Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ҚЫСҚЫ СЕРУЕН
ҚЫСҚЫ СЕРУЕН Мектепке дейінгі балалардың таза ауада серуенде уі дене шынықтыруын дамытуға зор ықпал етеді. Серуендеу - бала ағзасының шынығуының ең басты және қолайлы әдісі. Шынығудың бұл түрі ағзаның қоршаған ортадағы қолайсыз әсерлеріне төтеп береді, әсіресе тұмау, суық тиюден сақтайды.Серуендеу барысында балалар көп ойнап, қозғалыста болады. Қозғалыс бала ағзасындағы зат алмасу, қанайналым, газалмасу процестерін жақсартады және асқа деген тәбетін ашады.Балалар түрлі қауіп-қатерге төзімді, икемді,шапшаң, батыл бола түседі. Оларда қозғалыс дағдысы қалыптасады, бұлшықет жүйесі жақсарады,өмірлік тонусы жоғарылайды. Серуендеу ақыл-ой тәрбиесіне ықпал етеді.Аулада серуендеу арқылы бала қоршаған ортаның таңғажайыптарын тани бастайды, оның түрлі әсерлеріне куә болады: үлкендер еңбегі, көлік пен көшеде жүру ережелері жайлы, т.б..Табиғатты бақылау нәтижесінде олар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біліп, түрлі табиғат құбылыстары арасындағы байланысты ажыратады.Бақылау бала бойында қызығушылықты арттырады, туындаған сұрақтарға бала өзі жауап іздеуге тырысады.Осының барлығы бала бойындағы бақылағыш қасиетін дамытып, қоршаған орта жайлы ойы мен қиялын оятады.Серуендеу адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.Тәрбиеші балаларды туған өлкесімен, оның ескерткіштерімен,даланы көгалдандыратын, зәулім үйлер тұрғызатын, жол...
ЖАЛПАҚ ТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ
ЖАЛПАҚ ТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ Жалпақ табан— адам табанындағы ойыстыңтүгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанғааяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады. Жалпақ табаналдын алдын алу жаттығулар Бірінші жаттығу: Түзу ұсталған аяқпен отырып, тізе мен өкшені қосады да оң жақ табанды қатты иіп, сол жақ табанның алдыңғы жағын көтереді. Бұдан соң аяқтарды ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Оң жақ аяқ табанының ішкі жиегімен және өкше бетімен сол жақ балтырды сипайды, аяқтарды ауыстырып, қайталайды. Екіншіжаттығу: Орындықтаотырып: • Табан саусақтарын ию. • Табандарды ішке қарату. • Табандарды ішке қарай айналдыру. • Екі табанмен допты...
6-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІС
6-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІС Мектеп жасындағы балалар әр нәрсеге тез әуестенеді және соңы не боларын ойламайды. Бала шалшық суға секіргісі келсе, секіре салады, өйткені оған көңілді,су –су болатынын ойламайды.Бірақ 6-7 жасқа қарай бала жасаған ісінің соңы не боларын ойлана бастайды,бірақ әрқашан сол шалшық суға секіруге деген қызығушылығы алдында өзін –өзі ұстай алмайды. Ал жазалаудан қашу үшін ол анасының қасынан байқатпай өте шығады. Мектеп жасындағы балалардың есі ұзақ емес. Ол өз қуанышын, қайғысын, мәселелерін тез ұмытады. Бірақ оқушы жасында өткен оқиғалар есінде қалады. Ол өзінің және достарының әрекетін еске түсіреді, талқылайды, ойланады, талдайды, салыстырады. Осындай жолмен ол өзіне тұлға ретінде қарауды қалыптастырады. Мысалға, бала бұрын өзін топқа қабылдамайтын балалармен ойнағысы келсе, ал енді олар шақырғанда – ол келіспейді. Неге? Себебі ол өткен өкпелерін еске түсіріп, намысы оянды. Кіші мектеп жасында бала өзіндік «Мен» қасиетін көрсете бастайды, балада өзіне тұлға ретінде қарауға және айналасындағыларға назар аудару қалыптаса бастайды. Ол жағдайды талдай бастайды. 7 жаста балалар есейеді, үлкендерге еліктей бастайды. Балаларда ойынға деген қызығушылық бәсендейді, олар ойыннан тыс шынайылықтың зерттеушілері болғысы, өмірді ішінен емес сыртынан танығысы келеді. Дәл осы сәттте балаға ақыл...
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ Музыкалық тәрбиенің балабақшадағы маңызын бағалау қиынға түседі. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі бөлшегі болып табылады.Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді. Ол писхологиялық қолайлы жағдайдың маңызды элементі болып табылады.Оған қоса, музыка сабағы балаларың шығармашылық қабілетін, артистік өнері мен қиялын дамытуға ықпал етеді. Осыған қарамастан, көбі музыкалық тәрбиенің бала интеллектісіне әсерін бағаламайды. Музыкалық эелементерді жиынтықта (әуен, ырғақ, сүймелдеу және т.б) тыңдау, тани және әуенге қоса білу біліктілігі – өте қиын интеллектуалдық тапсырма. Музыкалық тәрбие бойынша сабақтар балабақшада ең кіші топтардан бастап дайындық тобына дейін жүргізіледі.Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің негізгі жолы музыкаға қол жеткізудің балаларға арналған тиімді формасы ретінде ән айту арқылы жатыр. Әндер жиынтығын дұрыс таңдау музыкалық жетекшінің басты міндеттері болып табылады. Сондай –ақ балабақшадағы музыкалық тәрбие қимылдар арқылы сәтті іске асырылады. Ырғақ элементері икемділікті ғана жоғарлатпай, материалды жақсы игеруге мүмкіндік береді. Адам өмірінде үнемі музыканың қатысуы өте маңызды екенін психологтар дәлелдеген. Музыка ырғағымен оңай жұмыс істелінеді, ойлану оңай,ол белгілі бір нәрсеге бағытталуға көмектеседі, ол адаммен...
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МЕҢГЕРТУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МЕҢГЕРТУ Уақыт тез өте шығады. Біздің бүгінгі сәбилер –ертеңгі ел иесі. Сондықтан да кішкентай Қазақстан Республикасының азаматтарын бүгіннен тәрбиелу қажет.Барлық қоғамда азаматтылықпен патриоттық сезімді тәрбиелеудегі негізгі фактор болып өз елінің тіліне деген терең құрметі болып табылады. Тілді бала қалай ерте меңгере бастаса, соншалықты тез игереді.Бүгінгі күнде ешкімге мемлекеттік тілді білу керектігі жөнінде үгіттеудің қажеті жоқ. Қоғамның жағашыл даму кезеңінде мемлекеттік тілді үйрету мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселесі болып табылады. Балабқшада екі тілділікті оқыту, баланың тілдік қатынас құралы ретінде қазақ тілін және орыс тілін тәжірибе түрінде білуі болып табылады. Тілді меңгеру – оңай іс емес, бірақ та бірнеше тілді меңгерген адам, бір тілді меңгерген адамға қарағанда рухани бай болып келеді. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін меңгерудің басты міндеттері: ойын арқылы өзіне айтылған сөздерді түсіну, қоршағандармен тілдік қатынасқа түсу, қарапайым тілдік құралдар арқылы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісу; қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тіліне оқытуда ойынның алатын рөлі ерекше. Негізінде, ойнау және ойын арқылы қоршаған ортаны тану – осы жастағы балаларға қалыпты жағдай. Осы жаста балаларда...
БАЛА ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР
БАЛА ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР Бала біржарым жасқа келгеннен бастап оған ақпарат беруге болады. Бала әлі кішкентай сол себепті ол қарапайым ойындарды да орындай алмайды. Оған пернетақтаны басу арқылы әкранда ауысатын суреттер бар ойынды қосуға болады. Сіздер бұның бәрі не үшін деп ойлайсыздар. Бірақ бұл баланың қол маторикасын дамытады. Бұл ойыншықты алып жай лақтырып сыныпқалғанын көру емес, пернені басып экрандағы суреттің ауысуын бақылайды. Осы жаста баламен бірге компьютерден сурттер көруге болады. Осы суреттердің көмегімен бала қоршаған ортаның элементтерімен танысады. Иә сіздер балаға компьютер зиянды дейсіздер, бірақ осы жастағы балалар теледидар алдынан шықпадығой. Компьютер алдында да, теледидар алдында да балаға ұзақ уақыт отыруға болмайды. Үш жасқа келген балалармен компьютерлік ойындарды таныстыруға болады. Ойындарды жасап шығаратындар балаларға ойлау қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін арттыратын ойындар жасайды. Ойын барысында бала әдеттегі жағдайларды жаңа кейіпте көреді, ойланады, өзі алға басып орындайды. Бала компьютердегі суреттер мен гейіпкерлердің жалған екенін түсінеді. Жасы ұлғайған сайын баланың ойындары да күрделене түседі. Суреттердің орнына кестелер, схемалар, сөздер шығады. Ойын барысында бала логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Ойын барысында балалар өз кейіпкерлерінің аттарын жаттайды, сызба бойынша...
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ-БАЛАБАҚШАДА
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ-БАЛАБАҚШАДА   Үйелмен-бала үшін алтын бесік.Халық педагогикасы бойынша бала тәрбиесі мен оның барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен от басында жүзеге асады.Сондықтан балалардың болашағы үйелмендегі өзара қарым-қатынасқа,ата-аналарының тіршілігі мен еңбек етуіне тікелей байланысты болады.себебі бала өзінің өн бойына үйелмендегі естіп-көрген жақсы мен жаманның бәрін сіңіріп отырады,ата-аналардың жағымды, жағымсыз қылықтарына еліктейді. Халық-педагогикасы деген не?Ол-даналыққа толы мақал-мәтелдер.Ол-түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі балдырғанның балдай тіліне оралған тәтті тақпағы,думаны мол ойын баласының өлеңдері.Халқымыз бала психологиясының қалытасуына ойын әрекеті де елеулі роль атқаратындығын жақсы аңғарған. Ойында бөбектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қаблеті өсіп, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын-балалық шақтың басты ерекшелігі.Мысалы «Баланың істегені білінбес», «Баламен ойнама шаршарсың», «Қыз-қуыршақ,ұл-құлыншақ», «Ойнай білмеген ,ойлай да білмейді» деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар келетіндігі,ұл мен қыздың ойыны да түрліше болатындығы,ойын арқылы...
БАЛАНЫҢ АҚЫЛ – ОЙ ДАМУЫНДАҒЫ ОЙЫННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ.
БАЛАНЫҢ АҚЫЛ – ОЙ ДАМУЫНДАҒЫ ОЙЫННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ.   “Ойынсыз толық ой-өрісінің дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын – бұл өте үлкен жарық тезе, сол арқылы балаланың рухани дүниесіне түсініктердің енуі. Ойынсыз толық ақыл –ой дамуының болуы мүмкін емес. Ойын –бұл үлкен жарық терезе, сол арқылы баланың мәдени әлеміне ұғымдар мен түсініктер легі енеді. Ойын – еңбексүйгіштік пен ынталылықты жағатын сәуле. ” В.А. Сухомлинский. Мектепке дейінгі жаста кішкентай баланың өмірінде ойын маңызды орын алады. Балаларда ойын қажеттілігі мектептегі бірінші жылдары да сақталады және маңызды орын алады. Ойында шынайы өмір көріністері, уақытпен, аумақтан көрсетілмейді. Балалар – бүгінгі мен келешекті құрушылар. Ойынның кереметтілігі осында. Әр қоғам дамуының кезеңіне балалар халықпен бірге өмір сүреді. Бірақ та қоршаған орта балаға басқаша көрінеді, үлкендерге қарағанда. Бала – «Жаңашыл», ол үшін бәрі жаңалыққа толы. Ойында балаға үлкендерге бұрыннан таныс жайларды жаңалық ретінде көрсетеді. Балалар ойында ойнаудан басқа өзгеше ойларды ойламайды. “Ойын, бұл өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеттілігі.О йында баланың физикалық күші дамиды, қолы қатаяды, көзі өткір, жинақылық, тапқырлық, қасиеттері дамиды»-, деп танымал кеңес педагогі Н.К.Крупская жазған. Ол сонымен қатар ойын кезінде әсерлермен, көріністердің кеңею, балалардың өмірге...
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ БАЛАНЫҢ ТІЛ ДАМУЫ»
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ БАЛАНЫҢ ТІЛ ДАМУЫ» Баланы туғаннан бастап көптеген дыбыстар қоршайды: ересектердің сөйлеуі, жапырақтардың қозғалуы, құстардың үні, сылдырмақтың дыбысы, радио, теледидар және т.б. Бірақ бала әзірше оларды тек қана тыңдайды. Жеке сөздерді айтып және оларды түсінудің алдында, бала тек айтылу интонациясына назар аударады. Кішкентай баланың тілі оны қоршап жатқан ересектердің әңгімесінен қалыптасады. Әңгімелесу барысында баланың танымдық және заттық әрекеті байқалады. Баланың тілі неғұрлым бай және дұрыс болса, соғұрлым оған өз ойын айту оңай болады: оның танымдық дамуы арта түседі, ересектер мен балалармен оның қарым-қатынасы мазмұнды және анық болады, баланың психикалық дамуы тезірек қалыптасады. Баланың тілі дамуы үшін санамақтар, жаңылтпаштар, ребустар, жұмбақтар өлең-тақпақтарды пайдалану керек. Баланың тілін театралды ойындарды қатыстырып дамытуға да болады. Балалар оларды өте жақсы көреді. Олар ойынға бірден кірісіп кетеді: қуыршақтардың сұрақтарына жауап береді, олардың тапсырмаларын орындайды, кеңестер береді, кез келген образға еніп кетеді.  
ЕКПЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
ЕКПЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Әдетте, жаңа туған баланың иммунитетінде кейбі раурулар болады. Бұл ананың плаценті арқылы жаңа туған балаға жуғады және ауруға қарсы тұратын антидененің әсері болып табылады. Сөйтіп, емшектегі сәби, сүт арқылы қосымша антиденелерді алып тұрады. Бірақ мұндай иммунитет түрі уақытша ғана әсер беріп отырады. Вакцинация (екпе, иммунизация) – кейбір аураларға қарсы жасанды иммунитет құру. Ауруларды қоздыру үшін зиянсыз (ақуыз молекулалар) антигендер қолданылады және олар микроағзалардың бір бөлшегі болып табылады. Микроағзалар- қызылша немесе бактериялар түріндегі вирустар болуы мүмкін. Вакцинация- екпелер қолжетімсіз болған кезде, балаларды күрделі және жұқпалы аурулардан сақтау кепілі болып табылады. Баспасөз беттерінде, вакцинациядан кейінгі, жалқы асқыну оқиғаларды әлемге паш етіп, негізсіз сынаумен айналысты. Әрине, даусыз, әрбір препараттың кері әсері де болады, оның ішінде вакциналар да бар. Дегенмен де вакцинаның кері әсері, жұқпалы аурулардың кері әсеріне қарағанда, әлдеқайда зор екенін айтуымыз керек. ҚР екпелер күнтізбесі Қарсы көрсетімдер абсолюттік (үнемі) және салыстырмалы (уақытша) болады. Абсолюттік қарсы көрсетімдер Өмірге асақауіп-қатер төніп тұрса, вакцина егуіне абсолюттік қарсы көрсетімдер қойылған. Абсолюттік қарсы көрсетімдеріне- температураның С-ғы 40 градустан асып тұрғанда және...
ҚЫЗЫЛШАДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?
ҚЫЗЫЛШАДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ? Қызылша мен қызамық– біріне бірі өте ұқсас жұқпалар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы. Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік маыйн зақымдайды. Қызылша қалай өтеді?Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады (дене қызуының көтерілуі. Жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның ылғалдануы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызық бірігетін бөртпелер пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, сонан соң барлық денеге тарайды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанда дейін 4 күн, пайда болғаннаң кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады. Қызылшаның қауіпті неде?Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар - ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхоның, ми қабықтарының қабынуы. Кез келген асқанудан ауру өліп кетуі мүмкін. Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны да кез келген вирусты жұқпа секілді емдеу қиынға соғады. Қызылшаның арна йы емдеу препараты жоқ. Антибиотиктерді тек оның асқаруларын емдеуге пайдаланады. Науқасқа витаминдерге бай тағамдар (көкөністер, жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет. Қызылшадан қалай сақтану керек.Қызылшадан...
АТА - АНАЛАРҒА ТҰМАУ ЖӨНІНДЕ
АТА - АНАЛАРҒА ТҰМАУ ЖӨНІНДЕ Өткiр респиратор - вирустық инфекциялары (ОРВИ) кең таралған инфекция болып табылады. Олар жылдар бойы эпидемиялық жарқ етулер шақырады да, барлық жерде және кез келген уақытта кездеседi, әсiресе суық мезгілде. Өткiр респиратор - вирустық инфекциялары (ОРВИ) атынан тұмауды, парагрипп, аденовирустық, риновирустық, жұқпалы инфекцияларды біріктіреді. Олар организмның қарсы тұруын төмендетедi, өкпе қабынуларымен асқынады, қабынудың созылмалы ошақтарын iске қосады. Ауру адамның тыныс жолдарда тұрған бүкіл вирустар жөтелу, түшкiру, әңгiме барысында қоршаған ортаға таралады, содан сау адамның тыныс жолдарына түсіп, ауру шақыра көбие береді. Тұмау – төтенше жұқпалы. Күштi интоксикациямен және жоғарғы тыныс жолдарын шел басуымен бейнеленедi. А, В, С топтарының вирустары қоздырушы болып табылады. Ауру орман отындай тез таралады, ең алдымен үлкен адамдар ауырады, содан балалар ауыра бастайды.Iндеттер тек қана қыстыгүнi болады (қоршаған ортадағы төмен температурасының және адамдардың тығыздығының жанында). Тымауға ұққыштық барлығына ортақ және өте биiк. Ауру 39-40ºС температураның тез көтерілуінен басталады, бас айналып, жалпы әлсіздік сезініп, бұлшық ет және буын аурулары, кейінгі күндері жөтел, мұрынның бітелуі, тамақ аурулары басталады. Ауыр жағдайларда мұрыннан қан кетіп, құрысу, қысқа мерзiмдi есеңгiреу...
ІПВ –ІШЕТІН ПОЛИОМИЕЛИТ ВАКЦИНАСЫ
ІПВ –ІШЕТІН ПОЛИОМИЕЛИТ ВАКЦИНАСЫ Вакцина- сұйық, қызғылт түсті, дәмі ащы- тұзды тамшы. Ол баланы алғашқы кезде иммундеуге және жоғарғы жаста қайта егуде кеңінен қолданылады. Оның ерекшеліктері- вакцина жасаған кезде «ұжымдық», күрілдеуікті иммунитет пайда болады, яғни вакцинадағы вирус сәби ағзасында көбейеді, сыртқы ортаға бөлінеді және басқа сәбилерде «вакцинациялау» мен «қайта егуді» болдырады. Бұл полиомиелитетке қарсы тұратындай иммунитетті балалар санын көбейтеді. Екпе әсер етуі – тамызу орнынан ішекке барады, вакцина вирусы онда көбейеді, ұзақ уақыт сақталады және аурудан кейінгі болған сияқты ( жабайы вирусқа қарағанда вакцина вирусы сәбиге кері әсер етпейді) иммунитетті қалыптастырады. Ағза ерекше заттарды бөледі (антиденелер) , олар жабайы вирустардың енуіне, дамуына бөгет жасап, қорғаныш қызметін атқарады. Полиомиелит жағдайы ұшқындаған мемлекеттерде балаларға жаңа туылған кезінен вакцина егіледі. ІПВ тағы да бір жағымды қасиеті бар – ол ағзада интерферон синтезін жасауға себепші (вирусқа қарсы зат) . Сондықтан бұл екпе жанама түрде басқа инфекциялы виустардан және тұмаудан қорғайды. Вакцина ауыз арқылы ағзаға енгізіледі, кеудедедгі нәрестелерге тіл түбіне салу арқылы енгізіледі, өйткені ол жерде лимфоид (иммундік) тері орналасқан. Ал балаларға таңдайға тамызылады және осы жерде иммунитет қалыптасуы басталады....
ПОЛИОМИЕЛИТ
ПОЛИОМИЕЛИТ ПОЛИОМИЕЛИТ немесе балалардың сал ауруы — балалар мен жас өспірімдердің орталық жүйке жүйесіне, бірінші кезекте жұлынға əсер ететін, кейде сал ауруына əкеліп соқтыратын өткір, жұқпалы ауру. Ауру туындаған кезде жұлын қабаттарындағы қозғалмалы жүйке клеткалары бұзылады. Ауру сүзгіленген вирус арқылы пайда болады. Эпидемиология. Қазіргі таңға дейін вирустың адамнан адамға қандай себептермен жұғатындығы туралы мәлімет белгісіз, әлі анықталған жоқ. Бұдан бұрын ауру ауа тамшылары арқылы жұғады деп есептеліп келген болатын, бірақ 1938 жылы нәжістер мен тұрғын сулардан да табылғандығына байланысты вирус ағзаға ауыз арқылы да түседі деген тeория шындыққа айналып отыр. Сүтті пайдаланғаннан кейін де эпидемия туындаған деген мәлімет болған, бірақ жұқпалардың әдетте су арқылы жұғатындығына қарамастан полиомиелит ауруы туындаған кезде су ағысы арқылы эпидемияның таралмайтындығы мә-лім болды. Ауру тасымалдаушы жәндіктерден қазір тек қана үй шыбындары ғана күдік туғызады. Жұқпалардың негізгі таралу түрі аурумен тікелей және жанама қатынас (қол, беторамал, киім, төсек-орын) арқылы. Ауру жер шарының барлық бөлігінде кездессе де, ауырғандардың жас ерекшеліктері мен мезгілі әр түрлі. Тропиктерде жылдың барлық мезгілінде, субтропиктерде жаз айының басында, солтүстік кеңістіктерде жаз айының екінші жартысында пайда болады. Ереже...
ТҰМАУ
ТҰМАУ Тұмау, грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Таралуы Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. Тұмау вирусы өте тез...
БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕМЕУ КЕРЕК
БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕМЕУ КЕРЕК Баланың ауырғаны ата-аналарға қатты тиеді. Моралдық қайғы-қасіреттер физикалыққа қарағанда қиындықпен өтеді. Әрдайым сырқаттанған балақайды еркелетіп, оның сұраныстарын орындағын келеді. Алайда, алтын ортаны сақтау қажет, бұл жағдайда сізге доктор Владимир Левидің кеңестерге көмектеседі: Баланың әрбір ауруында біреудің не болмаса өзіңіздің кінәңізді іздемеңіз.Кез келген тауқыметке кіңә жоқ. Әлемде мұндай себептер саны тұңғиық, әлемде түрлі жағдайлар бар. Дұрыс салауатты өмір салтын құруда және керемет тұқымқуалаушылық өзінде де кейбір аурулардан құтылу мүлдем шарасыз. Ғылым барлығын біле бермейді, медицинаның қолынан барлығы келе бермейді. Батыл болайық және мүмкіндікке қарай сабырлық сақтайық. Егер балаңыз көтерілген ыстығына қарамастан сергек және белсенді болса күшпен ұйықтатпаңыз. Ойнау мен асыр салу мүмкіндігінен, әсіресе ауруы жұқпалы болмаған жағдайда құрбыларымен араласудан айырмаңыз. Бұл – зиянды алдын-ала қорғау болып табылады. Жылы орамаңыз– бала сырқаттанып жатса да, дені сау болса да еш уақытта жылы орап және бөлмені жылытпаңыз, бұл да зиянды алдын-ала қорғау болып табылады. Күшпен тамақтандырмаңыз. Дәрі-дәрмектерді көп бермеңіз.Дәріні тек қана дәрігердің ұсынысы бойынша беріңіз. «Кез келген жағдайға» деп дәрі беру, бұл зиянды алдын-ала қорғау болып табылады. Бала үшін дәрігерді...
ТЕРЕШКИНА АЛИНА ГЕНРИХОВНА
ТЕРЕШКИНА АЛИНА ГЕНРИХОВНА В честь празднования Дня учителя за плодотворный труд методист нашего детского сада Терешкина Алина Генриховна принимает поздравления от отдела образования города Павлодара.
"Жыл тәрбиешісі - 2015"
Қала әкімінің құттықтауы Қала әкімінің құттықтауын "Жыл тәрбиешісі - 2015" профессионалды сайыс жеңімпазы Туртулова Ж.Е. қабылдауда.
Кеңес беру пункті
Ата – аналарға (заңды өкілге) арналған ақпарат Мектепке дейінгі ұйымға қатыспайтын балалар үшін ата – аналарға (заңды өкілге) және балаларға арналған ақыл – кеңес беру пункті Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психолого-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың тұлғасын жан-жақты дамуын қолдау мақсатында №29 с/б аясында кеңес беру пункті жұмыс жасайды. Ата-аналар келесі мамандардың кеңесін ала алады: басшының; әдіскерлердің; медбикенің; психологтың; логопедтің; информатика мұғалімінің; ағылшын тілі мұғалімінің; қазақ тілі мұғалімінің; ән-күй жетекшісінің; дене шынықтыру нұсқаушысының; тәрбиешілердің. Бізге келіңіздер! Сіздерге көмек көрсетуге өте қуанышты боламыз! Ата – аналар (заңды өкіл) ақыл – кеңес беру пунктінің жеке ойын сеанстарына, балалардың ойындарына қатысып, педагогтерге сұрақтар бере алады. Ақыл – кеңес беру пунктінің педагогтері ата – аналар үшін арнайы білім жүйесін кеңейту және білім сауаттылығы бойынша жеке және топпен жұмыс жүргізеді. Әр айдың 4 аптасы, Дүйсенбі, Сәрсенбі күндері сағат 14.00- ден 18.30- га дейін кеңес өткізіледі.
Ең үздік тәрбиеші – 2015
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ІІ – Республикалық “Ең үздік тәрбиеші – 2015″ сайысының жеңімпазы Алина Генриховна Терешкинаны құттықтаймыз!!!