Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі,...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран...
Заңдар жинағы
Білім беру мекемелерінің жұмысын қадағалайтын заңдар тізімі: 1.Ар Кодексі 2.ҚР Конституциясы 3.Лицензиялау туралы 4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің АР Кодексі 5.Педагого кадрлардың біліктілік арттыру ды ұйымдастырудың жоспары 6.Қазақстан Республикасының №407-IV заңы 2001 жыл18 ақпан 7.Қазақстан Республикасының №319-ІІІ заңы 2007 жыл 27 шілде 8.Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы 9.Жасөспірімдер үйі және жанұялық типтегі аулдар туралы 10.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты 11.Медико-педагогикалық мүмкіндіктері шектеулі балаларды қорғау
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан...
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы
Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайы
Бірінші Президент кабинеті
Бірінші президент кабинеті 1991 жылғы 1 желтоқсан күні біздің еліміздің президентінің бірінші сайлауы өтті. Бұл оқиғаның тарихи маңызы бар. Бірінші рет қазақстандық халық елбасын таңдады. Елдің бірінші президентінің кабинеті қазіргі кезгі талаптарға сай болу керек. Кабинет тарих немесе құқық кабинетінде құрылу керек деген болжау жасалды, сондықтан Президент жолдауларын, біздің еліміздің іс-әрекетінің негізгі бағыттарын, бейбітшіл сыртқы саясатты насихаттау бойынша оқу орнының жұмысының орталығы болу керек. Кабинет Отанның патриотын, елдің азаматын тәрбиелеуге, оқушының тұлғасын қалыптастыруға көмектесу керек. Бірінші Президент кабинетінің басты қызметі: Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуында Президенттің қосқан үлесін, елдің дамуындағы оның ролін насихаттауды қамтамасыз ету. Бірінші Президент кабинетін дамыту концепциясының мақсаттары және міндеттері Мақсат: - Президент іс-әрекетімен, біздің еліміздің негізгі жетістіктерімен оқушылардың жүйелі түрде және толық танысуы үшін жағдайлар жасау. Міндеттер: 1. кабинетті қазіргі кезгі талаптарға сай жабдықтау; 2. кабинеттің ғылыми-әдістемелік, дидактикалық және материалдық-техникалық базасын жетілдіру; 3. түлектерде елдің саяси өміріне қызығушылықты қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; 4. кабинетте кәсіптік бағдарлау жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;...
Қазақстан Республика тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған...
Біздің біліміміз –тәуелсіздік Біздің мақсат – бейбітшілік және береке Бұл әлемде тек бір ғана Отан бар Бұл – Қазақстан (Н.Ә. Назарбаев)   Қазіргі кезгі Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады.Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен 25 жыл ғана өтті. Тарихи мерзімі сәл ғана, ал адамға, оның өмірбаянына – аса үлкен. Осы жылдар ішінде Қазақстан қандай болды, айналада не өзгерді? Біріншіден елдің келбеті өзгерді. Әлемнің саяси картасында жеке белгіленбеген және қалған «қызыл кеңес территориялармен» бірлескен Кеңес одағының«бауырластық республикасынан» Қазақстан дербес мемлекет болып шықты. Өз елтаңбасы, туы, әнұраны – мемлекеттік белгілерді жасау да, сыртқы түрімен және сапасымен әлемдегі ең үздік үлгілермен бәсекелесе алатын ұлттық валютаны енгізу де сол кезеңде қажет болды.   Ал жас республикадан шығатын жаңашыл бастамалар Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі қылды. Осы бастамалардың нәтижелерін ел азаматтары осы күнге дейін көріп тұр. Ядролық қарудан бас тартудың өзі қайда тұр – тарихта бұл болмаған іс! Қазіргі кезгі қазақстандық тарих көп емес жыл есептесе де елдің тарихы туралы ойлар - әрі қарай дамудың қажетті және маңызды факторы. «Өткен тарихымызды...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ   Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал...
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуір №179 бұйрығына 1-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - қолхат...
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «8» сәуірдегі №179 бұйрығына 3 – қосымша «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1.Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. 2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15...
Балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы« » № қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттікқызмет стандарты 1. Жалпы ережелер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 3) «Баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру­дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресмисайтында орналастырылады. 5. Мемлекеттік...
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «13» сәуір №198 бұйрығына 3 – қосымша   «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты   Жалпы ережелер   «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызына ие аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: көрсететін қызметті берушінің кеңсесі; «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі   Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – бес жұмыс күні; көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін...
Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «13» сәуірдегі №198 бұйрығына 14 – қосымша «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты   Жалпы ережелер «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандар мен қалалардың білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.     Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жолдама беру бойынша – он бес жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут; 3) көрсетілетін...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут; құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды; көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау....
Регламенттер
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері -2014 Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері -2014 (1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау. мемлекеттік қызмет регламенті Аз қамтылған отбасы балаларының.... тегін тамақтану үшін құжат қабылдау Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру Бастауыш, негізгі орта білім берудің.....Аз қамтылған отбасы балаларының....жүктеуБілім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері -2014 (1)жүктеуБілім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері -2014жүктеуМектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау. мемлекеттік қызмет регламентіжүктеутегін тамақтану үшін құжат қабылдаужүктеуДенсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойыжүктеуБілім туралықұжаттардың телнұсқаларын беружүктеуБастауыш, негізгі орта білім берудің.....жүктеу
Ауызекі қазақ тілі жеңіл. Сәлеметсіз бе?!
- Сәлемет-сіз бе?! (Вы здоровы?) - Сәлемет-сіз бе?! (А Вы здоровы?) - Хал-ыңыз қалай? (Как ваши дела?) - Жақсы. Өз-іңіз қалай-сыз? (Хорошо. А Ваши как?) - Рақмет, жаман емес. (Спасибо, неплохо.) - Сәлем! (Привет!) - Сәлем! (Привет!) - Хал-ың қалай? (Как твои дела ?) - Жақсы. Өз-ің қалай-сың? (Хорошо. А твои как?) - Бәрі де ой-да-ғы-дай! (Все как задуманно!) - Ден-сау-лығ-ың қалай? (Как твое здоровье ?) - Рақмет, дені-м сау. (Спасибо, я здоров.) - Аман-сыз ба?! (Вы здоровы?) - Рақмет, мал-ым түгел, бас-ым аман. (Спасибо, мой скот цел, сам здоров.) - Бала-лар-ыңыз қалай? (Как ваши дети ?) - Бала-лар-ым өс-іп жатыр. (Мои дети растут.) - Жұмыс-ыңыз қалай? (Как ваша работа ?) - Рақмет, тамаша! (Спасибо, замечательно!) Варианты приветствия: Утром – Қайырлы таң! (Доброе утро!) Днем – Қайырлы күн! (Добрый день!) Вечером – Қайырлы кеш! (Добрый вечер!) Ночью – Қайырлы түн! (Доброй ночи!) В любое время суток – Сәлеметсіз бе!? (Вы здоровы?) – Сәлем! (Привет!) – Амансыз ба?! (Вы здоровы?) – Амансың ба?! (Ты здоров?) Вечером также используется приветствие – Кеш жарық! (Добрый вечер !)