестігі. 5. Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі. 6. Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі. Пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында семинарлар, апталықтар, ашық сабақтар жоспар бойынша өтіп отырады. Әр әдістемелік бірлестік жұмыс жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. әдістемелік кеңестерде, бірлестік отырыстарында жаңа технологияларды, озат тәжірбелерді игерудің жолдары талданып, тәжірибеге енгізу жолға қойылған.     
ЖАЗ 2020 құқықбұзушылықсыз
Жаз-тамаша кезең.          Мектеп каникулы мен демалыс кезеңі.Және осы кезде балалардың көбі өз өзіне берілгеі ешкімге де құпия емес.Жаз кезінде оқушылардың қызметтілігі мен бос уақыт мәселесі біздің қала үшін,біздің мектеп үшін өзекті.  Ал бұл неге әкеледі? Күн сайын біз кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың дәп жаз айларында өсетінін  бақылап жүрміз. Оның алдын қалай алуға болады? Осы үшін біздің  № 13  мектеп «Жаз-2016 құқықбұзушылықсыз»бағдарламасын өңдеді   Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.            2. Белсенді,әлеуметті-пайдалы тұлғаны тәрбиелеу, республиканың азаматы-патриотының сапасын дағдыландыру. Міндеті: Қоғаммен құқықтық ара-қатынас сферасында еркін және жауапты өздігінен анықтала білуін дамыту,адамгершілік-құқықтық таңдау  жағдайында жетекшілікке тырысуға әсер ету. ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 1.     «Ғаламтор» клубының , спорт алаңының жұмысына «қиын» жасөспірімдердің қатысуы 2.     «Қиын» жасөспірімдердің мектеп жанындағы лагерге,кәсіби отрядқа,ЖЕО,мектеп жанындағы учаскеге қатысуын бақылау. 3.     Оның қызметтілігін...
Мектеп өмірінің видеосюжеті
Жаз-2013
                                                                                                                                                          «Мейірімді қала» жазғы мектеп жанындағы лагерьдің шаралар ЖОСПАРЫ Мерзімі Шаралардың атауы Жауаптылар 3.06 Танысу күні. «Мектеп алды лагеріндегі ережелер» линейкасы. Отрядтық шаралар.  «Кел, балалар, ойнайық!»ойыны «Міне, мен !»...
«Күншуақты қала» жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
 «Күншуақты қала»жазғы сауықтыру лагерінің  жұмыс жоспары 02.06.2017   Танысу күні   Уақыты Шаралар Жауаптылар: Еркасова А.Ш.  Тәлімгер:       Бұшымбаева Н.Х.                        Тезекбаев Қ.Қ. 8.30-9.00 9.00-9.20   9.30 - 10.00 10.00-11.00 11.00 -12.30 13.00 – 13.30 13.30 - 14.00 14.00 - 15.30 14.00-15.30 15.30-16.00         16.00-16.30 Балаларды қабылдау Таңертеңгі жаттығу, сауықтыру жаттығулары.   Таңғы ас Лагерьдің ашылу салтанаты 11,12 топтар Түскі ас  Жуыну, ұйқыға дайындық Бастауыш топ- ұйқы.  «Көңілді эстафета»  «Біз бақытты ұланбыз» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған кеш. Сәскелік ас Ертеңгі күнге...
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентінің көшірмесі
1.     Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысыменбекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартының  негізінде көрсетіледі. 2.     Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі. 3.     Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) қалалық (аудандық) Білім басқармасы, ауылдық жерде – әкімдік берген жолдама; 2) баланың денсаулық паспорты; 3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама. 4.     Мемлекетік қызметті көрсету мерзімдері:       1) мемлекеттік қызметті алушы стандартта айқындалған құжаттарды мектепке дейінгі ұйымға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап – кемінде 30 минут уақытты құрайды.       2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.       3) өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызметті...
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 4) тармақшасыныңжәне 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасыныңнегізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшағасәйкес МДҰ мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағындаайқындалған...
Доңқ ескерткіші жонындағы митингі сценарийі
   Даңқ ескерткіші жанындағы митингі сценарийі Сахнада: Павлодар облысы бойынша «Бейбітшілік қоғамдық Қоры» Президенті   Егоров Владимир Борисович,  «Ремэнергосервис» ЖШС директоры, кәсіпкер Ноздрин Виктор Ильич –  ҰОС-на қатысушы Авангард кеңшары төрағасының ұлы Ноздрин ИльяИванович, «Солдаты особого риска» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Стасьо Анатолий Евгеньевич   Жүргізуші Қайырлы күн құрметті қонақтар, педагогтар, мектеп оқушылары! (автовеложүгіру туралы)   Жүргізуші Сөз Павлодар облысы бойынша «Бейбітшілік қоғамдық Қоры» Президенті  Егоров Владимир Борисовичке беріледі.   Жүргізуші   Сөз ҰОС-на қатысушы Авангардкеңшары төрағасының ұлы«Ремэнергосервис» ЖШС директоры, кәсіпкер Ноздрин Виктор Ильичке–беріледі. Жүргізуші  22 маусым. Осы күнді атағанда сұрапыл соғыс басталған 1941 жыл еске түседі.   Ақмаралөлең оқиды Владислав өлең оқиды Хор   АӘД оқытушысы  Сапқа түзел! Құрметті жоба жетекшілері! Павлодар облысының 75 жылдығына және Ұлы Отан Соғысының 68 жылдығына арналған веложүгіру стартын жариялауға рұқсат етіңіздер. Егоров Стартты бастауға рұқсат етемін.   Әскери жетекшінің командасы Веложүгірудің...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарынажәне «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет ; 2), 3), 4), 5), 6), 7),  8), 9), 10),  11), 12), 13),  14), 15), 16),  17), 18), 19)  стандарттары; 20) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет 21),22), 23),  24) ,25), 26) , 27), 28) ,29),  30),31), 32)    стандарттары; 2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде: «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік...
«Ескеткіштен ескерткішке» автовеложүгірісі
«Ескеткіштен ескерткішке» автовеложүгірісі          Үстіміздегі жылдың 30 мамырында Павлодар қаласының № 40 орта мектебінде «Балаға мейірімді қала» жазғы жобасы аясында «Ескерткіштен ескерткішке» өлкетану қызметінің инновациялық жобасы іске асырылды. Автовеложүгірістің негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдерді велоспорт сабақтарына жұмылдыру, қала және ауыл қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақыру. Веложүгірістің ұйымдастырушылары Павлодар ауылы әкімдігі, «Бейбітшілік қоры» Халықаралық Қоғамдық қоры, ауыл ардагерлері мен кәсіпкерлері кеңесі, оқушылардың ата-аналары, «Ремэнергосервис-ПВ» ЖШС бас директоры В.И.Ноздрин, Черноярка, Чернорецк, Пресное ауылының мектептері мен әкімдігі.   Веложүгіріске № 40 жалпы орта білім беру мектебінің 25 оқушысы, Павлодар ауылы ардагерлер қозғалысының шығармашылық ұжымы, ауыл әкімдігі қызметкерлері, байкерлер, «Жас Отан» жастар қанаты қатысты.  Веложүгіріс жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің қолдауымен Павлодар ауылы – Черноярка ауылы – Чернорецк ауылы – Пресное ауылы бағыты бойынша өткізілді. Веложүгіріс кезінде спортшылар аталған елді мекендерде орналасқан Даңқ ескерткіштері мен саябақтарына...
Ата аналарға кеңес
      Мектепке баратың балалардың ата-аналарына  ұсыныс        Мектепке дейінгі бала даму және танып білу қабілеттерінің мүмкіншіліктеріне зор ие. Балада дүниені танимын және зерттеймін деген негіз салынған, сол мүмкіншіліктерді дамытуда көмек көрсетіңіз. Өткен уақытыңызды аямаңыз, кейін ол көптеп қайтарылады.          Мектеп табалдырығын аттағанда балаңыз өз күшіне сенімді болады, оқу ол үшін қиын болмай, қуаныш қана әкеледі, сізде оның үлгеріміне алаңдамайтын боласыз.          Сіздің жігеріңіз тиімді болу үшін, мына кеңестерді қолданыңыз: 1.  Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады. 2. Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады. 3. Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз. 4. Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын...
5-8, 10 сыныптардағы көшіру емтихандарының кестесі
5-8, 10 сыныптардағы көшіру емтихандарының кестесі 2016-2017 оқу жылы Сынып Пән Түрі Күні Уақыты Каб. Емтихан алушы Ассистент 5А Ағылшын тілі жазбаша 27.05 9.00 41 Малютина И.В. Недовенченная Л.Ф. Ағылшын тілі Ряжко Т.М. 5Б Математика жазбаша 27.05 9.00 48 Сачанова А.Т. Камбарова А.А. 5В Қазақстан тарихы ауызша 27.05 9.00 45 Уразгулова А. Е. Шахметова А.С. 6А Биология ауызша 29.05 9.00 46 Хисамова С.В. Викулова Г.Н. 6Б Қазақстан тарихы ауызша 29.05 9.00...
Хабарландыру
       1-ші сыныпқа қабылдау маусым айының 03-нен тамыз айының 31-і аралығына дейін жүргізіледі. Қабылдау уақыты : 9.00-ден 16.00-ге дейін.                 Сенбі күні  9.00-ден 13.00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін. 1-ші сыныпқа қабылдауғакерек құжаттар: 1.   Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (копия) 2.   3х4 фото сурет (3 дана) 3.   Денсаулық паспорты 4.   Баланың сәйкестендірілген  тіркеу нөмірі (ИИН) 5.   Ата-ананың жұмыс орнынан анықтама 6.   Баланың мекен-жайы туралы анықтама (үй кітапшасы немесе растау анықтамасы). 7.   1 дәптер және фаил.  (Құжаттар ІІ қабатта даярлық бөлмесінде қабылданады)                                                                              Ескерту: қабылданатын оқушы міндетті түрде...