ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
вап
вапвап
Кітапхана
  № 28 мектептің кітапхана сайтына қош келдіңіздер!!! Кітапты құрметті Қаптап  ұста кірлетпе Кішілерге табыс ет, Дақтүсірмей  бір бетке. Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті, өнерлі болуы  керек. Ол үшін тереңбілім, өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін  кітапты көп оқу қажет.кітап ,қағаз ағаштан  жасалады. Ағаш табиғат  байлығы. Кітап табиғат байлығы. Барлық қор үш бөлмеде орналасқан. Қор негізінен оқу процесіне қажетті бағдарламалық шығармалармен, ғылыми-көпшілік, әдістемелік және арнайы әдебиеттің жеткілікті мөлшерде шағын Қорымен ұсынылған.  Оқу залы кең, онда абонемент бар.      Балаларға оқу залында отыру және жазылу басылымдарын көру өте ұнайды, ал мектеп төменгі мектеп оқушыларына арнап "Веселые картинки", "Жануарлар әлемінде", "Мурзилка", "Балдырған" "Мөлдір бұлақ" журналдары мен басқа да журналдар басылымына жазылған, ал орта және жоғары сынып оқушыларына арнап  "Дружные ребята", "Жасөспірім", "Жер ғаламшарының ғажайыптары мен құпиялары" басылымдарына жазылған.        Кітапхана жұмысы мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес ұйымдастырылған. Ол мектеп директорымен қаралып, бекітілген. Негізгі ұғымдар...
Назар аударыңыз! Акция «Мектепке жол»!
Назар аударыңыз! Акция  «Мектепке жол»!   Құрметті қала тұрғындары!   Жаңа 2014 – 2015 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды.                
Мектепке жол
 "Мектепке жол" акциясы Балаларға сіздің көмегіңіз қажет! Құрметті қала тұрғындары! Жаңа 2022-2023 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республика бойынша «Мектепке барар жол» акциясын өткізу туралы жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу -акцияның ең басты мақсаты болып табылады. Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс. Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін. Тел: 301497, 332662 Информация о детях, нуждающихся в оказании помощи в ходе республиканской акции «Дорога в школу» в период с 1 августа  по 30 сентября 2022-2023 учебного года КГУ «СОШ №30» В КГУ «СОШ №30 г.Павлодара»  2022-2023 учебного года с 1 августа  по 30 сентября 2022 года была проведена Республиканская акция «Дорога в школу». Были проведены следующие мероприятия: 1. Социальным педагогом  Мусагажиновой Г.М., учителями организованы...
«Мектепке жол» акциясы
Құрметті ата-аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын екінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.  
АКЦИЯ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрметті ата –аналар!               Жаңа 2013-2014 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында Павлодарда жылсайыңғы республикалық акция «Мектепке жол!» 1 тамызда старт алды. Акция 30 қыркүйекке дейін ұзаққа созылады.             Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп  балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім- кешектің, аяқ-киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның мақсаты болып табылады.             Мектеп жасынндағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.   Ата-аналардың барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін. Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді мектеп бере алады.   «Қызу желі»  телефоны -683500
К вниманию!
«Дорога в школу» В нашей школе  обучаются дети из малообеспеченных, многодетных, неблагополучных семей, дети – сироты. Для них первого сентября будут распахнуты двери школ. И в наших силах, чтобы этот день оставил в их душах самые яркие впечатления. Ежегодно в канун учебного года мы проводим благотворительную акцию «Дорога в школу», чтобы помочь детям из малоимущих семей, детям, оставшимся без попечения родителей и близких, детям, по социальным причинам не посещающим школу, подготовиться к ответственному периоду в их жизни — к учебе. В этом году благотворительную акцию «Дорога в школу» мы проводим с 1 августа по 30 сентября. Любой вид помощи, будь-то, школьные принадлежности и одежда, оргтехника или средства обучения, мебель и игрушки, бытовая техника и спортинвентарь, продукты питания или книги помогут подготовить детей к началу нового учебного года, улучшить условия их обучения, воспитания, проведения досуга. Всех, кому не безразлична судьба детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, всех, кто способен подарить нуждающимся детям праздник, приглашаем принять участие в акции.   Желающие принять участие в акции могут обратиться по телефонам: — ГУ СОШ №31 – (87182) 33-73-82
Назарға!
«Мектепке жол»   Біздің мектепте азқамтылған, көпбалалы, жайсыз отбасының балалары, жетім балалар оқытылады. Бірінші қыркүйекте олар үшін мектеп есіктері айқара ашылады. Осы күн олардың көңілінде жарқын әсерлер қалдыруы біздің қолымызда.   Жыл сайын оқу жылының алдында біз азқамтылған отбасының балаларына, ата-аналары мен жақындарының қамқоршылығынан айырылған балаларға,  әлеуметтік себептермен мектепке бара алмай отырған балалаларға олардың өмірдегі ең жауапты кезеңі- оқуға баруға көмектесу үшін«Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясын өткіземіз.   Биыл «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өткіземіз.   Көмектің кез-келген түрі, мәселен, мектеп құрал-жабдықтары және киім, оргтехника немесе оқу құралдары, жихаз және ойыншықтар, тұрмыстық техника және спорт құралдары, азық-түлік немесе кітаптар балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі, олардың оқу, тәрбиелену, демалу жағдайларын жақсартады Өмірдің қиын жағдайында қалған балалардың тағдырына немқұрайды қарамайтын, мұқтаж балаларға мереке сыйлауға ықыласы бар барлық азаматтарды осы акцияға қатысуға шақырамыз.   Акцияға қатысуға тілек білдірушілер төмендегі телефон арқылы хабарласуына болады:  ...
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 жылғы 1 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өтетінін хабарлайды. Акцияның жұмысы балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталады. Акция кезеңінде рейдтік, аулаларды (пәтерлерді) аралау және т.б. іс-шаралар барысында сабаққа қатыспайтын балаларды анықтауға ерекше назар аударылады. Акция барысында республиканың әр өңірінде демеушілер мен меценаттарды кеңінен қатыстырып «балалық шақты қорғауға 20 қадам» қайырымдылық марафонын өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты, Министрлік еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей атсалысуға шақырады.
О проведении общереспубликанской акции «Дорога в школу»
Министерство образования и науки Республики Казахстан объявляет ежегодную общереспубликанскую акцию «Дорога в школу» с 1 августа 2011 года во всех регионах страны. Акция направлена на оказание поддержки школьникам из малообеспеченных семей во время подготовки к началу учебного года и предупреждения неявки детей в школу 1 сентября по социальным причинам.      Особое внимание в период акции будет уделено выявлению детей, непосещающих школы, через рейдовые мероприятия, подворные (поквартирные) обходы и т.д. В ходе акции планируется провести в каждом регионе республики благотворительный марафон «20 шагов в защиту детства» с привлечением спонсоров и меценатов. В этой связи, Министерство обращается ко всем гражданам нашей страны, к бизнесменам, предпринимателям, меценатам с предложением присоединиться к этому мероприятию и оказать помощь семьям и детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биіктігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.   Государственный Герб Республики Казахстан имеет форму круга и представляет собой изображение шанырака (верхняя сводчатая часть...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазғандар: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген,  Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты,  Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Қазақстан республикасының Мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн? оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нашықталған. Күн оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындылығының арықатынасы- 1:2. Қазақстан Републикасы Мемлекеттік Туының біркелкі көгілдір түсі біругу идеясын білдіруімен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк  түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтардың ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік бейнесі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.       Государственный флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в центре случами, под которым - парящий орел. У древка - национальный орнамент в виде вертикальной полосы. Изображение солнца, его лучей, орла и национального орнамента - цвета золота. Соотношение ширины Флага к его длине - 1:2. Голубая одноцветность Государственного флага Республики...
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері.
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері     Лагердің І- ауысымы маусым айының 2-нен 22-не дейінгі аралықта өтті.  "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің басшысы: Бердыгожаева Ж.А.   "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің мақсат, міндеттері:  Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау.  Балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету  Олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру  Азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын ұйымдастыру.  Ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда білімін, біліктілігін кеңейту, тереңдету. І-ауысым бойынша лагерге 226 бала жиналды. Оның ішінде 83 бала аз қамтамасызданған отбасынан және 1 жетім бала. Жалпы отряд саны-10, әр отрядта 20-21 баладан. Барлық жұмыс істейтін тәрбиешілер саны- 25. Балалардың демалып, ұйықтайтын бөлмелер саны-13. Әр бөлмеде 13 баладан ұйықтайды.      Балалардың шығармашылық жұмыстары. Икебано құрастыру     Отбасылық спорттық сайыс Балалардың ұйықтау бөлмелері: Өнерлілер...
ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
  ИНТЕРНЕТТЕГІ   ҚАУІПСІЗДІК    ЕРЕЖЕСІ Интернеттегі қызықты ақпараттар өзіне тартып тұратыны рас. Ол жерде көптеген мәліметтерге қанығып, әртүрлі адамдармен виртуалды танысып, араласуға болады. Әйткенмен, көшеде бейтаныс адаммен бірден таныса кетпейтінің тәрізді интернетте де жұмыс істегенде қауіпсіздік мәселесін естен шығармаған жөн. Төмендегі шағын мысалдар америка жасөспірімдерінің интернетпен жұмыс істегенде қолданатын ережелерінен алынып отыр. 1. Құпия сөз. Интернеттегі пошта немесе “Мой мир”, “m-agent” тәрізді бағдарламалармен жұмыс істегенде құпия сөзге мән беру керек. Қорғанысы берік құпия сөзді оңай құрастыру үшін өзіңнің жақсы көретін әніңнің алғашқы шумақтарын латын әріптерімен жазуға болады. Мысалы, “Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы” деген шумақты құпия сөз қылатын болсақ AkaAdd болып шығады. Енді соның арасына өзіңнің сүйікті саныңды қоса аласың. Aka2012Add. Құпия сөз кем дегенде сегіз символдан құралғаны жақсы. Әрі ол символдардың ішінде бас әріптермен қатар кіші әріптер, сандар әрі ! @ # тәрізді символдар да араласқаны жақсы. 2. Сенім. Интернеттегі мәліметтердің бәріне сенуге болмайды. Кейбір кезде адамды ашуға шақыратын немесе әлдебір жаман әрекетке баулитын мәліметтер болады. Интернетке мәліметті әртүрлі адамдар жариялайды. Адамдардың...
«Қиын» балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себеб
  Баланы еркелету және жазалау Шектен шықпауға тиісті  Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Сол себепті, жаман мінез, қылықтан сақтандыруда «ұлға – отыз үйден, қызға - қырық үйден тыю» салған. Бұл және де біздің қазақ ұлтында бала тәрбиесінің бүкіл әулеттің, бүкіл ауылдың асыл парызы болғанын, оған отбасы, туған-туыс, көрші-көлем, ағайын болып ат салысқанын танытады. Өйткені, ол бай іс-тәжірибені, жоғары адамгершілік қасиеттер мен ақыл-парасатты, білімділік пен даналықты талап етеді. Мұны терең түсінген Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Бүгінгі әңгіме: бала тәрбиесіндегі еркелету мен жазалау хақында. Жүрек жылуына бөлеу Адам табиғатын зерттеушілердің, жұлдызнамашылардың пайымдауынша, «әрбір жан иесінің мына жарық дүние есігін ашуы ғарыш – адам – кеңістік – жер үндестігінің жемісі. Шыр етіп сәби туғанында ғаламшарлардың, жұлдыздардың дәл сол сәттегі орналасу тәртібі оның бүкіл...
Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жаднамасы
    Балаңыздың қойған сұрақтарына шыдамдылықпен жауап беріп, шындығын айтып отырыңыз; Балаңыздың жеткізген ойын ескеріп отырыңыз; Балаңызда бір іспен айналысатын бөлме немесе бұрыш болуы керек; Үстелде немесе ойын жерінде шашылып жатқан ойыншықтар мен қағаз қиындылары бала шығармашылығына байланысты болса, балаға ұрыспауға тырысыңыз; Ересек адам баланы жеткен жетістіктері үшін емес, баланың өзін жақсы көретіндігін түсінуі керек; Балаңызға өз жұмыстарының жоспарын құра білуді және шешім қабылдауды ертеден үйрету қажет; Қызықты жерлерге саяхат жасаған уақытта мүмкіндігінше балаңызды бірге алып жүруге тырысыңыз; Балаңыздың ешқашанда кемшіліктерін көрсете отырып, басқа балалармен салыстырмаңыз; Күнде балаңызбен бірге ойнап, әңгімелер құрастырып, әр бағытта әңгімелесуге тырысыңыз;  Әр күн сайын балаңызбен жеке қалып, сөйлесуге тырысыңыз; Егер балаңыз қателіктер жасап жатса, мазақтап, қайталай бермеңіз; Егер баланызды мақтау керек болса, нақты әрекетіне ғана мақтау айтыңыз және ол шын көңілден болуы керек; Балаңызға ересектермен қарым-қатынасқа түсуде өзін қалай ұстау керек екенін қайта-қайта айтып отырыңыз; Мұғалімді, мектепті жамандаудан аулақ болыңыз.
"Ақиқатшыл баланы қалай тәрбиелеуге болады" жаднамасы
  Бала тәрбиесі Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйрету керек. Өзгеден бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген қолдың алған қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек! Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету керек!   Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, аяғын айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден аулақ болу керектігін айту керек.   Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.   Дұрыс болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек. Барға да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге құрмет көрсетудің, оларға орын берудің және барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру керек.   Баланы кішкентай кезінен бастап намазға дағдыландыру керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл әдептердің...
Ата-аналарға нақты практикалық ұсыныстар
  Ата-аналар мен педагогтарға үлкендер мен құрдастарына агрессия көрсететін балалармен өздерін қалай дұрыс ұстау керектігі жайлы практикалық  ұсыныстар 1.     Кішкентай агрессия жағдайына сабырмен қарау. Балалар мен жасөсіпірмдердің агрессиясы қауіпсіз және себепті болған жағдайда келесідей позитивті стратегияларды қолдануға болады: -балалар/жасөспірімдердің рекциясына толығымен немқұрайлы қарау (жағымсыз қылықты доғартудың ең күшті тәсілі); - баланың сезімдерін түсінетіндігін білдіру («Әрине, сен ренжисің, бірақ ...»); - басқа нәрсеге назарын аудартқызу, белгілі бір нәрсені істеуді өтіну(«Маған жоғарғы сөреден ыдысты алуға көмектесіп жіберші, сен менен биіксің ғой»); - қылығының  позитивті мәні («Сен шаршағандықтан аушуланып тұрсың»); - Агрессия адам табиғатын тән дүние болғандықтан, қалыпты және қауіпсіз агрессиға сырттай жағаласудың қажеті жоқ. Балалар ашу-ызаларын көбінесе өздеріне назар аударту үшін көрсетеді.   Егер бала/жасөспірімнің көрсеткен агрессиясы шектен тыс шықпаса және әбден түсінікті себептерден туындаса, оған өз ашуын сыртқа шығаруға мүмкіндік беріп, мұқият тыңдап, кейін оның назарын басқа бір нәрсеге аудартқызу қажет. 2. Жеке тұлғалық қасиеттерін сөз етпей, барлық назарды оның жасаған қылығына аудару...
Ата-аналар үшін сауалнама
Ата-аналарға арналған сауалнама: "Сіз қандай ата-анасыз?"  1.     Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба? 2.     Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 3.     Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба? 4.     Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба? 5.     Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? 6.     Балаңыздың орнынаөзіңізді қоя аласыз ба? 7.     Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? 8.     Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба? 9.     Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба? 11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе? 12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба? 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған...